Сүдігерде изен indd



Pdf көрінісі
бет24/38
Дата24.04.2022
өлшемі1,05 Mb.
#140653
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38
Байланысты:
5-7 сынып

Сүдігерде изен ызыңдайды
пыртын сіміріп алып, түк көрмегендей тұрып кете 
беруші едік. Шырт-пырттың не екенін білесің бе? 
Осының үш литрлігін «шырт-пырт» дейді. Енді қалды 
бұл көк соққан, – деп Бұзаубақ мырс етіп күліп қойды.
Әліпбек шыныдағыны екі стаканға бөліп құйып:
– Ішпесеңіз де алдыңызда тұрсын, – деп біреуін 
Бұзаубақтың алдына сырғытты.
– Жолыңыз болып, жоғыңыз табылып, алдыңызға 
жылқыңызды салып, ауылға əндетіп қайтуыңыз үшін, 
– деді Әліпбек стаканды көтеріп, екпіндете түсіп.
– Қайдам, қарағым, əйтеуір, айтқаның келсін, – деді 
Бұзаубақ тебіреніп кеткендей елжіреп.
– Е, мен бір ақыл айтайын, – деді Әліпбек айғыр 
стаканды төңкеріп салған соң. – Бүгін осында түнеңіз, 
ақыры қайда барасыз мына түнде. Таң ата атқа қоныңыз 
да, Борандының базарына тартыңыз. Осыдан екі-
үш сағаттық жер. Ертең – күн жексенбі. Құда қаласа, 
жылқыңыз мал базардан табылады. Осы айтқаным 
келсін десеңіз, мынаны алып тастаңыз.
Әліпбек стаканды Бұзаубақтың аузына тосып тұрып 
алды.
Судың күйігі бар, жолдың азабы бар, əлдекім тақыр 
жерге отырғызып алдап кеткендей өкініш бар – бəрі 
қосылып Бұзаубақты қамалағандай болды да: «Құдай 
өзі кешірсін, ақ сапар үстіндегі адам едім, діңкелегенім 
басылар», – деп Бұзаубақ ыдысты қолына алды...
Пешіне көсіп-көсіп көмір тастаған ескі паровоздай, 
Бұзаубақ екпін ала бастады. Мына бір мың болғыр 
меймандос жігіттің ықыласына ықылас білдіргісі келіп, 
қойнынан жыртық əмиянын шығарып, бір қызыл қағаз 
суырып Әліпбекке ұсынды:


82
Сүдігерде изен ызыңдайды
– Жақын жерде магазин бар шығар, мына сұмның 
бір-екеуін əкел. Ақыр ауыз былғаған соң баяғыдай 
шырт-пырт болмаса да, біраз ермек қылайық.
– Е, разъездің буфеті түні бойы істей береді бізде, 
– деп Әліпбек те орнынан ылдым-жылдым қозғалды. – 
Бұған енді балықтың сорпасы керек. Бізде не көп, балық 
көп. Әй, бір балдай қылып пісірмесем... Атыңызды отқа 
тұсай келейін.
Әліпбек көп кешіккен жоқ. Темір пешке оттық салып, 
қазан асты. Төменге түсіп, бұрыннан құрулы тұрған 
ауды сүзіп, бір шелек ірімшіктей алтын сазан алып 
келіп, тазалап қазанға салды. Бірер түйір картоп қосты, 
пияз бен қара бұрышты да ұмытқан жоқ. Кеуіп қалған 
лавр жапырағы бар екен, қазанға оны да тоғытты. Қара 
май сіңген шпалдың жаңқасы шатырлап, маздап жанып 
жатты.
– Ал, ақсақал, енді бұл сорпадан ішкен де арманда, 
ішпеген де арманда. Әбден былбырап піссін. Маңызы 
шықсын. Мен барып суды ағытып келейін, деді Әліпбек 
қолын орамалға сүртіп тұрып.
– Суды ағытқаны қалай? Ағытқанда ол қайда 
барады?
– Қайда барушы еді? Темекіге барады. Айтпақшы, 
сіздің жақта темекі өспейді ғой.
– Е, шырағым, біздің жақта ештеңе өспей тұр ғой, 
– деп Бұзаубақ Әліпбекпен ілесе шықты. Әліпбек 
сала құлаш кілтпенен жардай темір қақпаны бұрап 
көтергенін көрді. Жардай қақпа бірер қарыстай ғана 
көтерілгенде, қарауыл кілтті суырып алып: – Бір 
ауданның қызылшасына бүгін түн осы суда жетеді, – 
деді.


83
Сүдігерде изен ызыңдайды
Плотинаның екінші жағынан ақ көбік шашып, 
бұғалықтан босанған су буырқанып, бұрқ-сарқ қайнап 
жатыр екен. Күркіреген үні адамның даусын басып 
кетті.
Енді үйшікке кіріп, балықтың сорпасын сораптай 
соғып, екі шөлмек арақты да тауысып қойды.
Әжік-күжік əңгімемен отырғанда, Әліпбек тілі 
күрмеліңкіреп, көзі қылиланып барып, төсегіне құлап, 
зіл ұйқыға батты да кетті.
Бұзаубақ та мас болды. Қисайып ұйықтағысы келді. 
Бірақ көкейінен тікен кетпей, миына қадалып тұрғандай 
түрткілеп маза бермейді. Көрінген машинаның алдынан 
шапқылап шығатын сусамыр қойлары көз алдына келді. 
Арам өлген малдың қатқан терісіндей қаудырап жатқан 
Асаудың арнасын көрді.
– Неге, не үшін қызылша қымбат, мал арзан? 
Тəттіге бола, ылдидағы ұшан-теңіз дала неге қу тақырға 
айналмақ? Дала тақырланса, ар жақта бұғып жатқан 
дуайпат құмның араны ашылып, сусыз жерді жаулап 
алмай ма? Су сақтап тұрған даланы құм көшіп, жаулап 
алса, оны қайтып мың жылда да аршып ала алмайсың. 
Соны неге ойламайды бұл ел? Құдайдың суы тартылып 
қалса бір сəрі, қолдан суалдырыппыз ғой. Мына теңіз 
бəріне де жетпей ме? Ойға да, қырға да, қойға да, 
қызылшаға да?
Қорылдап ұйықтап жатқан Әліпбекке қарады. Тас 
бұзылып, тау құласа да оянар емес. Жастығының 
астынан шеті шығып жатқан кілтті көрді. Қол созып 
еді, орнынан қозғала алмады. Буын жоқ, бүкіл дене 
дел-сал, тек қана миында бір тікен тұр. Сол ұйықтатпай 
отыр. Кілтке тағы да ұмтылды. Қозғала алмады. 
Бастығырылғанда осындай хал болар. Тұншыққан, 


84
Сүдігерде изен ызыңдайды
ышқынған сияқты. Бұзаубақ үш ұмтылып орнынан 
əрең тұрды.
Жиылмай қалған аяқ-табақ, стакан-шөлмек қаңғыр-
күңгір, салдыр-гүлдір сапырылысып жатты. Аяғын 
қанша абайлап басайын десе, сонша шалынып, əр 
нəрсені құлатып, өзі де құлап қала жаздап, Бұзаубақ 
Әліпбектің жастығының астындағы кілтке əрең жетті. 
Сауысқанның құйрығынан қауырсын суырғандай-ақ, 
білдірмей алмақшы еді, онысы болмай, кілтке қолы тие 
шалқалап барып құйрығымен шоңқиып отыра кетті. 
Бір қараса тоқпақтай кілт қолында тұр. Әліпбек оянбақ 
тұрмақ, кірпігінде қимылдатқан жоқ.
Бұзаубақтың миындағы тікен бұрынғыдан бетер 
тереңірек қадала түскендей, шыдай алмай, қолымен 
жер тіреп жатып орнынан тұрды.
Ол қолымен қабырғаны сипалап, тəлтіректей басып, 
темір қақпаның қасына келді. Аспанның қайда екенін 
білмей адасты. Аққұла асқабақтай ай менен шүпірлеген 
сары балапан сияқты жұлдыздар самсап аяғының 
астында жатыр. Жоғары қарап еді: онда да сондай сурет 
елестеп кетті.
Бір уақыттан соң барып, Бұзаубақ өзінің шалқар 
дариядан бір сынық сүйем ғана жерде тұрғанын 
пайымдады. Сескеніп, сəл шегінді.
Алагеуім ай сəулесімен құлпырып ойнаған мың-
миллион майда толқын Бұзаубаққа жер əлемді қаптап 
келе жатқан қаракөл қой құсап көрінді. Маңыраған қой 
даусынан аспан асты, жердің үсті күңіреніп, ахиреті 
ақыр заман табалдырығында тұрғандай. Бұзаубақтың 
аза бойы қаза болып, бурыл шашы тікірейіп бара жатты.
– О, сусамырмен ауырған дуайпаттар! – деп 
Бұзаубақ қақпаның бұрандалы құлпына зілдей кілтті 


85
Сүдігерде изен ызыңдайды
қалай салғанын да байқамай қалды. Миына қадалған 
тікенді суырып алатын қысқыштай көрінді. Темір 
кілтті құлаштай айналдырып бұрған сайын, əлгі тікен 
миынан суырылып шығып бара жатқандай жаны жай 
таба бастады.
Енді бір есін жиып қарағанда, бүкіл теңіз төңкеріліп 
келіп, жердің астындағы түпсіз оппаға өкіре құлап бара 
жатқанын аңғарды.
«Мұным қалай болды?» – деп қорқып қалғанда, 
қолындағы ауыр кілті, əлгі оппаға күмп беріп құлады да 
кетті. Суға түсірмей қағып алайын деген ниетпен оқыс 
еңкейе бергенде, белдеу темірден қолы шығып кетіп, 
алқам-салқам бойын билей алмай, кесілген теректей 
теңселе баяу аударылып, құлап бара жатты...
Бір сəт санасы сəулеленген қас қағым ішінде ол Асау 
бойындағы жайқалған нуды, Қорғалжынға барар жолда 
қонып өтетін аққуды, су перінің қыздарындай шоршып 
ойнайтын алтын сауыр ақ сазандарды, жағада жусап 
жатқан үйір-үйір жылқыны, қора-қора қойды, қоңыр 
бас раң аралас кең бидайықты, жабайы қабанға қарғып 
мініп бара жатқан Ермолайды көргендей сезінді.
Тікені суырылған миы сұққылап ауырғанын 
қойыпты. Таудай толқындарды жұтып жатқан түпсіз 
оппаның ортасында тіс шұқитын аршаның жаңқасы 
ғұрлы салмағы жоқ Бұзаубақ, санасы тағы бір жарқ еткен 
сəтте, жағадан шабдар аттың кісінегенін естігендей 
болды да, қол қармар, тұяқ ілінер бір қарайған іздемек 
еді, долы күш ырық бермеді.
Шабдар аттың орнына оны ақжал аждаһа толқындар 
қақпақылдап, тереңіне бір батырып, бір шығарып, 
ылдидағы қойлы ауылға Асаудың кеуіп қалған 
арнасымен арқырап алып ұшып бара жатты.


86
Сүдігерде изен ызыңдайды
Үкілі қамыс, балауса құрақ, бұйра жыңғыл. Арасында 
парылдап ұшқан қырғауыл. Шымырлап, толықсып 
аққан қара көк өзен. Шоршып ойнаған сары сазан. 
Жағалай қонған қойлы ауыл. Соңғы рет Бұзаубақтың 
көз алдында осы бір сұлу сурет тұрып қалды.


87


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет