20
Сүдігерде изен ызыңдайды
Әйтсе де, Евгеньевка жаққа бұрылып көз салсам,
күшік жоқтаған ешкім көрінбеді.
* * *
Үйге таяп қалғанда, бөрте лағын жетектеп, аузынан
түспейтін махорка шылымын бұрқыратып, Хадиша
кездесті.
–
Барсхан-ау, мынауың не сұмдық? – деді ол көк
қасқаға ернін шығара, менсінбей қарап.
– Евгеньевкадан өзі ілесіп қалмай қойды, – дедім,
ұрлады демесін деп ақтала сөйлеп.
– Сенің үйіңнің жуындысы біздің Майлыаяққа енді
бұйырмайды десеңші, – деп Хадиша аузынан түтінді
шеңберек атқыза түтінді шығарып, қасын керіп қойды.
– Мейлі, ит жарықтық жеті қазынаның бірі дейді ғой,
атын Ақжол қой, соғыстағы боздақтар аман келіп,
жолдары ақ болсын.
Хадиша шылымын кебісімен таптап өшіріп, көк
қасқаға енді сынай қарап:
– Тұмсығы біздей екен кəпірдің: не түлкі
алатын
тазы болады, не көзіне ұры болады, – деді.Тіпті күшіктің
артқы бір аяғын тарбитып көтеріп те көрді. Күшік
байғұс əуелі жағымпазданып, құйрығын бұлғаңдатып,
көзі жылтың-жылтың етіп еркелеген болып еді, аяғын
көтеріп абыройын ашқанда, қыңсылап тартыншақтап,
менен көмек күткендей, маған қарап жаутаңдай берді.
Хадиша қолына бірдеңе жұғып қалғандай, алақанын
бір-біріне үйкелеп тұрып:
– Қарай гөр өзін – төбет екен, – деді. – Дүбəра ма,
қалай? Жоқ, тазы-тазы...
Хадиша жеңешем сөйтіп мені дал қылып, ойға
қалдырып кетті. Біресе тазы, біресе ұры, біресе дүбəра
21
Сүдігерде изен ызыңдайды
дейді. Көңіліме күдік алсам да,
тазы дегеніне сенгім
келіп, өзімше бір үміттеніп те қалдым.
* * *
Үмітімнің түрі – осы таяуда Керегетаста көрген
түлкінің баласы. Керегетастағы тракторшыларға
жалғыз өгіз жеккен арбамен су тасып, түс ауа ауылға
қайтар жолда қызыл изен қалың өскен ойпаңнан бір
түлкінің баласы жалт ете қалған. Есім кетіп, арбадан
аунап түсіп,
ұзын қамшымды серт ұстап, тұра кеп
қуайын. Дəл иегімнің астынан ат басындай алтын
қашқандай, ышқына жүгіргенім сонша, ə дегенде түлкі
кəдімгідей қорқып, қос құлағын жымқыра зытты.
Едəуір ұзап кетіп, құлағын біресе тікшитіп, біресе
жымқырып, шоқиып отыра қалып, қиқ-қиқ күлгендей
болды. Дəме
шіркін қиын екен, енді ұрып алатындай
барымды салып бағайын. Түлкі орнынан ыршып түсіп,
дөңгеленіп ала жөнелді де, бұрылып тағы қарады.
Аузы-басын қисаңдатып мазақтап тұрғандай
көрінеді. Енді оны ұстап алудан күдер үзе бастасам
да мына ыржаңдап күлгендей күйігіне шыдай алмай,
ентіге ентелей тағы бір ышқындым.
Даусым да ащы
шығып кетті.
Түлкі бұлаң етіп, изеннің қалыңына қарай бұралаң
тартқанда, алдымыздан пырдай болып бозғылт
балапандар жан-жаққа шашырап жорғалай жөнелді.
Әлі қанаттанбаған бұлдырық балапандар болды.
Қанаты қатайған күннің өзінде бұлдырық аспандап
алысқа ұша алмайды. Мына қу түлкінің қызыл изен
алабын жағалап жүргені де осы əдемі құстың əлегі
шығар. Дүниеде бұлдырық етінен тəтті дəм бар дейсің
бе?