Сүдігерде изен indd



Pdf көрінісі
бет16/38
Дата24.04.2022
өлшемі1,05 Mb.
#140653
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38
Байланысты:
5-7 сынып

Сүдігерде изен ызыңдайды
Аттар тоқ. Ауыздарынан көк иісі аңқиды. Жаңа 
түскен жас тезекті қара қоңыздар апыл-ғұпыл асығыс 
домалатып, індеріне əкетіп жатыр. Енді ылдиға түсіп 
Ақсайдың салқын суынан ішсе де болады. Аттардың 
біразы сиыр пішіндес жирен ауылға қарай аяңдай 
бастады. Бұл шөліркегеннің белгісі. Кеш те бір-бір 
басып, білдірмей келіп қалған екен. Өйткен,і өрмекші 
əуелетіп күміс жіппен дестелеп тастапты.
Сəмбет меринос қошқарларын «кіш-кіштеп» ауылға 
беттеткен Қамбарқасқа үш ұмтылып орнынан тұрды.
Масыл аяғын жерге тигізбеуге тырысып, үш тағандап 
аттардың соңынан ілесті. Жануардың есіл басын біреу 
жоғары-төмен тартқылап бара жатқандай, кегжеңдеп, 
сұйық кекілі желп-желп етеді. Теректен ұшқан мамық 
кең танауына тығыла беріп, қайта-қайта пысқырынады. 
Бір кезде қос қанатпен пара-пар болған шелек танау 
енді азап апанындай.
Қайран Қамбар қасқаның қой қырқымда 
сойылатынын 
естігенім 
қиын 
соқты.
Ауылдың, ауданның атағын шығарған жүйрікті 
талқаны таусылған күні арулап көмсе де болар еді. 
Оның сорпа-суына бір тойғаннан не пайда?!
Кеше ғана Жаңатастан Қаратау қаласына қайтып 
келе жатқан жолдың үстінде сонадайдан бір сап-сары 
тулаққа көзім түсіп еді. Шофердің айтуынша, Жаңатасқа 
көшпелі цирк келген екен. Цирктің бір «артисі» – кəрі 
арыстан жол үстінде ауырып өлген. Сонда цирктің 
адамдары оны фургоннан лақтырып тастап кете 
берген. Енді ары-бері заулап жатқан машиналардың 
дөңгелегінің астында тулақ қалған. Егер деймін-ау 
бес-он минут тоқтап, жол шетінде не көп, тас көп, 
сол таспен кəрі арыстанның денесін жасыра кетсе, ол 


55
Сүдігерде изен ызыңдайды
төбешік «Арыстан қалған» атанар ма еді, кім білсін. 
Қанша айтқанмен аты айуан демесең, неше жыл қызмет 
қылған жолдасы ғой ол артистердің.
Қамбарқасқаның да сүйегі шашылып қалатын шығар. 
Қойқырқым науқаны өтер. Ел пункттен көшер. Сонда 
келер бір жылдары Қамбарқасқаның сүйегі қалған 
жұртқа бұрын-соңды ешкім көріп-білмеген ғажайып 
қарақасқа гүлдер өсіп шығар...


56
ШАҚАЛАҚ
Үлкен сəскеде Борандының саудасынан сəн кете 
бастайды. Тарқаған базардың жұрты көңілсіз. Шақалақ 
шалдың көңілі қазір селкеу жəрмеңкенің құлазыған 
жұртындай.
Шұбар тушаның саудасы жүрмеді. Қияндағы 
қыстаққа бұл қырсық кебенекті қайтадан жетектеп 
азапқа түскенше, өткеніне сата салайын деп Шақалақ 
шыжыған ыстықта мал базар ақыр-тақыр қазан 
болғанша, қаздиып-ақ тұрды. Кебенек келгір өтпеді 
екен деп тағы тастап кете алмады. Ақыры, қайтқан 
малда қайыр бар, шұбар тушаны жетектеп Шақалақ 
жаяулатып ауылға тартты ғой.
Қайтып келе жатып, жолаушы таситын автобустың 
шопырын сыбады.
– Сенің қотыр ешкіңді тасысын деп жүргізіп қойған 
бұл автобусты, – деп кесір шопыр мінгізбей қойған.
Керауыз кемпірін боқтады.
– Қызыңның қылығы шығып қалды. Жұрт құсап 
«кремпілін» кигізбесең өз басына өлім, қара басқыр, 
– деп шұбар тушаны базарға жетектетіп жіберген сол 
болатын.
– Кесапат асқан, – деп қойды ішінен кіжініп 
Шақалақ.
Шын аты Шақабай еді. Бірақ табиғатынан түйме 
бас, қалқан құлақ, қызыл шақа, қылпықсыз көсе болған 
соң жеңгелерінің қойған аты Шақалақ. Өрмекшінің 


57
Сүдігерде изен ызыңдайды
жібіндей қан тамырлары қызғылтым, екі беті ұдайы 
темір қанат балапанның терісіндей болып тұрады.
– Бұл жұрт құтырды, – деді енді базарды балағаттап. 
– Баяғы Некəлайдың заманы болса, қоңыз теріп жер еді, 
енді ешкінің етін жемейді, сүтін ішпейді. Өлгеніне – 
мың адам жиналса, мың адам – жеті сомнан, кісі басы 
сайын жыртыс. Той болса кілем жауып, «Волга» тіккен 
жарыс. Кенет қауымды былай қойып, кемпіріне қайта 
шүйілді:
– Аузыңа қара қан толғыр! – деп тісін қышырлатты.
Сол-сол екен, тісінің ескі құрты қозды ма, мүжік 
асықтай азудың айналасы қақсап қоя берді. Енді жол 
азабына ауру қосылды.
– Атасына нəлет, құртта да ес жоқ, – деді ол бір 
қолымен қатпа қайрақтай жағын басып келе жатып. – 
Менен не тауып жеймін деп түседі екен?!
Аспантаудың аңғарында жатқан ауылға баратын 
соқпаққа əлі асфальт тұрмақ малта тас та төселмеген. 
Жабайы соқпақ едəуір жерге дейін шойын жолдың 
бойын қуалап барады да, оңға бұрылып темір жолды 
кесіп өтіп, тіке төскейге қарай қасқайып жатады.
Қара жолдың піскен топырағына шомылып жатқан 
жабайы кептерлер ешкі жетектеп, ерні кезерген 
Шақалақтың қарасы жақындағанда пыр-пырлап ұша 
жөнеледі. Қапталдағы шаң тұтқан қарасораның, көкбас 
кекіренің кермек иісі тынысыңды қабады. Жуыла-
жуыла оңып кеткен көк көйлектей аспан астында лүп 
еткен леп сезілмейді.
«Қасапшыға мал қайғы, қара ешкіге жан қайғы», 
Шақалақ тісінің ауруымен əлек болып келе жатып, 
шлагбаумға маңдайы тірелгенін бір-ақ білді. Темір 
жолды кесіп өтетін сəтте дəл мұрнының астына 


58


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет