Сценарийінің жиынтығЫ 2 Әож 373 кбж 74. 102 М 41 mangilik el jastary қоғамдық қоры М41



Pdf көрінісі
бет95/99
Дата12.12.2023
өлшемі3,36 Mb.
#196695
түріСценарий
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   99
Байланысты:
Китапша

1-бүлдіршін: 
Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз.
Балапандай өсіріп,
Мәпеледі бақшамыз.
2-бүлдіршін: 
Бұл - екінші үйіміз,
Бір туғанбыз бәріміз,
Біз - осы үйдің гүліміз,
Біз - осы үйдің нұрымыз.
3-бүлдіршін: 
Тәрбиеші мен күтуші
Анамыздай біздерге.
Тек жақсылық тілейміз,
Рақмет айтып сіздерге.
4- бүлдіршін: 
Қош, балалар, сәт сапар!
Үлгілі бәрің болыңдар.
Жақсы оқып әрқашан,
Тек «5» - тікті алыңдар.
5-бүлдіршін: 
Оқимыз білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз.
Бақшаменен қоштасып,
Біз мектепке барамыз.
6-бүлдіршін: 
Көңілді өскен баламыз,
Шырқатып әнге саламыз,
Тойымызға сән берер,
Би де билей аламыз.
7-бүлдіршін: 
Үлкен сенім жүктеп алып,
Мектепке кетіп барамыз.
Тәрбиешім, өзіңмен,
Қоштасу әнін саламыз.
8-бүлдіршін: 
Балабақшам-бесігім,
Тағы бір той жасайық.
Ашты мектеп есігін,
Өзіңмен қоштасайық.
9-бүлдіршін: 
Үлкендердей тап-таза,
Бормен жазар тақтаға.
Үлгілі бала боламын,
Жүретіндей мақтана.
10-бүлдіршін:
Қуанышымыз біздің мол,
Мектепке біз тарттық жол.
Ұмытпаймыз өзіңді,
Балабақшам, қош сау бол.
//ТАҚПАҚ АЙТҚАН БАЛАЛАР ОРЫНДАРЫНА ТҰРАДЫ//МУЗЫКА ҚОСЫЛАДЫ (HTTPS://
WWW.YOUTUBE.COM/WATCH?V=VHYOEQTB2GC)// БАЛАЛАР ХОРМЕН 
«ҚОШ БОЛ, БАЛАБАҚШАМ» ӘНІН ОРЫНДАЙДЫ//
1-жүргізуші: 
Балабақшаға сәби болып келген балақайларымыз осында алғашқы достарымен та-
нысты, қоршаған орта туралы алғашқы білімдерін қалыптастырып, көптеген дағдыларды үйренді. 
2-жүргізуші: 
Балабақша қабырғасында дүниенің қыр-сырын біліп, жаңалықты, қоршаған ор-
таның таңғажайыптарын үйренген біздің бүлдіршіндеріміз ең тәрбиелі, ең ақылды екендігіне еш 
күмәніміз жоқ. 


76
1-жүргізуші: 
Балабақшамен қоштасқалы отырған түлектеріміз өлең оқып, ән салып, өздерінің 
тек білімді емес, сондай-ақ өнерлі екендерін көрсетіп жатыр. 
2- жүргізуші:
Қуаныштан шаттанып
Той тойлайық алақай.
Көңілденіп шаттанып,
Би билейік балақай! 
Балаларымыздың орындауында тамаша биді тарту етеміз. Қабыл алыңыздар.
//МЕКТЕП АЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОБЫ ҚЫЗДАРЫНЫҢ ОРЫНДАУЫНДА «ҚАЗАҚША БИ» 
(HTTPS://WWW.YOUTUBE.COM/WATCH?V=CDBFKG4WKL8)//
1-жүргізуші:
Адам баласының есінде ерекше сақталып, үлкен өмірге дайындайтын алғашқы білім 
мекені – балабақша. Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп балабақша табалдырығын 
қуана аттаған ұл-қыздарымыз ойлары толып, бойлары өсіп, балабақшамен қоштасқалы отыр.
Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым,
Орындалсын арман тілек талаптарың.
Ақ парақтай келдіңдер сәби болып,
Ұғындым, әрбіріңді парақтадым.
2-жүргізуші:
Қуан, балабақша, ұл-қыздарымыз оларға берген бақытты және мейірімді сәттерді 
әрқашан есте сақтайды. Бүлдіршіндеріміз өсіп, күшейіп, енді мектепке дайын болды. Ал, бізге келер 
жылы қамқорлық пен махаббатымызды сыйлайтын тағы сәбилер келеді. 
Өткіздік талай күнді, талай айды,
Уақыт сырғып артқа қарамайды.
4 жыл бойы сендермен бірге болдым,
Өткіздік талай қызық, талай жайды.
Ірге тасын қаладым, білім бердім,
Саналы ұл-қыздарым бүгін менің.
Ортада тұрған осы түлектердің,
Көрейік тамашалап өнерлерін.
1-бүлдіршін: 
Ана тілін ардақтап,
Ата салтын біз көрдік.
Сурет салып,ән жаттап
Оқып жазып үйрендік.
2-бүлдіршін: 
Сүйген өз қыз,өз ұлын,
Бөбегім деп аянбай.
Балабақшам өз үйім,
Апай болды анамдай.
3-бүлдіршін:
Ойыншықты жинаймыз,
Бөбектерге сыйлаймыз.
Оқу білім үйреткен,
Өзіңізді қимаймыз.
4- бүлдіршін:
Өсті ой мен бойымыз,
Жеті жасқа толамыз.
Қуантып ата-ананы,
Мектепке кетіп барамыз!
5-бүлдіршін:
Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғарсың.
Ер жетті деп бөбегің,
Туған Отан қуансын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет