Сценарий «Қош келдің, Жаңа жыл!»



бет3/3
Дата10.11.2023
өлшемі35,82 Kb.
#190786
түріСценарий
1   2   3
Байланысты:
сценарий

Жүргізуші: Қош келдіңіздер, баршаңызда, алыс жолдан келдіңіздер.
Әсем әні де, биі де бар
Отыр ата, сәл дем ал.
Ойын: Командалық ойын «Топқа жинал» жүргізушінің командасымен қатысушылар топтарға жиналады 5 адамнан деген сияқты. Кім топсыз қалса немесе адам саны жетпесе ойыннан шығарылады.

Ақшақардың сұрақтары:

Мен білемін бір ойын: Үйретейін сендерге
Мен бастаймын,
ал, сендер аяқтаңдар ойынды.
Хормен жауап айтыңдар!
Қарға мүлгіп дала тұр,
Келе жатыр....
Балалар: Жаңа жыл!

Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты
Білсең атын тез ата,
Келеді бізге....
Балалар: Аязата!

Ақшақар: Шырша бүгін кәделі!
Сендер әрі......
Балалар: Әдемі!

Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ,
Ойын - күлкі таралсын
Құтты болсын.....
Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)

Жүргізуші: Оқушылардың дайындаған кезекті номерлеріне назар аударайық!
Би «Павлин»
Жүргізуші:
Айта берсек таусылмас
Жаңа жылда жаңа жыр
Кел оданда, халайық
Ойын ойнайық жаңа бір.

Ойын: «Байпақ»
Шарты: 2 ойыншы екі сыңарды бөліп алады. Біреуі оң, біреуі сол аяғынікін киеді де, әуенмен билеп, шыршаны айналып, ортаға бірінші жету қажет.
(алдымен ата - аналар, содан соң балалар)

Би: Флэшмоб «Ақшақарлар»

- Аяз ата Ақшақар сіздер біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?


Аяз ата: Ой - буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, қазір....
(барлығыңа сыйлық үлестіріледі)

Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!

Бәрі.
Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты


Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет