«Сейфуллин оқулары– 13: дәстүрлерді сақтай отырып, болашақты құру»



Pdf көрінісі
Дата21.04.2020
өлшемі224,79 Kb.
#63145
Байланысты:
sf13 ped 110



С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 60 жылдығына арналған 

«Сейфуллин оқулары– 13: дәстүрлерді сақтай отырып, болашақты құру» атты 

Республикалық ғылыми-теориялық конференциясының материалдары = Материалы 

Республиканской научно-теоретической конференции «Сейфуллинские чтения – 13: сохраняя 

традиции, создавая будущее», посвященная 60-летию Казахского агротехнического университета 

имени С.Сейфуллина. - 2017. - Т.І, Ч.6. - С.102-105 



БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 

ШЕБЕРЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

 

Ғани Х.  

 

Қазіргі  уақытта  белең  алып  жатқан  әлеуметтік-экономикалық    және 



мәдени сфералардағы өзгерістер мұғалім тұлғасына қатаң талаптар орнатуда. 

Футурологтардың  болжамдары  бойынша  мектептік  білімнің  көкейкесті 

мәселелерін  шешу  үшін  біліктілігі  жоғары,  психологиялық-педагогикалық 

салада  және  өзінің  пәні  аумағында  жоғары  құзіреттіліктерге  ие, 

шығармашылық  өнімді  еңбекке  қабілетті,  педагогикалық  еңбектің  шебер 

мұғалімдері керек.  

А.С.  Макаренконың  пайымдауынша,  педагогикалық  шеберлік  тек  аса 

дарынды адамдардың ғана қасиеті болып табылмайды. Кәсіби-педагогикалық 

шеберлікті  қалыптастыру  процесін  жеделдету  тек  болашақ  мұғалімнің  өз 

мамандығына  дұрыс  таңдау  жасай  білуі  шартында  орын  алмақ,  сондай  ақ 

педагогикалық  жұмысқа  қабылдау  кезінде  болашақ  мұғалімдерді  байыпты 

және  ғылыми  негізді  түрде  іріктеу,  болашақ  мұғалімдердің  қажетті 

білімдерді,  өтілдер  мен  нақыштарды  игеру  деңгейіне,  педагогикалық 

қызметке  деген  қабілеттіліктердің  болуы  мен  осы  қызметке  дайындық 

деңгейіне,  кәсіби маңызы бар қасиеттердің болуына байланысты.   

Педагогикалық  шеберліктің  құрамында  аса  маңыздысы  мұғалімнің 

кәсіби  жарамдылығы  болып  саналады,  өйткені  оның  негізінде  ғана 

педагогикалық  кәсіптіліктің  жоғары  деңгейі  қалыптасып,  дами  алады.  И.Ф. 

Харламов  кәсіби  жарамдылықтың  мәнін  педагогикалық  шеберлікті 

қалыптастырудың  алғышарты  ретінде  ашады:  «Бұл  мұғалімнің  еңбегінің 

жоғарғы  тиімділігін  қамтамасыз  етуге  бағытталған  физикалық,  жүйкелік-

психикалық  және  ар-ождандық  қасиеттері  мен  қабілеттіліктерінің  қажетті 

кешені»  [1].  Оның  көзқарасы  бойынша,  мұғалімнің  кәсіптің  жарамдылығы 

физикалық  және  жүйкелік  денсаулықтың,  жақсы  сөйлей  білу  мәнерінің, 

салмақты мінездің және т.б. болуымен байланысты. 

Педагогикалық шеберліктің құрамдастарын зерттей отырып, ғалымдар 

оның  іргелі  негізі  мен  маңызды  компоненті  мұғалімнің  кәсіби  білімділігі 

деген тоқтамға келген. Педагогтың кәсіби шеберлігі құрамындағы білімділік 

компоненті пән бойынша терең біліммен; психология мен педагогиканы жете 

меңгерумен; жалпы мәдени-танымдық білімдермен сипатталады. 

Мұғалім-шебердің кәсіби білімділігі ең алғашқы кезекте оның өз пәнін 

жақсы  білуімен  және  сабақ  берудің  әдістемесін  меңгеруімен  тікелей 

байланысты. А.С. Макаренко белгілегендей, оқушылар өз мұғалімдеріне аса 



қатаңдылықты, құрғақтылықты, тіпті тұрпайы мінезді кешіре алады, бірақ өзі 

жүргізетін пәнді дұрыс білмеуін кешіре алмайды. 

Н.В. 

Кузьминаның 



ойынша, 

педагогикалық 

қабілеттіліктерге 

педагогикалық елестету (өзінің және білім алушылардың қызмет нәтижелерін 

болжамдау,  қайсыбір  педагогикалық  әрекеттің  салдарларын  алдын  ала  көре 

білу), ұйымдастырушылық қабілеттіліктер (білім алушылардың сабақ үстінде 

оқу қызметін ұйымдастыра білу, сыныптан  тыс немесе мектептен тыс  түрлі 

тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру), педагогикалық тактіге қабілеттілік, өзіне 

және басқаларға талапшыл болу және т.б. [2]. 

Болашақ  мұғалімнің  педагогикалық  қабілеттіліктері  қатарын  И.А. 

Зязюн,  М.С.  Бургин,  И.С.  Дмитрик  сынды  украиндық  ғалымдар  толықтыра 

түседі.  Олар  педагогикалық  еңбек  ету  қабілеттілігін  «жетістікті 

педагогикалық 

қызметтің 

индивидуалды-психологиялық 

алғышарты, 

мұғалімнің  кәсіби  өсуінің  стимуляторы»  ретінде  түсіндіреді.  Олардың 

пайымы 


бойынша,  аса 

маңызды 


педагогикалық 

қабілеттіліктерге 

мұғалімдердің  басқа  адамдармен  диалогтық  қатынастар  орнатумен 

байланысты  жеке қасиеттері жатады: 

–  коммуникативтілік  (араласу  қабілеті,  ораторлық  нақыштарды  игере 

білуі, басқа адамдарды тыңдай алуы және т.б.); 

– кәсіби көріпкелдік немесе перцептивтік, эмпативтілік (бақылай білу, 

адамдардың әлпеті мен әрекеттерінен олардың ішкі қобалжулары мен басқа 

адамдарға  деген  қатынасын  анықтай  білуі;  басқа  адамның  психологиялық 

және  физикалық  ахуалын  түсіне  білуі,  оған  көңіл  айта  алуы,  оның  орнына 

өзін қоя білуі); 

– мұғалім тұлғасының серпінділігі (күшті мінезді көрсете білу қабілеті, 

оқушыларды  өзіне  ерте  білуі,  бұйыртусыз,  оған  қоса,  ешқандай  жаза 

қолданбай-ақ өзін тыңдата білуі, басқа адамдарға жетекші болу қабілеті); 

–  эмоционалдық  тұрақтылық  (өзін  өзі  басқара  алуы,  өз  сезімдерін 

жұдырықта  ұстай  алуы  және  қажет  болған  жағдайда  эмоцияларын  жасыра 

білуі); 

– педагогикалық оптимизм (өзінің кәсіби күшіне және оқушыларының 

рухани  және  физикалық  күшіне  сенуі,  өзінің  кәсіби  жетістіктері  мен 

сәтсіздіктерін  қабылдай  алуы,  кәсіби  қызметтен  және  тәрбиеленушілермен 

сөйлесуден қанағаттанушылық сезімін күшейту); 

– шығармашылық пен креативтілік қабілеттері [3]. 

Жоғарыда  аталған  қасиеттер  мұғалімдерге  ең  алғашқы  кезекте  өнімді 

педагогикалық  байланысты  орнату  және  дамыту  үшін  қажет,  ол,  әрине, 

педагогикалық  шеберліктің  критериі  бола  тұра,  оқу-тәрбие  процесін 

нәтижелі жүзеге асыруға ықпалын тигізеді. 

Педагогикалық  техника  –  педагогикалық  шеберлік  құрамындағы 

маңызды компонент болып табылады. Ю.П. Азаров оны «қажетті тәрбиелеу 

нәтижесіне  қол  жеткізу  үшін  шебер-тәрбиеші  қолданатын  құралдардың 

жиынтығы;  техника  –  бұл  шеберліктің  бір  бөлшегі.  Шеберлік  педагог  өзін 

қалай ұстайтындығында, дауысын қалай меңгеретіндігінде, қандай шектерде 



ашуын,  қуанышын,  күмәнін,  талабын,  сенімін  көрсете  алатындығында, 

ұжыммен және баламен қалай араласа алатындығында көрінеді» [4]. 

Осылайша,  мұғалімнің  педагогикалық  шеберлігінің  құрамы  оның 

кәсіби  жарамдылығымен;  мұғалімнің  қабылдай  алу  және  іске  асыруының 

кешенділігімен,  жүйелілігімен,  субъектілігімен  сипатталатын  кәсіби 

білімділігімен; мұғалім тұлғасының кәсіби-педагогикалық бағыттылығымен; 

дамыған  педагогикалық  қабілеттіліктерімен  және  ұшталған  педагогикалық 

техникасымен сипатталады (1-сурет).  

Мұғалімнің  кәсіби  шеберлігін  жетілдірудің  басты  шарттарының  бірі 

оның  біліктілік  деңгейін  жоғарылату  болып  табылады,  сондай  ақ  мектепте 

арнайы  ұйымдастырылған  әдістемелік  жұмыс  жүйесінің  де  маңызы  зор. 

Әдістемелік  жұмыс  мұғалімдердің  ғылыми-әдістемелік  дайындығын 

жеделдету  бойынша  мұқтаждықтарын  едәуір  көлемде  қанағаттандыруы 

мүмкін, әрине, бұл әдістемелік жұмыстың ндивидуалды және әр түрлі болуы 

шарттарында  ғана  орын  алмақ.  Әртараптандыру  негізінде  әдістемелік 

жұмысты  ұйымдастырудың  нәтижелілігін  түрлі  мамандар  мен  сарапшылар 

құптап  келеді.  Біздің  ойымызша,  бұл  келесі  объективті  және  субъективті 

алғышарттармен байланысты: ең  алғашқы кезекте,  бұл  - мұғалімнің  өмірлік 

және  кәсіптік  ұстанымдары,  олардың  кәсіби  деңгейін  жоғарылатуға 

бағытталған құндылық бағыштылықтары. 

 

 

 



Ескерту – автормен құрастырылған 

 

Мұғалімнің кәсіби жарамдылығы 



Мұғалім  

тұлғасының 

кәсіби-

педагогикалық 

бағыттылығы: 

гуманизм, 

ашықтық, 

мотивация, 

құндылықтар, 

ойтолғау және 

т.б. 

Педагогикалық 



қабілеттіліктер: 

эмпатия, 

динамизм, 

оптимизм, 

креативтік,  

эмоционалдық 

тұрақтылық, 

перцептивтік, 

коммуникатив-

тік 


Кәсіби білімділік 

(өз пәнін, аралық 

ғылымдарды,  

психологияны, 

педагогиканы, 

сабақ беру 

әдістемесін, 

физиологияны 

және т.б. 

 

Педагогикалық 



техника 

(тәсілдердің 

жиынтығы) 

Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық жеке 

қасиеттерінің қалыптасқандығы 

 

Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық 



қызметінің жоғарғы деңгейі 

 

Педагогикалық шеберлік 



 


1 – Сурет. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігің құрылымы 

 

Тағы  бір  көңіл  аударарлық  мәселе  –  бұл  болашақ  мұғалімдердің 



шығармашылық  әлеуетін  университет  қабырғасында  жетілдіру.  А.Е. 

Берікханова,  Ж.А.  Жүсіпова,  Г.Е.  Берікханова  сынды  ғалымдардың 

«Developing  creative  potential  of  future  teachers:  research  and  results»  атты 

мақаласында  өте  қызықты  зерттеу  нәтижелеріне  қол  жеткізілген.  Қысқа 

қайырар  болсақ,  олар  педагогикалық  мамандықтың  студенттерін  екі  топқа 

бөліп,  эксперименталды  топқа  олардың  шығармашылық  құлшыныстарын 

арттыру  мақсатында  түрлі  жаңашыл  форматтағы  сабақтар  мен  ойындар 

өткізген. Ал екінші топқа дәстүрлі нақыштағы сабақтар жүргізілген. Байқау 

соңында  екі  топтың  студенттерінің  арасында  сұрау  жүргізілген.  Сұрау 

нәтижесінде  анықталғандай,  эксперименталды  топтың  студенттері  мұғалім 

кәсібін  игеруге  ынталары  жоғарылап,  студенттердің  білім  алу  және 

танымдық 

белсенділігін 

басқаруға 

қызығушылықтары 

артқан. 


Эксперименталды  топтың  студенттерінің  89%-ы  өздерінің  кәсіби 

шеберліктерінің  жоғары  болатындықтарына  сенім  білдірген,  мұны 

шығармашылық  оқытуға  деген  дайындықтың  жоғарғы  деңгейінің 

қалыптасқандығының арқасында орын алды деп айтуға болады [5].

 

Әйтсе  де,  болашақ  мұғалімнің  кәсіби  қалыптасуы  мен  дамуы 



педагогикалық  оқу  орнының  қабырғасында  аяқталмайды,  ол  оның  бүкіл 

педагогикалық қызметі кезеңінде жалғасып отырады. Айта кететін маңызды 

нәрсе, мұғалімнің кәсіби білім алуының үздіксіздігі мен толассыздығы оның 

шығармашылық  қабілеттіліктерін  дамытудың  қажетті  алғышарты  болып 

табылады  және  оның  жеке  индивидуалдық  педагогикалық  тәжірибесін 

тұрақты  түрде  дамытып  отырудың  шарты  болып  саналады.  Мұғалімнің 

кәсіби  шеберлігі  мен  педагогикалық  мәдениетінің  қарқындап  өсуі  келесі 

шарттарда орын алмақ: егер тұлға қызметтің белсенді субъектісі позициясын 

ұстанатын  болса,  егер  оның  тәжірибелік  индивидуалдық  өтілі  оның 

әлеуметтік  және  кәсіби  тәжірибесімен  мәндестіріліп,  араластырылатын 

болса,  егер  педагогикалық  ұжымда  шығармашылық  кәсіби  ізденіс 

қолпаштанатын және марапатталатын болса.  

Бүгінгі  таңдағы  әлеуметтік-мәдени өмірде  болып  жатқан   өзгерістерге 

байланысты,  білім  беру  жүйесінде,  білім  алушылардың  оқу-танымдық 

қызметінде  және  олардың  тұлғалық  даму  процестерінің  сипатында 

мұғалімдердің  рефлексияға,  «мұғалім-оқушы»  коммуникативтік  жүйесіндегі 

шынайы  педагогикалық  сөйлесуді  ұйымдастыра  алу  қабілеттіліктері, 

сонымен  бірге,  мұғалімнің  инновациялық  мәдениетінің  қалыптасқандығын 

анықтайтын  креативтік  қабілеттіліктері  анағұрлым  көп  сұранысқа  ие  болып 

отыр.  


Замануи  педагогикалық  процестің  ерекшеліктеріне  байланысты, 

мұғалімнің  кәсіби-педагогикалық  шеберлігінің  басты  көрсеткіштері  ретінде 

мұғалімнің, оның білім алушылардың тұлғалық дамуының жоғарғы деңгейі, 

олардың тығыз байланысып, өзара жақын араласып, әрекет етуінің нәтижесі 

ретіндегі өзін өзі дамытуға қабілеттіліктері қолданылады. Басқаша айтқанда, 



заманауи  мұғалімнің  педагогикалық  шеберлігінің  маңызы  критериі  оның 

жаңа  педагогикалық  ой  толғауының  болуында  жатыр,  ол  педагогикалық 

процестегі  оқушының  субъектілік  ролін  түсінуде,  білім  алушылардың 

тұлғалық өзін өзі дамытуына қолайлы жағдайлар жасау қажеттілігін түсінуде 

жатыр. 

Қорыта  айтқанда,  әрбір  болашақ  мұғалімнің  педагогикалық 

қабілеттіліктері  әр  түрлі  жолдармен  қалыптасады  және  ары  қарай  дамиды. 

Оның  серпінділігі  мен  қарқындылығы    педагогикалық  шеберліктің 

құрылымдық 

компонентінің 

маңызды 

сипаты 


болып 

табылады. 

Педагогикалық  қабілеттіліктер  дамуының  мұндай  сипаты  кез  келген 

педагогтың  бойынан  табыла  бермейді,  бұл  оның  кәсіби  жарамдылығының 

болуы  мен  оның  даму  деңгейімен  және  мұғалім  тұлғасының  кәсіптік-

педагогикалық  бағыттылығымен  байланысты.  Осылайша,  мұғалімнің  кәсіби 

және  педагогикалық  шеберлігі  тек  оқу  мекемесінде  ғана  негізі  қаланып, 

қалыптасуы  оның  қызмет  етуінің  ақырына  дейін  жалғаса  береді.  Тек 

мұғалімнің  үзбей  шығармашылық  ізденісте  болып,  жан-жақты  білімін 

толықтырып,  біліктілігін  жоғарылатқанда  ғана  педагогикалық  шеберліктің 

деңгейін жоғарылата алады. Оған қоса, педагогикалық шеберлікті шыңдауда 

өзін өзі дамыту қабілетінің бар болуы аса маңызды роль ойнайды. 

 

Әдебиеттер тізімі 

1. Харламов  И.Ф.  О  педагогическом  мастерстве,  творчестве  и 

новаторстве // Педагогика. – 2007. – № 7 – 8. – С. 11–15. 

2. Кузьмина  Н.В.  Очерки  психологии  труда  учителя.  Психологическая 

структура деятельности учителя и формирование его личности. – Л.: Изд-во 

Ленинградского университета, 2003. – 183 с. 

3. Основы  педагогического  мастерства:  Учеб.  пособ.  для  пед.  спец. 

высш. учеб. заведений / И..А. З Зязюн, И.Ф. Кривонос, Н.Н. Тарасевич и др.; 

Под ред. И.А. Зязюна. – М.: Просвещение, 2009. –302 С 

4. Азаров Ю.П. Чувство, техника, мастерство. – М.: Знание, 2002. – 32 

с. 

5. A.E. Berikkhanova, Zh.A. Zhussupova, G.Ye. Berikkhanova. Developing 



creative  potential  of  future  teachers:  research  and  results  //  Procedia  -  Social  and 

Behavioral Sciences. – Vol. 171. – 2015. – P. 1142 – 1146. 



 

 

 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет