Сүдігерде изен ызыңдайды
өзі Мақсұттың аруағы емес пе деп қаламын, – дейді
Хадиша.
Соны айтқанда кəдімгідей қорқамыз. Бір үйде
жападан-жалғыз адамның ойына не кіріп-шықпайды.
* * *
Борандының базары ығы-жығы. Биік дуалмен
қоршалған базарға кірер есік біреу-ақ. Онда жеңіне
қызыл мата байлаған жуан əйел тұрады. Сатуға зат
алып келгендерден бір сомнан ақы алып, қағаз жыртып
береді. Мен өзімше қулық жасап, білдірмей өтіп кетейін
деп едім:
– Постой! Постой, киргизенок! Ишь ты! – деп
қолымдағы кастрөлді ашып көріп, масқарамды
шығарды. Амал жоқ, бір сом төледім.
Енді кастрөлдің қақпағын ашып қойып:
– Маслə, маслə! Надо милə, милə! – деймін. Оным:
майды сабынға айырбастаймын дегенім ғой.
Әуелі «милəсі» бар адам кездесе қоймады. Ал будақ-
будақ ақша ұсынғандар көп-ақ. Оларға көнбей қойдым.
Үсті-басы шырыштай болып, көк түлкі жағалы, қара
пальто киіп, мойнына ақ жібек орамал салған əйел
қасымнан əрі-бері айналшықтап шықпай қойды.
Киімінен біртүрлі бейтаныс иіс мүңкиді. Сөйтсем,
нафталин екен ғой. Әлгі шырыштай əйел бір кезде таяп
келіп:
– Бала, кітапқа айырбастайсың ба? – деді сыбырлап.
Кітап дегеніне елең ете қалдым. Оны əйел де сезді.
– Қандай кітап?
– Мə, көр, – деп қойнынан жұқалығы дəптердей
кітапша шығарды. Оқып қарасам:
6
Сүдігерде изен ызыңдайды
«Кітаптан соң кітап. И. С.Тургенев. «Муму»деп
жазылыпты. Қазақша. Әлгі жазулардың астында
еңгезердей бір адам күшіктің желкесінен ұстап көтеріп
тұрған суреті бар. Алғым келеді, бірақ Айшаның ашуы
есіме түсіп, лезде бас шайқаймын.
– Надо милə, милə, – деймін.
– Сабын бір күндік, мынау саған өмір бақи азық,
– дейді шырыштай əйел, орысшасын шала-пұла
ұғынықты етіп сөйлеуге тырысып.
– Мама маклаш даст, – деймін. Оным Айша ұрады
дегенім.
Сөйтіп тұрғанда бет-аузы күлдіреңкіреген, сақал-
мұрты қырылмаған, күйелештеу бір дəу кісі гүр-гүр
етіп:
– Балақай! Екі қадақ май – екі сабын! – деп
қағазға ораулы екі кесек бірдеңені сырма фуфайканың
қойнына тығып-тығып жіберді де, кастрөлден екі бөлек
тоңазыған сап-сары майды күйелештеу қолымен іліп-
іліп алып, газетке орап, басымды умаждап-умаждап, ақ
қозының елтірісінен Айша тігіп берген малақайымды
көзіме сырғыта түсірді де, кете барды.
– Aу, тағы біреуі қалды ғой, – дегенімше болмай,
көзден тасаланды. Қойнымдағы кесектерді алып,
қағазын ашып қарасам, кəдімгі кір сабын. Тіпті мөрлеп
тастаған жазуы да бар. Жап-жаңа. «Е, осы екеуі де
жетер, құр қол қайтқаннан гөрі бұ да дұрыс» дедім.
Енді бір қадақ май қалды. «Қадақ» дегенді біреу
түсініп, біреу түсінбес. Менің түсінігімде: «фунт»
дегенге келеді, яғни төрт жүз грамдай болар. Оны
таразыға тартып жатқан Айша жоқ, бір пиала майды
– бір қадақ деп өзі өлшем қойып алған. Бүкіл ауылда
жалғыз сеператор бар. Омар бастықтың үйінде.
7
Сүдігерде изен ызыңдайды
Таңертең Айша қызыл сиырды сауып бола салысымен,
мектепке барардың алдында мен бетін үлдірекпен
байлаған шелекті алып Омардың үйіне жүгіремін. Омар
бастықтың етжеңді сары қарын қатыны сеператордың
ақысы деп аптасына бір рет қаймақты өзі алып
қалады. Қалған алты күннің қаймағынан Айша май
түсіріп, түскен майды пиалаға сылама етіп салып,
одан соң алақанымен шапаттап-шапаттап, сары шелек
сияқтандырады да, суыққа тоңазытып қояды. «Тумай
жатып əкесін жалмаған үш жалмауыздың» алақандарына
анда-санда қарғаның саңғырығындай бір-бір түйір май
салады. Ол кез біз үшін мереке. Алақандағы сары май
емес, сары алтын сияқты болып көрінеді. Саусақпен
болар-болмас жалап, осы бір лəззат сəтін соза түскіміз
келеді. Сөйтіп Айша аптасына үш қадақ май жинайды.
Борандының базары үш қадақ майға кейде сабын,
кейде бөз көйлек, кейде түз, ши шақпақ, кейде жермай
(керосин) айырбастап тұрады. Көбінесе бұл байлық
болмай да қалады. Шақалақ қызыл сары финагент
келіп, май салық қағазын тапсырып кеткен соң – бəрі
бітті. Базарға апаратын май да болмайды, алақанға
салатын тобықтай «сары алтын» да жоқ. Ондайда Айша
отыра қалып, бетін басып солқылдап жылайды. «Тумай
жатып əкесін жалмаған үш жалмауыз» состиып, үн-
түнсіз қаламыз...
Сонымен көк кастрөлде бір қадақ май қалды. Ары-
бері:
– Милə, милə, – деп көріп едім, сабын табылмады.
Бір кезде мойнына көк түлкі салған шырыштай əйел
ілбіп тағы келді. Өңі бит сорғандай боп-боз. Бұрын
Боранды базардан бұлай киінген əйел кездесе бермейтін.
Сірə, соғыс болып жатқан аудандардан болар.
|