Сүдігерде изен ызыңдайды
жыл жасап келемін – ондай əйел затын кездестірген
емеспін. Ол əнші еді. Мүмкін, сол жүрек балқытып,
өзегіңді өртердей əн сиқыры шығар, маған одан басқа
əйел жұрты тек жұпыны, Энженің жұқанасы ғана
сияқты көрінетін. Сұлулық дегеннің өзі адамның көзге
көрінбес қос қанаты ғой деп ойлаймын. Егер дүние тек
сұлулықтан тұрар болса – адам баласы мүгедектіктен,
ғаріптіктен, рухани жадаулықтан құтылған болар еді...
Қарсы алдымыздан тырс-тырс етіп жабайы алма
үзіліп түсіп, қалың шөптің арасынан домалай алмай,
түскен жерінде тырп етпей жата қалады. Дəу кəрі
алма ағашының түбінде отырған бейсеубет екі адамды
көріп, ала қанат сауысқан əлдеқашан бебеулеп, айнала
төңіректің бəріне хабарлап болған. Енді ол Сағын аға
əңгімесін сауысқан тіліне сөзбе-сөз аударып отырған
сияқты. Сауысқан қауымында сұлулық, махаббат деген
ұғым болар-болмас, кім білген, бірақ сауысқандар əр
тұстан үн қатысып, қарқылдап тұрып күлгендей де
болады.
– «Кəрі неме, махаббатта несі бар?» – дей ме екен.
Сағын аға сауысқандардың дарақы у-шуына біраз құлақ
түріп болып, əңгімесін жалғай түседі.
– Біз оқып жүргенде жатақханада:
Уфа дилəр, Уфа дилəр,
Уфаны күрəсəм килə.
Цинтральный урамында
Подружка жүрəсəм килə, – деп, башқұрт-татардың
қыз-жігіттері өлеңдетер еді.
Жігіттер айтып бола бере, қыздары:
– Ай юғары, ай юғары,
Айға минəсем килə.
Айға минəп, жирға қарап,
110
Сүдігерде изен ызыңдайды
Сизнə күрəсəм килə, – деп шырқайды.
Тальян гармошка құйқылжиды. Көп дауыстың ішінен
Энже үні ерекше құлпыра естілер еді. Энже алыстағы
қазақ даласынан келген жігіт жалғызсырамасын дей
ме екен, мені өзіне жақын тартып жүреді. Менен
гөрі орысшаға жүйрік, сабаққа бірге дайындаламыз.
Энже екеуміз бас түйісіп бір кітапқа бірге үңілісіп
отырғанымызды көріп, татар жігіттері кəдімгідей
қызғаныш білдіретін. Әсіресе скамейкада қатар
шүйіркелесіп отырсақ, əлгі Энженің ар жағынан келіп
жанаса кетеді.
– Бар инде, – деп Энже жақтырмайды. – Мешайт
итме.
– Сен қазақ жігітін ұнатасың ақыры, мен де қазақ, –
дейді Ибрагим кенедей жабысып.
– Қайдағы қазақ? – дейді Энже шикіл сары, жирен
шаш, көк көз жігітке таңырқай қарап.
– Қазақ, – дейді анау саспастан. – Абай қазақ па
– қазақ. Ал оның шын аты – Ибрагим. Мен қазақ, эм
Абай, – деп əлгі шірене түседі.
Қыз сыңғырлап күледі:
– Ой, Ибрагим, син Абай түгел, – дейді жігіттің
əзілін көтеріп.
Әзіл де болса, мен іштей қызғанатынды, іштей
булығып, шиыршық атып отыратынды шығардым.
Қыз мені шын ұнататынына əлі көзім жетпейді. Оның
мені іш тартып, сабақты бірге дайындасқаны тек
жанашырлықтан ғана болуы да мүмкін ғой. Адамға
жаны ашып, көмектесіп жіберуі əлі шынайы махаббат
емес те шығар. Ал мен байғұс қызды құлай сүйгенімді
сезбей қалдым. Ендігі жерде маған онсыз өмір – құр
қуыс дүние сияқты. Өзімше қиял теңізіне малтитынды
111
Сүдігерде изен ызыңдайды
шығардым. Өзімше Энже – Ғалия-бану да, мен – Xaлел
боламын. Ал Ибрагим – Исмагил жауыз. Рольдерді
осылай бөліп, ойша Исмагилмен жекпе-жекке шығып
жеңіп жүремін. Оқуымды жақсы бітіріп, Энжемен қол
ұстасып елге, қазақ сахарасына қайтамын. Мұндай
сұлуды көрмеген елдегі туыстар қуанып, құттықтап,
ұланасыр той жасайды. Тойда Энже «Ғалия-бану» əнін
шырқайды. Тойға жиналған жұрт жамырай риза болып:
– Ұзағынан сүйіндірсін!
– Бақытты болыңдар! – деп батасын беріп, тілек
тілейді.
Әне, «Көңіл жүйрік пе, көк дөнен жүйрік пе» деген
сол екен.
Сөйтіп жүргенде Еділ бойында оба ауруы тарапты
деген сөз шыққан. «Жұт – жеті ағайынды» деген рас
шығар. Алдымен қатарынан екі жыл бұл жақта астық
шықпай қалды. Енді ауру тарады. Тағдыр өзі сақтасын,
бізге келе қоймас деп қойғанбыз. Кенет Энже ауырып,
емханаға түсті. Тағы бір-екі студент обаға шалдықты.
Оқуымыз уақытша тыйылып қалды. Сол екі арада
елден хат келсін. «Әкең хал үстінде, тез жет!» – депті.
Қоштасайын деп Энжені іздеп емханаға барсам,
маңайына жолатпайды, не хат та қабылдамайды. «Е,
ештеңе етпес, елге барып, қайта оралғанымша, Энже
аман-сау айығып кетер, жолығармыз», – деп өзімді өзім
алдандырып кете бардым.
Ол кезде көлік қазіргідей ме, жарты ай шамасы жол
жүріп жетсем, əкейді жерлеп те қойыпты. Жылау-
сықтау. Қашанғы жылай бересің. Тірі адамның тіршілігі
бар. Енді Уфаға қайтайын десем, қарт шешей, шиеттей
бала-шаға. Үп етіп ұшып кеткелі отыр. Елдегі ағайын,
ақсақал-қарасақал жиналып:
112
Достарыңызбен бөлісу: |