Python бағдарламалау тілінде жазылған, бағдарлама түрінде оларды өткізу және тиісті алгоритмдерді өңдей білетін, алгоритмдер теориясының базалық түсінігіне, ақпараттық құзыретке ие, шығармашылық тұлғаны қалыптастыру.
Курстың міндеттері:
жадыны, назарды, техникалық ойлау, өнертапқыштықты дамытуға ықпал ету;
алгоритмдік ойлауды дамытуға ықпал ету,
техникалық білімге қызығушылықты қалыптастыруға ықпал ету;
алған білімін тәжірибеде қолдана білуді қалыптастыруға ықпал ету;
өз ойын тұжырымдау, дәйектеу және қорғай білуді қалыптастыру;
Python бағдарламалау тілі арқылы бағдарламаны әзірлеу технологиялық тізбегін орындау дағдыларын қалыптастыру;
қарапайым және құрамды мәліметтер типімен жұмыс істейтін (жолдармен, тізімдермен, кортеждермен, сөздіктермен, жиынтықпен) Python бағдарламалау тілінің негізгі құрастырылымын зерттеу;
нақты оқу жағдаятына бағдарламалау дағдыларын қолдануды үйрену;