Сүдігерде изен indd



Pdf көрінісі
бет10/38
Дата24.04.2022
өлшемі1,05 Mb.
#140653
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38
Байланысты:
5-7 сынып

Сүдігерде изен ызыңдайды
– Катя, тез жүгіріп барып, Сазанбайды шақырып 
келе ғой, – деді Нариман көмекші қызға.
– Қырсықтау еді, келе ме, келмей ме, – деп кінəлі 
адамдай күлімсіреді Нариман көмекші қыз шығып 
кеткен соң.
* * *
– «Сарбаздар» совхозына дейін жүз сексен 
километр, – деді Сазанбай қалың қабағын түкситіп. 
Оның шала ұйқылы көзі қанталап, қызарып тұрды. – 
Машинаны заправить етіп алмаса болмайды. Жолдың 
жартысына дейін ғана асфальт, онан əрі грейдер кетеді...
Қанбай қалған ұйқының ашуы мен тынымсыз 
тілшілерге деген ызасын машинаның дөңгелектерінен 
алғысы келгендей шофер үлкен аяғымен баллондарды 
жағалата теуіп-теуіп шықты. Ақиқат ішінен желі 
шығып кетпесе екен деп тілейді. Ол Ақлимашқа «ұшып 
барып, ұшып келемін» деп еді. Егер дөңгелектің желі 
босап кеткен болса, онсыз да сіркесі су көтере алмай 
тұрған шофер жүрісті кешеуілдете берер деп қорықты.
Сазанбай дəл ұшында қара меңі бар етжеңді кесек 
мұрнын дəу жұдырығымен езгілеп уқалады
– Алдама мені, алдама! – деді ол ақырып, өз мұрнын 
өзі ұрып қанатардай. – Бүгінгі тойдан қалдық қой.
– Сəке, ол қандай той еді? – деді Ақиқат шоферден, 
«ГАЗ-69» қала сыртына ойнақтап шыға бергенде.
Шофер Ақиқаттың бетіне алара бір қарап алды да, 
қос қолымен рульді қыса түсті. Машина ышқынып-
ышқынып, орғи жөнелді. Спидометрдің тілі дірілдеп 90 
мен 100-дің арасында тұрып қалды. Ақиқат астанадан 
ала келген «Аромат» сигаретінің біреуін Сазанбайға 


33
Сүдігерде изен ызыңдайды
ұсынды. Шофер асфальттан көз жазбай отырып, 
сигаретті оң қолымен алып аузына салды.
– Бүгін туған бөлемнің үйлену тойы еді, – деді ол 
сигаретті қызған пропкадан тұтандырып. – Кешке дейін 
жетсем жеттім, жетпесем тойдан қалдым.
– Кешке дейін қайтып оралайық, тойдан қалмайсыз, 
– деді Ақиқат. – Ұшып барып, ұшып қайтайық.
– Әй, білмеймін, тілшілердің тіршілігі бітпеуші еді, 
оны-мұны деп жүріп аласыз ғой.
– Жоқ, Сəке, барамыз да қайтамыз.
Айдалада таспадай асфальт жолдың үстінде 
асығып келе жатқан осы екі адамның əлгі сөздерін 
естіп қойғандай, солтүстік батыс жақтан шудаланып 
бұлт шықты. Асығыс адамдармен қалжыңдасқысы 
келгендей, «сендерді біраз əуре етейін» дегендей, 
аспанды торлап жайыла берді.
Шофердің енді-енді жадырайын деп келе жатқан 
қабағы мына бұлтпен бірге қайта түйілді. «Асфальтта 
ештеңе етпес-ау, бірақ грейдерге шыққанда əкемізді 
танытпаса!» деп Сазанбай аспанға сабырсыздана 
қарады.
Спидометрдің тілі «100» деген цифрдың үстінде 
қалшиып тұрды.
Машинаның əйнегіне алғашқы тамшылар тамған 
кезде, алдыдан грейдер шоқтығы да көрінді. Жаңбыр 
əйнекті сабалап-сабалап үдей түскен кезде, зауза 
қоңыздың кірпігіндей екі сыпыртқы жылаған шынының 
парлаған жасын ысқылап сүрте бастады.
Жолдың үстін лайсаң су мен шөпілдеген сансыз ақ 
көбікшелер басты.
От лақтырып ойнаған бұлт арасынан түскенін, 
жоқ əлде шелектеп жауған нөсерден пайда болғанын 


34
Сүдігерде изен ызыңдайды
кім білсін, əйтеуір, жол үстінен біреу шыға келіп, 
машинаның қарсы алдынан қолын керіп тұра қалды. 
Адамдар асау атты қамалап ұстағанда осылай қолын 
керіп, «так-тактап» тұра қалушы еді. Мына ғайыптан 
пайда болған жанда сондай инстинкт бары байқалды. 
Әйтпесе адам ағып келе жатқан машинаны қолын керіп 
тоқтата ала ма!
«Бассаң басып кет, əйтпесе тоқта!» – дегендей еді 
жанынан безген адамның үрейлі ұсқыны
– Әй, қырсық-ай, осы жұрт үйінде отырса қайтеді 
мына жауында, – деп бетін ара шағып алғандай 
тыржитып шофер тормозға жармасты.
Машина тірі шлагбаумға тіптен таяп қалды.
Аспаннан жаңбыр емес, шелектеп ақ арақ жауғандай, 
«ГАЗ- 69» сол арақтан құтырына мас болғандай, рульге 
əрең көніп арқырап келе жатқан. Спидометрдің сүйрік 
тілі 90 мен 100-дің арасынан қыбыжықтап шықпай 
қойған.
Енді кенет берілген тормоздан дөңгелектердің білезік 
темірлері шыңғыра шиқылдап, машина екпінін баса 
алмай, алда міз бақпай тұрған адамның тұмсығының 
астына барып бір-ақ тірелді.
– Есің дұрыс па, жоқ па? – деп ақырды шофер сұқ 
саусағымен өзінің шекесін аяусыз тоқылдатып.
– Ес қалмады, қарағым, – деді машинаның есігінен 
қармана ұстап, қолы дір-дір еткен егде қазақ. Есіктің 
жақтауынан бүріп ұстағаны сонша, қасқыр тарамысты 
қайратты қоңырқай қолының саусақтары қайың 
ағаштың қатты бұтағындай ағарып кетті.
Машина жүріп кете ме деген қаупі зор көрінеді. 
Күреңіткен бетін жаңбыр сабалайды. Сом иекке шыққан 
бурыл сақалы Микельанджело мрамордан қашап 


35


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет