Сүдігерде изен ызыңдайды
Бəрінен де адам жаман. Жаныңа жақындамай-ақ өлтіре
салады. Алыста тұрып-ақ түтін түкірсе болды – өлеміз
де қаламыз. Сондықтан бізге аяқ керек. Бізді аяғымыз
асырайды.
Енесі лағын жанына шақырып алады. Мен қимаймын.
Еліктің лағы жанымда тұра берсе екен. Әңгіме айтса
екен деймін. Өйткені ол көп біледі ғой. Бұл тауда ол
көрмеген жер жоқ. Бəрін біледі. Ілесіп кеткім келеді,
бірақ жүре алмаймын.
Ене елік Алып Атаға қарап:
– Рақмет, Алып Ата, жаурағанда панасың,
адасқанда ақыл айтар данасың. Шыршақайларың аман
болсын. Жаңбыр басылды. Күн ысыды. Киікоты мен
көкемаралдың шығы ұшты. Мен мына лағымды отқа
апарып, тойдырайын, – дейді. – Бұл байғұстың əкесі де
жоқ. Қайда сандалып жүргенін білмеймін. Адамдардың
түтін түкірігінен, теңбіл барыстың азуынан аман
болсын, жүрген шығар. Қыстың қара суығында,
текебұрқақта бір-ақ жолығамыз. Аз күн қызық дəурен
сүреміз. Сол біздің көрген күніміз. Қош, рақмет.
Алып Ата:
– Сау бол, Елік бике, – дейді. – Бірақ сен жаңа
шыршалардың жауы жоқ деп қатты қателестің.
Шыршалардан гөрі сендер, еліктер, əлдеқайда
бақыттысыңдар. Желмен жарысасыңдар, тастан тасқа
секіресіңдер, сəтін салса, жауларыңнан құтылып
кетесіңдер. Ал, бізде аяқ жоқ. Ешқайда қаша алмаймыз.
Адамдар əсіресе шыршақайларға өш. «Жаңа жыл»
деген бірдеңелері бар. Қақаған қыстың қақ ортасы. Ол
неғылған Жаңа жыл? Не көктемнің басы емес, дүн-дүние
жаңаратын. «Жаңа жыл» дейді де шыршақайларды
балтамен шауып қырып салады. Алысарға дəрмен жоқ.
125
Сүдігерде изен ызыңдайды
– Шыршақайларыңды
Құдай
жаулардың
балтасынан сақтасын, Алып Ата, – дейді Елік бике
кетіп бара жатып.
– Рақмет, Елік бике, келіп тұр. Жоғарыдағы Ұлардың
халі қандай екен? Төмендегі Кекіліктің жағдайы жақсы
ма? Соны біле кел, – деп қалады Алып Ата.
Алып Ата еліктерді жақсы көреді.
– Момын жаратылған жануар, – деп аяйды. – Арқар
мен Таутекенің тым құрыса мүйізі бар. Анау-мынау
қасқырға алдырмайды. Ал, Елік бике байғұста о да жоқ
қой. Мүйізі əлсіз. Әлсізді аяу керек.
Ал, мен ойлаймын: біз де əлсізбіз ғой. Бізді кім
аяйды? Бізге қарағанда, біздің аталас ағайынымыз Арша
бек бақуат. Арша əр түрлі: жайылып жататыны болады.
Біз сияқты үшкірленіп, аспанға шаншыла өсетіндері де
болады. «Жаңа жыл» деген жаудың Аршада шаруасы
жоқ. Біз ғой желдің өтінде, жаудың бетінде тұрған.
Осыны ойласам зəрем ұшады. Алып Ата жаңа Елік
бикеге бар шындықты түгел айтқан жоқ. Шыны
сол: адамдар шыршақайларды ғана балталамайды.
Алып Ата сияқты ірі шыршаларды да шабады. Рас,
шыршақайлар сияқты жаппай емес, ірілердің ең биігін,
ең сұлуын таңдайды. Оны «Патша шыршасы» деп
атайтын көрінеді. Оны мен қайдан білейін, Алып Ата
айтады ғой:
– Мені де əлдеқашан кесіп əкететін еді, Құдай
жарылқағанда, мен сұлу емеспін, əрі десе кəрімін.
Қарқарадай төбе қылқандарым ағарып, өрт шалғандай
ала-құла сарғайып кеткен, – деп.
Мен сонда армандаймын: жарқабақтағы бақа-терек
сияқты қисық-қыңыр болып өссем екен деп. Сұлулығың
өзіңе сор. Сұлулық – Құдайдың сыйы дейді. Бірақ
126
Сүдігерде изен ызыңдайды
сиынары жоқ сұлулық қорғансыз. Қорғансыздың күні
құрысын.
Адамдар айтқандай, «бесіктен белім шықпай» жатып
уайымшыл болдым. Өйткені қыр астында қыс тұр. Одан
кейін «Жаңа жыл»дегені келеді...
Теректер
мен
үйеңкілердің,
қайыңдардың
жапырақтары сарғая бастады. Мұндай мезгілді адамдар
«күз» дейді екен. Ал, «қыс» дегені түскенде теректер,
үйеңкілер, қара ағаштар жапырақтарынан тып-типыл
айырылып, қаңқа боп қалады. Тек біз ғой қысы-жазы
жап-жасыл боп тұратын. Біз неге теректер сияқты
болмадық екен. Сонда қыршынымыздан қиылмас едік.
Сол күні қар жапалақтап жауды. Күллі дүние
ақторғын жамылып, бұл əлемде ешқандай жаманшылық
болмайтындай, бəрі де аруланып, күнəдан пəк тазарып,
кір басқан жер бетіне періштелер келіп қонғандай,
керемет жұмақ орнағандай еді.
Періштелер келсе, əзірейілдер жоламайтын шығар.
Алып Ата солай дейді. Өйтпесе періште кім, əзірейіл
кім, мен қайдан білейін.
Алып Ата да адасады екен. Айтқанының бəрі алтын
емес. Дүниеде көп жасаса да, оның да білмейтіні көп.
Періштелер дегеніміз, ақ жамылған қарақшылар екен.
Ақыры балтасын алып жетті.
Алып
Атаның
айналасындағы
бүлдіршін
шыршаларды балталап, қылқандай қырқып тып-типыл
етті.
Сонда Алып Ата:
– А, Құдай! Жас жеткіншекті алғанша, мына кəрі
қақбас мені неге алмайсың?! – деп күңіренді. – Айналам
тақырланып, жападан-жалғыз қубас болып қалдым ғой.
127
Достарыңызбен бөлісу: |