Сүдігерде изен indd



Pdf көрінісі
бет7/38
Дата24.04.2022
өлшемі1,05 Mb.
#140653
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38
Байланысты:
5-7 сынып

Сүдігерде изен ызыңдайды
Мен түлкіні ұстай алмадым, бірақ оның аранынан 
бұлдырықтарды сақтап қалдым-ау деймін. Түлкі аңдып 
жүргенін олар көрді ғой, ендігі амалын өздері табар.
Айдалада, көз ұшында қалған арбама салбырап əрең 
жеттім.
* * *
Әлгі Хадишаның сөзінен кейін кəдімгідей үміттеніп, 
Ақжолды өзімше баптауға кіріскен болдым. Арманым: 
Ақжол қысқа дейін өссе, оны алғашқы қарда қансонарға, 
Керегетасқа, қызыл изенді ойпаңға алып бармақшымын 
баяғы. Сөйтіп, қызыл түлкіден өшімді алмақшымын. 
Тек Ақжол дүбəра болмай, тазы болып шықса ғой...
* * *
Мылтық тарс етті. Таңертең, Айшаның:
– Орныңнан қозғалма. Бүркеніп жат, буын-
буыныңды буып алған суық термен шығады. Тер 
қатып қалмасын, шошаңдамай тыныш жат, – деп 
қатаң ескерткені енді далада қалды. Жалаң аяқ, жалаң 
бас, жейде-дамбалшаң алба-далба болып үйден атып 
шығып, сүдігерге қарай сүріне-қабына жүгірдім-ау... 
Барсам, Ақжол күзде өзім салған бораздаға құлап, 
артқы сол аяғы сүйретіліп жатыр. Алға жылжиын деп 
біраз тырмысқан-ақ екен. Жаралы аяғын жия алмай, 
жыламсырап ыңырсиды. Мені көргенде көзі жаутаңдап, 
қыңсылағаны үдеді. Әлдене дейді, бірақ түсінбеймін. 
Түсінетін не бар, мұңын шаққаны шығар. Дереу көтеріп 
алып, қанын сорғалатып үйге алып келе жатқанда, 
алдымнан кəдімгі Хадиша:
– О, қуратқан қу құдай! Енді көрсетпегені осы ма 
еді, – деп гөй-гөйлеп қарсы алды. – Өзің төсек тартып 


23
Сүдігерде изен ызыңдайды
жатқанда бұл не сұмдығың? Итте нең бар, ойбай. Ит 
тұрмақ əкеңнің қайда қалғанын білмейсің... 
Ол кенет оқшия қалып:
– Ойбу, қараң қалғыр-ау, мына байғұстың аяғы 
сіңіріне ілініп қалыпты ғой, обал-ай, – деп күшікті 
өзі көтеріп, мені желкелеп үйге кіргізді. – Жат, ойбай, 
көрпеге оран!
– Жеңеше, – деп алқымыма өксік тығылып əрең 
сөйледім.
– Не?
– Енді Ақжол түлкі ала алмайтын болды ғой..
– Алда тəңірі-ай, арманын-ай мынаның. Алады, 
неге алмайды. Кəзір мен Кенжегүл кемпірді шақырып 
келейін. Емдейді ғой... Жазылып кетер. Көп болса, 
Ахмет ұста сияқты бір аяғы жоқ болар...
Кіршеңдеу жаулығының астынан бурыл шашы 
будаланып, үйге Кенжегүл кіріп келді. Ақжолды көріп:
– Ахмет сорлы аяғының қайда қалғанын білмейді, 
мынанікі жоғалмапты, əйтеуір, – деп дереу іске кірісті
– Басын тізеңмен басып тұр! – деп бұйырды 
соңынан кірген Хадишаға. Хадиша: «Қауып алмасын» 
– деп Ақжолдың басына бұрышта жатқан бос қапты 
жапты да, тізесімен емес, қолымен басты.
Тəуіп кемпір еркектерше белдігіне тағып жүретін 
қайыс қыннан кездігін суырып алды. Кездіксіз жүрмейді: 
дəрі шөптің тамырын қырқады, қызыл жантақ отайды, 
адыраспан кеседі..
– Байғұс-ау, аяғын шынымен кесіп тастайсың ба? – 
деді Хадиша Кенжегүлдің ойын біле қойып
– Кеспегенде ше?
– Таңып қойса бітіп кетпес пе екен?


24
Сүдігерде изен ызыңдайды
– Сүйегі талқандалған. Мен сынықшы емеспін, 
шөппен емдеуді ғана білемін.
Кенжегүл кездікпен жалғыз сіңірді қия бергенде, 
Хадиша көзін тарс жұмып, теріс айналып:
– Ахмет ұстаның ағаш аяғындай аяқ жалғауға 
болмас па екен? – деді. Кенжегүл оған алара қарап:
– Оны қайтейін деп едің? – деді
– Әшейін, Барсхан мұны түлкіге салмақшы еді ғой, 
енді үш аяқтап түлкі алушы ма еді, – деді Хадиша менің 
кеудеме арман ұялатқанына енді өзі кінəлі адамдай 
басыла сөйлеп. Кенет даусын өрекпітіп, арқаланып 
кеткендей:
– Қараң қалғыр түге, керман сұм біздің ер-
азаматтарымызды атып, аяқ-қолынан айырады. Мұнда 
болса Жуанқұл жұмыртқамды жеп қойды деп итті 
атып, аяқсыз қалдырады. Атқыш болса, соғысқа барып, 
фашисті неге атпайды? – деп Ақжолды атқан колхоз 
бастыққа кіжінді.
Кенжегүл Ақжолдың шолтиып қалған тұқыл аяғына 
киіз күйдіріп басқанда, күшік байғұс баж-баж етіп, 
бұлқынды. Бірақ Хадиша оны тырп еткізбей басып 
тұрған, Ақжол əлі əлсіз ғой, босана алмады. Кенжегүл 
оның тұқыл аяғын таңып тастады.
Жуанқұлдың Ақжолды неге атқанын енді түсініп 
жатырмын. Ақжол оның тауық қорасына кіріп кетіп, 
жұмыртқасын жейді екен ғой. Оны Хадиша да біледі 
екен ғой. О баста жұмыртқамен ауыздандырған өзім 
кінəлі екенмін да...
* * *
... Көп ұзамай қар да жауар. Қызыл изенді ойпаңда 
қызыл түлкі алғашқы қарға аунап құлпыра түсер. Енді 


25


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет