С.Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған
«Сейфуллин оқулары – 15: Жастар, ғылым,
технологиялар: жаңа идеялар мен перспективалар»
атты
халықаралық ғылыми-
теориялық конференциясының материалдары
= Материалы Международной научно-
теоретической конференции
«Сейфуллинские чтения – 15: Молодежь, наука,
технологии – новые идеи и перспективы
», приуроченной к 125-летию С.Сейфуллина. -
2019. - Т.ІI, Ч 1 - Б.57-58
ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРІН
САЛЫСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Құрбанәлі Ә.
Қазақ фразеологизмдерін түркі тілдері фразеологизмдерінің бірімен
салыстыра отырып зерттеу үрдісі – әлемдік тіл біліміндегі өзекті зерттеу
әдістерінің бірі болғандығының көрсеткіші. Осы себепке байланысты түркі
тілдерінің
ішінде
грамматикасы,
орфоэпиясы
тұрғысынан
ортақ
ұқсастықтары көп тілдердің бірі – түрік тілін,
дәлірек айтсақ, оның
фразеологизмдерін қазақ тілінің фразеологимздерімен салыстыра зерттеу
үлкен қызығушылық тудыратындығы анық. Қазақ және түрік тілдері
фразеологияларындағы мағыналық ортақтықтардың бар екендігін тілдегі
ортақ сөздер мен грамматикалық тұлғалардан ғана емес, сонымен қатар
лексикалық параллельдер мен тілдік бірліктердің кездесуінен де болжауға
болады.
Түркі тілдерін тілдік (фонетикалық,
морфологиялық, лексика-
семантикалық) тұрғыдан топтастыру, классификациялау – түркілік
дуниетанымды әлдеқайда терең танып-білуге жол ашады.
Қазақ және түрік тілдерінің өзара байланысы, қарым-қатынасы, өзара
әсері мәселесіне тарихи тұрғыдан зерттеу жұмыстарын жүргізген
І.Кеңесбаев, Ә.Т.Қайдаров, Ш.Ш.Сарыбаев сияқты ғалымдар қазіргі қазақ
тілінде түркі тілдерінің генеологиялық
туыстастығын көрсететін, осыған
байланысты қазақ және түрік халықтарының көне дәуірлерден байланыста
екендігін дәлелдейтін талай зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Қазақ және түрік тілдеріне ортақ немесе бір ойды (мағынаны) беретін
тұрақты сөз тіркестерін анықтау, салыстырылушы тілдердің фразажасам
тетіктеріндегі, образдар жүйесіндегі фразеологиялық мағынаның қалыптасу
процесіндегі ұқсас тұстар мен өзіндік
ерекшеліктерін айқындау,
фразеологиялық сәйкестіктерді, ұқсатықтарды, ортақтықтарды тудырушы
факторларды анықтау сияқты мәселелерді зерттеу үшін синхронды
салыстырмалы екі жақты сипаттау бағыты ұстанылады.
Салыстырмалы
фразеологияның
теориялық-методологиялық
негіздемелерін, олардағы зерттеудің әдіс-тәсілдерін қазақ және түрік тілдік
байланысы аясында фразеологиялық материалдар негізінде пайымдау үшін
зерттеу объектісі ретіндегі фразеологизмдер ең алдымен «лингвистикалық
күрделі құрылым» негізінде түсіндіріледі.
Жоғарыда аталған ғалымдардың фразеология ұғымына берген
анықтамасын
бір арнаға саралайтын болсақ,
«фразеология дегеніміз –
формасы жағынан синтаксистік құрылымдарға ұқсас, бірақ олардай жалпы
заңдылыққа сай сөйлеу кезінде жасалмай, даяр қалпында қайталанып
қолданылатын, семантикалық және лексика-грамматикалық құрамы
тұрақты сөз тіркестері мен сөйлемшелер»
болып табылады [6, 15]. Яғни,
фразеологизмдердің басты ерекшеліктеріне: а) мағына тұтастығы; ә)
құрылым тұрақтылығы; б) даяр қалпында қолданылу тиянақтылығы; в)
бейнелілігі, мәнерлілігі секілді тән сипаттамаларды жатқыза аламыз.
Түрік тіл
білімінде фразеология деп
«...anlatima aqiklik, qekicilik katan
gogunun gergek anlaminda ayri bir anlami bulunan, genellikle birden док sozculti
dil ogesi, kahpla§mi§ sozctik toplulugu»
– «устойчивое (букв, застывшее в
определенной форме) сочетание двух и более слов со значением, отличным
от буквального, и которое придает речи особую яркость и неповторимость» -
деп беріледі.
І.Кеңесбаев
қазақ
халқының
фразеологизмдеріндегі
сөздің,
образдылықтың құдіреті жөнінде айта келе: «... Қазақ халқының өзіндік
ойлау ерекшелігі – дүние шындығын көркем образбен қабылдауы, шешендік
сөз өнерін ұлт менталдығы ретінде көрсетуі, қала
берді табиғат аясындағы
көшпелі өмір салты – «ішімдегінің бәрі – тілімде, тілімдегінің бәрі - түрімде»
дегеніндей қазақ ұлтының терең болмысын байқатады» - деген тұжырымға
келеді.
Түркі тіл біліміндегі фразеологизмдер жөнінде сөз қозғамас бұрын,
нақты теориялық анықтамаларын талдамас бұрын, жоғарыда айтылып кеткен
қазақ академигінің пікірімен сайма-сай келетін түркі тіл біліміндегі
лексиколог ғалым Якуб Кавастың пікірін ұсынғым келеді.
«... Deyimler bir milletin sőz yaratma kudretinder doδar. Milli mühürümüzü
tapiyan ve dil varliklarimiz olan deyimler, bizi kader ve kivançta birbirimize
baδlayarak milli tesanüdü kurar. Kelimleim izdivaciyala kaynapip kaliplapan
her deyim, gü ve hop bir bulupum. Bir kaçkelimeden olupan deyimler, küçük
birsőz daδar ciδinakos kumbir kainatisi δdiririz»
[9, 5]
.
Қазақ және түрік тіліндеріндегі фразеологимдердің
теориялық негізі
бірдей. Екі тілде де фразеологияға берілген анықтамалар бірдей, екі тілде де
идиомалар мен фразалар, екі тілде де фразеологиялық тұтастық,
фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тіркес және фразеологиялық
сөйлемшелер (орамдар) бар. Әрине, белгілі бір дәрежеде әрбір тілдің өзіндік
ерекшеленетін элементтері де кездеседі. Алайда, ескеру қажет, екі ұлт екі
түрлі территорияда, екі түрлі континентте өмір сүреді,
сондықтан да
кішігірім ерекшеліктердің болуы шартты құбылыс.
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» мақаласы
аясында өз тіліміздің түп тамыры түркі тілінен тарағанын ұмытпай, туыстас
түркі тілдерімен ұқсастықтары мен сәйкестіктерін көрсету, тіліміздің
тереңіне үніліп, тарихымызды ұмытпау, келешек ұрпаққа жеткізіп отыру –
ұлт алдындағы басты міндет деп айтуға болады.