52
Сүдігерде изен ызыңдайды
шалдар қылшаның күлін темекінің кепкен жапырағына
араластырып түйеді.
Әне, анау қызыл – жантақ. Оның да көркімен
мақтанар түрі жоқ. Бірақ тілін білгендер гүлдегенде
орып алып, көлеңкеде кептіріп, жапырағын шай орнына
қайнатып ішсе, қан тасыған ауруға дауа көрінеді. Бұл
жантақтың қасиеті туралы бір түрікпен əйелі докторлық
диссертация да қорғаса керек. Дүниенің
осынша
тоқтығына қарамастан өмірі бөтегесі томпаймайтын
қаншыр құс шырғанақ басындағы былтырдан қалған
қатқан дəнді шоқып отыр. Күзге қарай пісетін
шырғанақтың янтарь сары жемісін Алматының көк
базарында орыс кемпірдің дəрілікке
стакандап сатып
отырғанын көрген ем. Тегінде қаншыр ақымақ құс емес.
Көкемаралдың сарғыш гүліне жасыл ара қайта-қайта
қонады. Тұмсығымен шаншыла қонып, өн бойы бір
жиырылып, бір жазылып, би билеп жатқандай болады.
Бармақ басындай жасыл араға осыншама қомағай
құштарлық қайдан пайда болған? Жасыл мен сары
үйлесімді. Ешкім оқытпаса да тіршілік өзі данышпан.
Жасыл ара – тілсіз музыкант. Бірақ,
оның ызыңын
көкемарал ғана ұғатын шығар, біз қайдан білейік?
Кешегі соғыс кезінде шешеміз жұмыстан қайтқанда,
əлдеқандай сары гүлдің түйір-түйір басын үгіп əкеліп,
шай жоқта шай орнына қайнатушы еді. Сол осы –
көкемарал болар ма?..
Көкше шөптің түйме басы үркердей шоғырланып,
əр-əр жерден көрінеді. Бұл – жуа. Бала күнімізде жуаны
қою айранға турап жеуші едік. Қазіргі балалар өйтпейді.
Қуан ағадан: неге? – деп сұрасам:
– Тоқшылық, – дейді.
53
Сүдігерде изен ызыңдайды
«Ашаршылықта жеген құйқаның дəмі аузыңнан
кетпестің» кері емес, сол айранға турап жеген жабайы
жуа дəрі-ау деп ойлаймын.
Осыдан осы сары
байтал бір кезде аман-есен
құлындаса, оның қымызы шырын болар-ау. Өйткені
сары байтал əлгі бір желік қысқан кезін ұмытып, енді
киікотының күлгін гүлін іскектеп сүйсіне жеп момақан
тұр. Ал киікоты – дермене шөптің ағайыны ғой.
Тобылғының түбіндегі іннен көртышқан жылтың-
жылтың етеді.
– Әб, бəле! – деп Қуан аға қамшымен етігінің
қонышын сарт еткізіп салып қалған соң,
көртышқан
көпке дейін көрінбей жатады.
Теңге гүлдің арасында шегірткенің екі көк қасқасы
бірін-бірі шайнап жатыр. Мен Қуан ағаға көрсетіп ем:
– Тұқымың құрымағыр, айғырлары ғой, – деді.
Шегірткеде қызғаныш, бақталастық болғаны ма?
Анда-санда тентек құйын шалықтап өтеді. Қызыл
жоңышқаның
басы ұйпаланып, аспанда оқ тиген
қырғауылдың қанатындай тыпыр-тыпыр ете қалады.
Енді біраз күннен кейін машина шығып, жоңышқаны
шабады. Мен ойлаймын: «бөденелер қайтер екен? Ұя
басып жатқаны да бар шығар. Ақымақ құс болмаса
жоңышқаның арасына ұя салып несі бар!»
Сөйткенше болмай
қызыл жоңышқаның арасынан
тағы да бөденелеp кезек-кезек безілдеп сайрап қоя берді.
Сары байтал басын жерден көтеріп алып, киікотының бір
талы ерніне ілінген күйі қызыл жоңышқа жаққа қарап,
құлағын тігіп қалт тұрып қалды. Сонан соң сыңғырлай
кісінеп, билей басып барып аттарға қосылды. Әлгібір
қызтеке мінезін тағы бастады.