Сүдігерде изен indd



Pdf көрінісі
бет9/38
Дата24.04.2022
өлшемі1,05 Mb.
#140653
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38
Байланысты:
5-7 сынып

Сүдігерде изен ызыңдайды
Ақлимаш есіктің алдына орамал жамылып шығып, 
баспалдақпен төмен түсіп бара жатқан Ақиқаттың 
соңынан қарап тұрды.
Ақиқат төменнен жоғары қарап, қол бұлғады.
– Мен тез ораламын. Үйге кір, тоңып қаласың...
Ол көршілерді оятып алмайын деп, аяғын абайлап 
басты. Тып-тыныш түнде гранит баспалдақ сонда да 
тық-тық етіп дыбыс білдіріп тұрды. Әне, астыңғы 
этаждағы жетінші пəтердің есігі ақырын ашылып, 
ар жағынан Полина əжей бурыл шашты басын сұғып 
қарады.
– А-а, Ақиқат-жан, сен екенсің ғой. Тағы да 
командировка ма? Ақлимаш жалғыз қалды ма? Менің 
ұйқым келмейді, Ақиқат-жан. Баспалдақпен біреу келе 
жатқанын естіп, бұл кім болды екен деп едім. Оһ, қу 
кəрілік-ай десеңші. Ал сендерге не жоқ. Ұйықтап, 
рақаттанып жатпайсыңдар ма, жассыңдар! Жылы 
төсектен шығып... Жə, жолың болсын! Кəрі басым 
мылжыңдап барады екенмін ғой.
– Қайырлы түн, əжей!..
Подъездің серіппелі есігі Ақиқат шығар-шықпастан 
сарт жабылып, қайтадан тым-тырыс бола қалды. Жетпіс 
алты пəтерлік үлкен үйдің ең жоғарыдағы бір терезесі 
ғана жарқырап тұрды. Шам сəулесін көлеңкелеп, шашы 
омырауына төгілген əйел қол бұлғады. Жоғарыға 
шалқая қарап Ақиқат да қол бұлғады.
– Ұшып барып, ұшып келемін, – деді ол ішінен. 
Түн ішінде дауыс шығарып айқайлауға болмайды ғой. 
Оның сыбырын естіп қойғандай, Ақлимаш бас изеді.
Қала ұйқыда болса да, көшелер жап-жарық. 
Асфальттар жалтырап жатыр. Көшенің ұзына бойына 
тізілген светофорлар түнгі иллюминациядай ойнайды. 


30
Сүдігерде изен ызыңдайды
Көше бойы біресе жап-жасыл моншақ тағынады, біресе 
ол сарғайып барып, қып-қызыл боп құлпырады.
Бұл уақытта бір машина көрінбесе де светофорлар 
қалғып кетпей, қалтқысыз жұмыс істеп тұр. Ал тас 
арықты қуалай аққан салқын су светофорға бағынбайды. 
Біреу қытықтағандай сылқ-сылқ күліп, сылдырап 
барады.
Тротуар жағасындағы бұғы мүйіз үлкен еменнің 
түбінен біреулер қараңдағандай болды. «Түн жамылған 
бұзықтар болып жүрмесін» деп Ақиқат ə дегенде 
сескеніп қалды. Сол сəтте басына басқа бір ой жарыса 
келіп, өзінен-өзі ұялды. Емен түбіндегі екеу сүйісіп тұр 
екен. Ойда жоқта түн ішінде тротуарда сақ-сақ басып, 
көше тыныштығын алып келе жатқан адамнан қайта 
солар қымсынғандай болды.
Аэропорттың алдында үлкен плакат ілулі тұр; 
шляпасын қолына ұстаған сұлу жігіт жұртты 
Қырымның оңтүстік жағалауларына шақырады. Оның 
өзінде самолетпен ұшуға кеңес береді. Әрі apзaн, əрі 
жылдам, əрі ыңғайлы дейді.
«Жоқ досым, біз Қырым жағалауларына бара 
алмаспыз. Алыстағы Арқалық даласынан егін орып 
жүрген «ЖВН-10» машинасын көргенше асықпыз. 
«ЖВН-10-ның» кереметін газеттің жүз мыңнан астам 
оқушысына айтып жеткізгенше асығулымыз» деді 
Ақиқат плакатқа ішінен жауап қатып.
Көк мұхиттың байлаулы тұрған китіне ұқсас самолет 
моторын от алдырып гүр-гүр етті. Тып-тыныш түнді 
селт еткізіп азынаған дауысқа асқар тау бұрылып 
қарағандай болды. «Ақлимаш естіді ме екен» деп 
ойлады Ақиқат.
* * *


31
Сүдігерде изен ызыңдайды
Обком комсомол секретары Нариман Мауқаев 
жолдас пианистке лайық салалы саусағымен ұзын 
шашын қайта-қайта қайырып тастап, үн қатпастан біраз 
отырып қалды. Оның аузынан шыққан сөз бір жаққа 
ұшып кетпесін деп қауіптенгендей Ақиқат Көрегенұлы 
секретарьдың жүзіне қадала қарап отыр. Секретарьдың 
аузынан шыққан бір ғана сөз арқылы өзінің тағдыры 
шешілетіндей болып отыр.
– Апырай-а, – деді Нариман жолдас енді сүйріктей 
саусақтарын сындырардай сыртылдатып, астыңғы 
жұқалаң ернін аппақ күрек тісімен сəл тістеңкіреп. 
– Машина құрғыры болмай тұр-ау. Менің машинам 
осыдан бір сағат қана бұрын «Рақат» совхозынан 
оралып еді. Шоферге бүгін сен боссың деп жіберіп 
едім.
Секретарь оң жағында тұрған телефонға бұрылмастан 
қол созып, трубкасын ұстап тұрып, қайта қойды. Тағы 
көтеріп, тағы қойды. Секретарь телефонның трубкасын 
көтереді. Сонда Ақиқат Көрегенұлы «Сарбаздар» 
совхозына міне-міне жетіп қалғандай болады. Секретарь 
трубканы орнына қоя салады. Сонда Көрегенұлына 
«Сарбаздар» совхозы алыстап бара жатқандай көрінеді. 
«Ұшып барып, ұшып келемін» деп еді ол Ақлимашқа.
– «ЖВН-10» рекордының біздің газет үшін 
қасқалдақтың қанындай қажет екенін түсінсеңіз, маған 
шын көмектескен болар едіңіз, – деді Көрегенұлы
– Түсініп отырмын, Ақиқат, түсініп отырмын, бірақ 
шофері түскір түні бойы жол жүріп, ұйықтамап еді. 
Жастыққа басы тисе, енді тиген шығар, егер көнсе, 
шақырып көрейік, – деп секретарь тізесінің тұсындағы 
кнопканы басып-басып қалды.


32


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет