Сүдігерде изен ызыңдайды
үш аяқты Ақжолмен оны қалай аулаймын? Ақжол
пештің түбінде алдыңғы екі аяғына басын салып,
көзін бір ашып, бір жұмып, сораң жасы іп-істік қара
тұмсығына дейін сорғалай ағып жатыр. Түлкі қуа
алмайтынына ол да өкінетін сияқты.
Терезе сыртында сүдігер қараяды.
Сүдігерде күрдек бас мия мен қызыл изен ызыңдайды.
26
НӨСЕР
Самолет таңғы бесте ұшады. Аэропортқа самолет
ұшардан бір сағат бұрын жету керек. Ереже солай.
Бұл үшін түнгі үште ұйқыдан тұрып, жолға шықпаса
болмайды. Түнгі үште аэропортқа экспрестен басқа
көлік жүрмейді. Экспрестен қалып қоймау керек.
Ақиқат түнде төсекке жатар алдында осыны қайта-
қайта ойлап еді. Сондықтан шығар, оның ұйқысы
мазасыз болды. Түрлі-түрлі түстер көрді. Ол Күншуақ
қаласы мен Боранды станциясының арасында жүретін
жолаушылар пойызының ревизорынан жас күнінде
жаман қорқушы еді. Каникулға шығып, жүрегі алып-
ұшып, көптен сағынған үйіне асығып бара жатқанда,
билетсіз Ақиқатты тікірейген жез мұртты, дөп-дөңгелек
сары көзді, қалың қабақ ревизор бұра бастырмай,
тамбурда тұрған жерінен ұстап алып, қатты қысушы
еді-ау.
Міне, мына түнде сол жез мұртты, дөңгелек сары
көзді ревизор түсіне кірді. Бір мезгіл ревизор үп-үлкен
мысыққа айналып, Ақиқатты бір аяғымен басып ұстап
тұрып, папкасынан айып қағазын суырып жатты.
Ақиқат осы түстен оянып кетіп, жол жүретіні есіне
сап ете қалып, сағатқа қарады. Ала көлеңке үйдің ішінде
кішкентай қоңыраулы сағаттың фосфорлы жасыл тілі
жарқырап түнгі бірді көрсетті. Кішкентай сағаттың
жарқыраған жасыл тілі томпаңдап жүгіріп бара жатты
– Ақантай, неге ұйықтамай жатырсың? Әлі ерте ғой,
– деді Ақлимаш ұйқылы-ояу еріне қарай аунап түсіп.
27
Сүдігерде изен ызыңдайды
Терезеден түскен ай сəулесінен ақ маңдайы көрінді. –
Сені мен ешқайда да жібермеймін, – деді жас келіншек
буынсыз ақ білегімен жігіттің мойнынан қапсыра қатты
құшақтап алып.
Жұбайының жүрегінің астынан бірдеңе бүлк-бүлк
етіп бұлқынып-бұлқынып қалғанын Ақиқат анық сезді.
– Есіттің бе, Ақантай, есіттің бе? – деді келіншегі
сыбырлап, бейне бір əлгі бұлқынған нəрсе қатты
сөйлесе əлдеқайда қашып кететіндей-ақ. – Әне, əне. О
да саған кетпе деп жатыр. Сені о да мен құсап құшақтап
алмақшы боп кішкентай қолын созып жатыр.
Ақиқат жауап орнына Ақлимаштың албыртқан
ернінен ұзақ сүйіп, көзін тарс жұмып, үндемей жатты.
Бұлар осыдан бір жыл бұрын үйленіп еді.
Редакцияның ақ бас, бірақ жаны жас суретшісі бұлардың
тойға шақыру билетін өзі жасап, астына: «Ақлимаш,
Ақиқат» деп жазып еді. Содан бері бір-ақ жыл өтті.
Бұл жылдың бір күнінен бір күні жақсы еді. Ал
енді осылардың бəрінен ерекше бір күннің жақындап
қалғанын сезді қазір Ақиқат. Ол мұны бұрын да сезген.
Сондықтан таяу уақыт ішінде үйден ұзап кетпеуге
бекіген.
Бірақ кейде тілші уақытты емес, уақыт тілшіні
билеп кететін кездер болады. Осыдан бір апта бұрын
Қарағандының «Жарық жұлдыз» шахтасында жасалған
дүниежүзілік рекорд екі-үш күн өтпей ескіреді. «Жарық
жұлдыздықтарды» «Жанартас» шахтасының кеншілері
басып озады. Күні кеше Теміртаудың мартенінен
Еламан Байғазиев болатты не бары алты сағатта
балқытып алса, бүгін Рудныйдың Сарбай руднигінде
экскаваторшы Сұңкар Мұзбалақов бір күнде үш күннің
нормасын орындайды.
28
Сүдігерде изен ызыңдайды
Ақиқат осының бəрінде болып, оларды газет
оқушыларына таныстырар еді.
Ал кеше Ақиқатты редактор шақырып алып:
– Командировкаға дайындал. Қазір барып билет
ал. Түнделетіп жүріп кет. Тың өлкесіндегі «Сарбаздар»
совхозында бір комбайнер «ЖВН-10» жаткасымен бір
күнде 145 гектар бидай орыпты. Елден бұрын жет.
Очерк алып кел! – деді. – Бүгін бейсенбі, жексенбі күнгі
номерде шығатын болсын!
Ақиқат:
– Мен қуана-қуана барар едім, бірақ Ақлимаш... –
дей беріп еді
– Ештеңе етпейді. Ақлимаш ақылсыз емес. Сенің
жұмысыңа кесір болады деп ойламаймын. Менен сəлем
айт оған, – деді редактор.
Ақиқат тағы ұйықтап кеткен екен. Ақша бұлттардың
үстінде зымырап ағып жүрген «ЖВН-10» жаткасын
көрді. Селк етіп оянып орнынан тұрды. Ол тұрып
бара жатқанда, келіншегінің бүйірі бүлк-бүлк ете
қалғанын тағы сезді. «Кетпе-кетпе, жібермеймін!» деп
бұлқынғандай еді болашақ адам.
Ақлимаш та оянып кетті. Оның сүмбіл шашы
сусылдап тоқ беліне төгілді
– Тезірек орал, Ақантай, – деді ол күйеуінің
қалтасына газетке орап піскен ет салып тұрып
– Ұшып барамын, ұшып қайтамын, Ақлимаш. Сен
уайымдама.
Ол сұр плащтың қалтасынан газетке ораулы
етті білдірмей былай алып қойды да, оның орнына
блокноттарды
тықпалады.
– Сен еш нəрсені уайымдама, Ақлимаш. Мен ұшып
барып, ұшып қайтамын.
|