58
«1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ»
5+ жас аралығындағы тәрбиеленушілерге арналған сценарий
• МАҚСАТЫ
- Балаларға білім алудың маңызы, оқып-үйренудің пайдасы жайында мағлұмат беру.
- Өлең арқылы мәнерлеп оқу дағдысын, жұмбақ шешу арқылы ойын ұшқырлау, елестету, қиял-
дауын дамыту.
- Ұқыпты болуға үйрету, балабақшасын қадірлеуге тәрбиелеу.
ҚАТЫСУШЫЛАР:
•ӨТЕТІН КҮНІ:
•УАҚЫТЫ:
•КЕЙІПКЕРЛЕР:
жүргізуші, балалар, Жалқаубек, Ақылды қыз
•
ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:
арнайы тақта, үлестірмелі суреттер (ертегі кейіпкерлері),
аудиотаспа, доп, интербелсенді тақта.
•
БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН КИІМДЕР:
жүргізушінің сахналық киімі, ұл балалар ақ жейде,
көк түсті не қара түсті галстук, қыз балалар ақ кофта, көк түсті белдемше немесе мектеп формасы мен
фартук, бантик, Жалқаубекке арналған образдық киім, Ақылды қызға арналған мұнтаздай, тап-тұй-
нақтай оқушы формасы
•
БЕЗЕНДІРУГЕ АРНАЛҒАН ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:
білім күніне орай сынып іші секілді
безендірілген сахна, парталар, орындықтар, жасыл түсті тақта, қоңырау макеті.
ҰЗАҚТЫҒЫ:
30 минут
БАСЫ (10 МИНУТ):
Қатысушылар:
жүргізуші, өлең оқитын бүлдіршіндер, Жалқаубек
Барысы:
Көңілді әуен қосылады. Тәрбиеленушілер қатармен ортаға қол бұлғап шығады, жарты-
лай шеңбер құрып тұрады. Фанфар дыбысымен ортаға жүргізуші шығады.
Жүргізуші:
Армысыз, ата-аналар, білім алған!
Армысың, балақайлар, білім қуған!
Үлкенге де, кішіге де қажет білім
Барша халық атап өтер білім күнін.
Құрметті тәрбиешілер! Қымбатты балалар, ата-аналар, сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, ай-
тулы мереке – Білім күнімен құттықтаймыз! Оқу жылының бастауы болар осы күн балақайларға жақсы
көңіл-күй сыйлап, жаңа білім алуға, көп нәрсені үйренуге ынтасын оятады деп сенеміз.
Достарыңызбен бөлісу: