Сәбит Жәмбек Қазақ әдебиетінің тарихы Оқу-әдістемелік құрал Көкшетау 2006 ббк



бет1/6
Дата29.03.2017
өлшемі0,95 Mb.
#12732
  1   2   3   4   5   6
Сәбит Жәмбек


Қазақ әдебиетінің тарихы

Оқу-әдістемелік құрал


Көкшетау

2006

ББК

Ж

Оқу-әдістемелік құрал Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ғылыми-әдістемелік кеңесінде талқыланып, пайдалануға ұсынылған.


ISBN:


Жәмбек С.Н. Хандық дәуірдегі әдебиет. Оқу-әдістемелік құрал. Көкшетау – 2006-46 бет

Пікір жазғандар: Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым Академиясының академигі, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Р.Нұрғали.

Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Кемеңгер Қ.Р.

Бұл оқу-әдістемелік құрал филология факультетінің қазақ тілі және әдебиеті мамандығы бөлімінде кредиттік технология жүйесі бойынша алатын күндізгі және сыртқы оқу бөлімінің студенттеріне арналған.


ББК

Ж.
ISBN:


© Жәмбек С. 2006

Баспа:



Кіріспе

Қазақ әдебиетінің көркемдік даму тарихы ұлт тарихымен, оның дәуірлік белестерімен ұштасып жатыр. Оның тарихының жүйленіп, дәуірленуі ел тарихының, азаматтық тарихты ірі-ірі оқиғаларымен, келелі мәселелерімен тығыз байланысып жатыр. Сондықтан да халқымыздың басынан өткен тарихи тағдырлары, ықылым замандардан бері үзілмей жалғасып келе жатқан тарихтың салқар көші, ел тарихының асқаралы белестері, қуаныш-сүйініші, өкініш-күйініші, мұң-қайғысы, өкпе-наласы, зар мұңы, арман-мүддесі, талап-тілегі, дүниетаным-парасаты, ақыл-ойы, қиял әлемі әдеби шығармаларымызда терең ізін қалдырды.

Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеуде қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиеттің алатын орны ерекше. Қазақ елі ең алғаш отау тігіп, өз алдына түтін түтете бастаған шақтан басталатын, қазіргі біз түсінетін, біз қолданатын, қолданыстағы қазақ тілінде ең алғаш әдеби шығармалар туа бастаған, қазақ тілдес әдебиет - осы хандық дәуірдегі әдебиет болатын.

Ежелгі түркі жазба әдеби ескерткіштері – барша түркі халықтарына ортақ арна болар әдеби мұраларымыз, рухани жәдігерлеріміз болып есептеледі. Бұл кезеңде көптеген түркі халықтары ұлт болып ұйысып, тұтаса қоймаған болатын. Сондықтан да олардың рухани мәдениеті, әдеби ескерткіштері ортақ болатын. Осы біртұтас мәдениет алып бәйтеректердің жеке-жеке дарақтарындай ХҮ ғасырдан былай қарайғы кезеңде әрқайсысы жеке-жеке өз төлтума мәдениеттерін жасай бастады. Бұл біртұтас мәдениеттің іштей даралануы тарихи кезеңдердің объективті себептеріне байланысты еді. Еуразияның қиырсыз кең-байтақ кеңістігіндегі жаңа қоныстарды игеру, өз мекендерінен қоныс аудару, тарихи тағдырлар өз толқынымен айдай отырып, дәуірлік жаңа шындықтарға мойынсұндыру, міне осылардың барлығы бір кезде ортақ қағанат, ортақ мәдениет пен әдебиет жасаған түркі ұлыстарын дүниенің төрт тарабына бірдей тарыдай шашып, олардың ортақ, бірегей мәдениетін жаңа пайда болған дәуірлік сипаттарға орай, мәдени-шаруашылық типі және мәдени-географиялық кеңестігіне қарай өзгешеледі. Ортақ мәдениет жаңа шындыққа орай түрленіп, жаңғырды. Қазақ халқының да генотипі (ежелгі түркілік бабалар дәстүрінің мәдениеті) ежелгі дәуірлерде көшпелі тұрмыс құрған түркілік мәдениеттен бастау алады. Ол өзінің гомогендігін (төлтумалылығын, ежелгі дәстүр-бегісі) ХХ ғ. басына дейін сақтап келді.

Хандық дәуірдегі әдебиет – негізінен жыраулар поэзиясынан тұрады. Жыраулар – қазақша сөйлей бастаған әдебиеттің ең алғашқы өнерпаз тұлғалары. Жыраулар поэзиясын бір кезде Алтын Орда құрамында болған, кейін жеке-жеке ұлыс құрған Қазақ хандығы мен Ноғайлы ордасына қарасты Дешті Қыпшақтың ру-тайпалары туғызды. Осы себептенде бұл әдеби мұралар бір кездері осы Орда құрамында болған қазақ, қарақалпақ, ноғай, қырым татарларына ортақ мұра болып есептеледі.

Ежелгі түркі поэзиясының жаңа қоғамдық-саяси жағдайдағы дәстүрлі жалғасы болып табылатын қазақ жырауларының тарих сахынасына шығу кезеңі ХІХ ғасырдың орта тұсынан басталады. Солай бола тұраса да жыраулық поэзияның тарихи тек-тамыры ежелгі дәуірлердің көне сілемдерінде жатыр. Бір-екі ауыз сөздері болмаса шығармалары біздің заманымызға толық жетпеген аттары аңызға айналып кеткен Кетбұғы, Сыпыра, Қотан жыраулар шын мәнінде жыраулық поэзияның көшбасында тұр.

Жыраулық өнер синкретті болмысқа ие. Жырау тұлғасында ақын, жыршы, музыкант, орындаушы сияқты қасиеттер тоғысқан.

Жыраулық поэзия – ауызша импровизациялық, экспромтты өнерге негізделеді. Ақын-жыраулар поэзиясы фольклор мен жазба әдебиеттің аралығында тұрған, дүние жүзі халықтардың әдебиетінде сиреп ұшырасаты құбылыс. Жыраулық поэзияны әлемде тек қана исланд әдебиетінде кездесетін ауызша дәстүрге негізделген скальдтық поэзияға ұқсатуға болады.

Бұл курста студенттер жыршы, жырау, толғау сияқты ұғымдармен таныса отырып, оның әдеби-теорялық мәніне үңіледі.

Курсқа арналған оқу-әдістемелік құрал кредиттік технология жүйесі бойынша білім алатын студенттерге арналған. Мұнда оқытылатын лекциялық дәрістер мен өткізілетін практикалық сабақтардың тақырыптық-жоспарлық құрылымы, курстың мақсаты, міндеттері, лекциялық дәрістердің мәтіндік құрылымы, практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары, әдістемелік нұсқауы, пайдаланылатын негізгі және қосымша әдебиеттер берілген.

Кредиттік технология жүйесі бойынша оқу үрдісінде іске алатын С.О.Ө.Ж. (студенттердің оқытушылармен өздік жұмысы), С.Ө.Ж (студенттердің өздік жұмысы) тақырыптың жоспарлары мен әдістемелік нұсқауы, пайдаланылатын негізгі және қосымша әдебиеттер берілген.

Соңында студенттердің курстан алған білімдік материалдарын бекіту, бағалау мақсатында алынған тест сұрақтары енгізілген. Оқу-әдістемелік құрал жаңа әдістемелік талаптарға орай жазылды.



Лекциялық дәрістер мен практикалық сабақтардың оқу-жұмыс жоспарларының құрылымы.

Қазақ хандығы дәуiрiндегi әдебиет курсында студенттерге оның әдебиет тарихы пәнi екендiгiн үйрете отырып, осы саланың әдебиеттану ғылымында алатын орнын, ерекшелiгiн, мән- мазмұнын ұғындыра отырып, әдебиет тарихы- әдебиеттану ғылымының құрамдас, негiзгi бiр бөлiмi екендiгiн толық ұғына отырып, студенттер қазақ хандығы дәуiрiндегi әдебиет курсынан осы дәуiрге сай төмендегiдей әдеби құбылыстар мен үрдiстердi, әдеби шығармашылық пен әдеби тұлғалар, қоғамдық- әлеуметтiк, саяси, тарихи мәселелердi түсiнiп, бойларына сiңiредi:



  • әдебиет тарихы туралы түсiнiк;

  • оның тарихы, қоғамтану, саясаттану,философия ғылымдарымен байланысы;

  • қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы қоғамдық, әлеуметтiк, саяси жағдай;

  • қазақ хандығы тұсындағы қоғамдық, әлеуметтiк, саяси жағдай

  • қазақ хандығы тұсындағы әдебиет туралы жалпы түсiнiк

  • Жыраулық поэзияның ежелгi тарихы түп – төркiнi, шығу себептерi;

  • Жырау және жыршы;

  • Толғау жанры;

  • Жыраулық дәстүр;

  • қазақ әдебиетi тарихынан жыраулар поэзиясының алатын орны;

Осы қазақ хандығы дәуiрiндегi әдебиет пәнiнен алған тұжырым- түйiндердi, қағида – ережелердi, талғамдарды филология ғылымдары ретiнде:

  • лингвистика;

  • палеография;

  • текстология (мәтiнтану);

Өнертану ғылымдары ретiнде мынадай салалармен байланысады:

  • Өнертану

  • Музыкатану

  • Театртану

Қоғамдық ғылымдар ретiнде мынадай салалармен байланысады:

  • философия

  • эстетика

  • тарих

  • саясаттану

Пәннiң негiзгi мақсаты – Хандық дәуiрдегi әдебиеттiң Ежелгi дәуiр әдебиетiнiң жалғасы екендiгi, оның әдебиеттану ғылымының бiр саласы әдебиет тарихының құрамына кiретiндiгiн, оның өзiндiк көркемдiк болмыс- бiтiмiн, дәстүрлiк сипатын айқындау.



Ежелгi түркi поэзиясының жаңа қоғамдық - саяси жағдайдағы дәстүрлi жалғасы болып табылатын қазақ жырауларының тарих сахнасына шығу кезеңi, жырау мен жыршы, толғау жанры, жыраулық дәстүр , қазақ әдебиетi тарихынан алатын орны секiлдi түбегейлi мәселелердi әдебиеттану методологиясы тұрғысынан түйiндеу болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет