Сүдігерде изен ызыңдайды
бір-біріне ұқсамайтын болуы керек. Қалай десе де, мен
Энже қолтаңбасын өзге мыңдаған қолдың ішінен таныр
едім.
Арада алпыс жылға жуық уақыт өтсе де, мен
мына маржан жазудан оның жұп-жұмсақ мақпал үнін
естігендей болдым. Жазу сөйлеп тұрған сияқты. Шын
сезімнен шыққан жазудың бəрі сөйлейді. Энже хаты тек
құрғақ хабар-ошар ғана емес, көкірегі қарс айырылған
күрсініс, қысқы күннің батар шағында қызғылтым
сəуле шалған ұлпа бұлттардың мұнары сияқты бір
нəзік сезім бар бұл хатта. Орман-тоғай, айна көл, жазық
даланы қимай қайтқан қыр қаздарының арман аралас
қиқуы бар. «Сіз тірі екенсіз ғой, Сағын. Тағдырға мың
рақмет. Айналып келгенде өміріміз ұқсас өтіпті. Мен
ерімнен, сіз жұбайыңыздан айрылыпсыз. Адамдар
осылай адасып жүреді. Әйтпесе мен сізге, сіз маған
жар емес пе едік. Ертеде қосыла қалсақ, бақытты болар
ма едік, əлде бір-бірімізді жек көріп кетер ме едік –
білмеймін. Бірақ өмірдің басында кездесіп, əлдеқалай
айрылысып, соңында хат арқылы табысқанымызға да
шүкір. Өлгенің тіріліп, өшкенің жанғандай бір заман.
Біз бірақ екі жарты – бір бүтін бола алмаспыз. Тым
кешіктік. Күн төбеден төмен құлап, ұясына батуға шақ
қалды. Ол баста-ақ:
Жолымыз айырылған,
Қанатымыз қайырылған.
Біз бірге боларға жоқ шара.
Бізде осындай бір əн де бар. Бізге арналып
шығарылған сияқты. Бағбандар əр түрлі сортты жас
алма шыбықтарын бір-біріне қиыстырып байлап,
будандастыра береді. Екі шыбық бір дене болып бірігіп
кетеді. Ал, қу ағаштар біріге ме? Тамырлары жалғасып,
119
Сүдігерде изен ызыңдайды
тəндері біртұтас бірікпесе, желімдеп жапсырғанмен
бола ма? Бізден жасыл жапырақ төгілгелі қашан. Мен
сіздің бір сөзіңізге қайран қалдым, Сағын. Сізде əлі
бала мінез бар болар. Бозбалалық сезімі сақталған сіз,
сірə, бақытты боларсыз. Әйтпесе менен сурет сұрар ма
едіңіз. «Энже, суретіңді салып жібер» дегеніңіз қалай?
Жоқ, Сағын бағырем, мен сізге суретімді сала
алмаспын. Мен сіздің көз алдыңызда, көкірек көзіңізде,
сол баяғы жиырма екінші жылғы қалпымда қалғым
келеді. Сіз мені шын жақсы көрсеңіз, сол балғын
бойжеткен қыз кезімді жақсы көріңіз. Сол бейнені
басқа ештеңемен былғамай, таза сақтаңыз. Он сегіздегі
қыз бенен жетпіс сегіздегі қаусаған кемпірдің суретін
салыстырып не береке табасыз, не мұратқа жетесіз?
Обал емес пе? «Қазанға барғым келеді» депсіз. Маған
бола əуре болмаңыз. Біздің жаста ұзақ жол жүру өте
қауіпті. Біз енді, алда қанша жарық күн бар, бұйырған
уақыт ішінде тек хатпен табысып тұрайық. Маған сол да
қанағат. Соған да тəуба. Жер бетінде тірі жүргеніміздің
өзі менің жаураған кəрі жүрегімді жылытқандай болды.
Соған да шүкір, Мен үшін сол да жеткілікті».
Жалпы хат сарыны осындай...
Сағын аға: «Осының, бəрін несіне айтып отырмын?»
дегендей маған бір түрлі кінəлі адамдай күле қарап
тыйылып қалды. «Осының бəрін айтқызған сен қу
ғой» дегендей ме, қалай. Әр адамның сыртқа шаша
бермейтін сыры болады. Тіпті еш жан білмей, өзімен
бірге дүниеден өтетін сыр да болады. «Алжыған шал»
деп ойлады-ау деп, менен қымсынған сыңайы бар.
Менде ондай жымысқы ой жоқ екенін оған қалай
сездіріп, қалай сендірем?
120
Сүдігерде изен ызыңдайды
– Мынау бір сəулелі мұң екен, – дедім басқа лайық
сөз таппай.
«Қазанға барсам» деуіңіз бекер дегім келді де,
айтпадым. Шынында да, кемсиген кемпірді бір
көру үшін тау асып, тас басып не керек... Артынша
өз ойымнан өзім ұялдым. Ол – менің ойым, менің
көзқарасым. Ал Сағын ағаның ойымен, соның көзімен
қарағанда, қандай боларын мен қайдан білейін.
– Кеше хат жазып жібердім, – деді Сағын аға менің
күдігімді сезіп қалғандай. – Сурет салғаннан неге
шошыдың, Энже? – дедім. – Уақыт, көп болса, сенің
бетіңді əжімдеген шығар, ал жүрекке əжім түспейді, –
дедім.
Міне, мəселе қайда жатыр. Сағын ағаның соңғы сөзі
мені ұрып жыққандай болды. Әне, Сағын аға көзімен
қарағанда көрінетін сұлу дүние.
– Безобразие, уақыт болып қалыпты ғой, қайтайық,
– деп Сағын аға сүйретіліңкіреп барып орнынан тұрды.
Таудан төмен қарай еңкеңдеп келеміз. ЬІлди жолы
жылдам. Жол ылдиға жетектеп барады.
121
Достарыңызбен бөлісу: |