Сүдігерде изен indd



Pdf көрінісі
бет1/38
Дата24.04.2022
өлшемі1,05 Mb.
#140653
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
5-7 сынып



Шерхан МҰРТАЗА
СҮДІГЕРДЕ ИЗЕН 
ЫЗЫҢДАЙДЫ
Ә Ң Г І М Е Л Е Р Ж И Н А Ғ Ы
Алматы, 2020


ӘОЖ 821.512.122
КБЖ 84 (5 Қаз.)
М 84
Шерхан МҰРТАЗА
М 84 Сүдігерде изен ызыңдайды. – Алматы: «Дария 
дамыту орталығы», 2020. – 136 б. 
ISBN 978-601-80804-9-4
Бұл жинаққа қазақ руханиятында ұлт қаламгерлерінің 
ұлы мектебін қалыптастырған, əдебиетіміздің алыбы, 
мемлекет жəне қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның
«Айырбас», «Сүдігерде изен ызыңдайды», «Нөсер», «Қыз 
бен бота», «Көкемарал гүлдегенде», «Шақалақ», «Жаңбырлы 
той», «Сусамыр», «Дəрігердің үшінші қаруы», «Тастай берік, 
гүлдей нəзік» т.с.с. таңдамалы əңгімелері еніп отыр. 
Кітап барша оқырманға арналады. 
ӘОЖ 821.512.122-93
КБЖ 84(5Қаз)
ISBN 978-601-80804-9-4
© «Дария дамыту орталығы», 2020
© Шерхан МҰРТАЗА, 2020


3
АЙЫРБАС
– Жұрттың сендей баласы əуедегіні арбап, жердегіні 
жалмап жұлынып тұрады. Мынаның жатысын қара, ей! 
Манаптың баласы ма едің, ей, түске дейін ұйқысын аша 
алмай манаурайтын?
Айша əлгінде-ақ, сиыр сауарға шыққанда-ақ:
– Тұр, киін, базаршылар кетіп қалатын болды, – 
деп ескертіп кеткен. Қорадағы қызыл сиырдың сүтін 
қақтап сауып қайтып кіргенде, мен əлі ұйқымды аша 
алмай мең-зең болып отыр едім, енді шайдай ашылды. 
Айшаның ашуы өзі даладан бірге ала кірген аяз буынан 
да ызғарлы.
Күн жексенбі еді. Жексенбі келсе Мыңбұлақтың тірі 
жаны Борандының базарына қарай ағылады. Айша мені 
сол базарға жұмсайды ғой.
– Міне, мынау үш қадақ май, – деді ол дорбаға 
салған көк кастрөлді қолыма ұстатып. – Осы үйде 
тумай жатып əкесін жалмаған үш жалмауыз барсың. 
Үшеуіңнің аузыңнан жырып алып жинаған үш қадақ 
май. Үсті-басымыз кірден шіріп кетті. Үш кесек кір 
сабынға айырбастайсың. Түсіндің бе-ей, Барсхан?
Ақшаға сат демейді. Сабынға айырбаста дейді. 
Соғыстың ақшасының құны жоқ. Ақшаға сабын тұрмақ, 
сабақты ине сатып алу да қиын.
Мен шықсам да, күн əлі шыға қоймапты. Бірақ, 
басқа базаршылар əлдеқашан кетіп қалса керек, түнде 
жауған қыламық қардың беті ізден шұбарланып, 
Борандыға қарай жол сайрап жатыр. Қар бетіндегі 


4
Сүдігерде изен ызыңдайды
іздерге қарағанда, жолаушылардың ат мінгені аз, 
есек мінгені көп, жаяулары одан да көп. Бір сиыр ізі, 
он шақты қой-ешкі іздері байқалады. Жолдың шетін 
ала бір иттің ізі де жосылып жатыр. Сірə, Хадиша 
жеңешемнің Майлыаяғы болар. Майлыаяқ Хадиша 
қайда бармасын, соңынан қалмайды ғой. Мақсұттың 
көзі ғой, жүрсе – жүре берсінші деп, Хадиша да оны 
еркіне жіберген. Басқалар сияқты шынжырлап байлап 
тастамайды. Хадиша бір жолы жегжаттарына бармақ 
болып, Борандыдан пойызға отырады ғой. Майлыаяқты 
есігінің алдына байлап, Айшаға аманаттап:
– Айша-ау, мен келгенше Майлыаяққа жуынды 
беріп тұр. Ит те болса, обал ғой. Көзін əлі ашпаған 
күшік күнінде мұны үйге Мақсұт əкеліп еді. Содан 
ба білмеймін, осы байғұс маған тілсіз адам сияқты 
көрінеді, – деді.
Майлыаяққа Айша ие бола алмады. Хадиша кеткен 
соң, қыңсылап-қыңсылап, ақыр аяғы ұлып бəле болды. 
Иесіз үйде ит ұлыған қандай жаман. Ақыры қарғы бауын 
үзіп, қашып кетіпті. Бет алды кетіс емес, Хадишаның 
ізімен жортып отырып, вокзал басына барған да, аңырып 
тұрған да қалған. Хадиша Түлкібастан қайтқанша үш 
күн бойы сол вокзал басынан шықпай қойған ғой. 
Хадиша пойыздан түсіп келе жатса, мойнына біреу 
асыла кетеді. Қараса – Майлыаяқ!
Содан бері Хадиша Майлыаяққа бола алысқа ұзап 
шықпайды.
– Ит те болса, кейбір адамнан артық. Менсіз күні 
жоқ. Жалғыз жар деген Мақсұттың өзі соғыста хабар-
ошарсыз кетті. Мына байғұстың менен шығарда жаны 
басқа. Кейде маған мұңайып қарағаны сонша, осы 


5


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет