Сүдігерде изен ызыңдайды
Аспанды бұлттар торлап, оның əлжуаз көгілдір
төсін таптап, шығысқа қарап жөңкіліп жатады. Терезе
алдындағы алма ағаш пен сирень бұталарын дауыл
сілкілеп, жазықсыз жазалап, азаптай бастайды. Бұталар
майысып иіледі, зордың күшімен сəл уақытқа ғана
иіледі, тəкаппарланып қайтадан бой түзейді. Олар
бағынбайды, қасарыса түседі.
Мұны көріп менің ішім жылиды. Мен ырымшыл
емеспін, бірақ бұтақтың берілмей қасарысқанына
жаным сүйсінеді. Терезеге осылай қарап отыра берсем,
көзім жел жұлмалаған сирень шыбығының орнында
ұзын қара шашын жел желбіретіп, дауылға қарама-
қарсы қасарысып алға талпынған Сырғаны көрем. Бұл
бір түс сияқты көрініс.
Түстен айығып, палаталарды аралау керек екені
есіме түседі.
Төртінші палатаға кіре бергенімде, Сырғаның көз
жанары енді терезе алдынан жалт етті. Лезде сөніп,
бұрынғыша мұңайып қалды. Ол есік ашылған сайын
«сол ма екен!» деп өз ерін күтеді. Ал күйеуі қазір
мұның бір жапырақ көңілін көтермейді. Сырға халіне
өзі түсіп қалса қайтер еді? Сырға сонда оның соңынан
бір рет те із салмай: «Халің қалай, Сейсен?» деп бір
ауыз көңіл сұрағанға жарамаса, Сейсен не дер еді? Не
күйде болар еді? Адам атаулыға есендік-саулық тілеп,
оларды аурудан аман сақтау менің борышым бола тұра,
мен қазір өз еркімнен тысқары Сейсенге ауру тіледім.
Сырға қазір де бұлт басқан аспанға қарап жатыр.
Терезеден оған аспанның бір қиығы мен жел жұлмалаған
сирень бұталарының бір түбі көрінеді.
– Сіз білесіз бе, түнде мен жұлдыздарды көрдім,
жартыкеш айды көрдім, – деді ол əдеттегіше сыбырлап,
94
Сүдігерде изен ызыңдайды
қаттырақ сөйлесе демігіп қалады. – Көптен бері
көргенім сол, сағыныппын.
Сырға күрсінгендей болды. «Сау адам көп нəрсені
аңғармайды екен-ау, жұлдызды да сағынады екен-ау»
дедім ішімнен.
Сөйтсем өмірге құштар жан жатып алып, қарама-
қарсы үйдің мұржасынан будақтап ұшқан түтінге де
қызығады екен, балапандарымен топталып телеграф
сымына тізіле қонып, жылы жаққа ұшып кетуге
жиналып, туған жерді қия алмай отырған қарлығаштарға
да қызығады екен. Ол тек күзгі жапырақтардың бұтақтан
үзіліп түскеніне, енді сол жапырақтардың бір-бірімен
еш уақытта сыбырласа алмайтынына қиналады.
– Сіз білесіз бе, мына қара шыбындарды мен жақсы
көремін, – деді Сырға сəл-пəл ғана қан жүгірген жұқа
ерні күбірлеп. – Қара шыбын маған ғашық болғандай
бет-аузымды аймалай береді. Оны ұшырмақ болып
менің жансыз қолым қимылдайды. Шыбын қонбаса,
оның қимылдамауы мүмкін, шыбын қонғанда, денем
шіміріккенде, мен өзімнің əлі өмір сүріп жатқанымды
сезініп, қуанамын...
Осы кезде көшенің ар жағындағы үйдің терезесінен
музыка үні естілді.
– Мынау Чайковский ғой, «Кішкентай аққулардың
биі», – деді Сырға басын көтермек боп, – Мен сестраға
ым қақтым. Маша екеуіміз Сырғаның арқасына жастық
қойып, басын биіктедік. Өне бойы шалқасынан жатқан
адамның сəл де болса еңсесі көтерілгені көрер көзге
жақсы екен.
– Шіркін, балериналар қандай бақытты! – деді
Сырға билеп жүрген кішкентай аққуларды сахнадан
көріп жатқандай-ақ. Оның түсі өзгеріп, қазір койкадан
95
Сүдігерде изен ызыңдайды
өзі түсіп, өз аяғынан жүріп кететіндей көрінеді. Ал
музыка оны шақырғандай, адамның жан-дүниесін
шарпып өтіп, шарықтап кетті. Сирень бұтасына қонған
алмас шықтай бір тамшы Сырғаның алақандай көзінен
домалап түсті.
Палатаға радионүкте орнатып, құлаққа киіп
тыңдайтын наушник алдыру керек екен дедім өзіме-
өзім.
– Төртінші палатаға кіріп шықпайсыз ба? – деді
біраз күн өткен соң коридорда жолыққан сестра Маша.
– Онда не боп қалды? – деппін.
– Бөтендей ештеңе болған жоқ. Бірақ жай кіріп,
аурулармен əңгімелесіп, хал-ахуалын сұрамайсыз ба
дегенім ғой...
– Мен тағы да музыка тыңдадым, ол мені
сергіткендей болды, – деді аурулармен амандасып
енді Сырғаның қасына барғанымда. Ол басынан
наушникті сəл-сəл қимылдатып, оң қолымен алуға
əрекеттеніп: – Мен көптен сағына күткен адамымды
көргендей болдым. Ауру екенімді де ұмыта жаздап, əлі
де əсем үнге жүйе-жүйем босайтынына қуандым. Жан-
дүниемнің саңылаулары бітелді ме деп қауіптенуші
едім. Көңілім мүлде күңгірттенді ме деп қалушы едім.
Мен əлі армандай алады екенмін, доктор, – деп Сырға
қимылдайтын оң қолының шидей саусақтарын терезе
торынан түскен күн сəулесіне тосты. Күн сəулесі
алақанын қытықтап ойнағысы келгендей болды.
– Таң алдында сəл ұйықтап кетіп, сараң ұйқыдан
соң көзімді ашып алсам, күн сəулесін көріп қуанып
қаламын. Мен ұйқыға кеткенде, аяқ-қолым тіріліп
қалған жоқ па екен деп қараймын.
|