32
3-бүлдіршін:
Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым.
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.
4-бүлдіршін:
Шашымды өріп тараған,
Қабағымақараған.
Үлкен-кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам.
5-бүлдіршін:
Ақ мамамды әрқашан,
Сағынамын, сыйлаймын.
Мейрам сайын мен оған,
Түрлі сыйлық сыйлаймын.
6-бүлдіршін:
Бізге қарап елжіреп,
Сүйсе беттен күнім деп,
Құшақ ашса келші деп,
Жүгіреміз күлімдеп.
7-бүлдіршін:
Анам кетсе жұмысқа
Анашымды сағынам.
Құлағына сыбырлап
Анама арнап ән салам.
8-бүлдіршін:
Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын!
Жүргізуші:
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер би билейді тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде.
« » тобының биші қыздарын «Шығыс биімен» сахна төріне шақырамыз!
//КІШКЕНТАЙ БИШІ ҚЫЗДАРДЫҢ ӨНЕРІНЕН СОҢ МЕРЕКЕЛІК ОЙЫНДАРҒА КЕЗЕК
БЕРІЛЕДІ//
Жүргізуші:
Бөбегі үшін түн ұйқысын төрт бөлер, қолындағы барын, жанын да салар аяулы
аналарымызға алғыс білдіріп, тілін алып, қолғанаты болу біздер үшін парыз десек артық болмас.
Балалар, сендер аналарыңа көмектесесіңдер ме? (Иә) Ендеше, «Анама көмектесемін» ойынын
ойнайық. Балалар, мына жер шашылып қалыпты. Жұмыстан шаршап келген анамызды қуанту үшін
барлығын әдемілеп реттеп қояйық.
//«АНАМА КӨМЕКТЕСЕМІН» ОЙЫНЫ //ЕКІ ҚАТАРДАҒЫ БАЛАЛАР ЕКІ ТОП БОЛЫП
БӨЛІНЕДІ. ЖЕРГЕ ҰСАҚ ДОПТАР ШАШЫЛАДЫ// БАЛАЛАР ҚОЛДАРЫНА СЫПЫ
-
РҒЫШ АЛЫП КЕЗЕК – КЕЗЕК АУЫСЫП, БЕЛГІЛЕНГЕН УАҚЫТ ІШІНДЕ ДОПТАРДЫ
СЕБЕТКЕ ЖИНАЙДЫ// ҚАЙ ТОП КӨП ЖИНАСА, СОЛ ТОП ЖЕҢЕДІ//
//«КІШКЕНТАЙ КОНДИТЕР» ҚЫЗДАРҒА АРНАЛҒАН ОЙЫН// ОРТАДА БЕТІНЕ КЕКСТЕР
Достарыңызбен бөлісу: