Сейтенова Бакыт Есимкызы
бастауыш сынып мұғалімі
Көкшетау қаласы «№ 12 орта мектебі» КММ
Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға
Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да - балалар, яғни бүгінгі ұрпақ - ертеңгі елдің болашағы. Шығыс ғұламасы Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген.
Оқушыда сапалы білім мен тәрбие болу үшін мектеп, ата-ана, ұстаз тығыз байланыста боллғаны абзал.
Ата-ана баласына көбірек уақыт бөліп қадағалау, бағыттау, бағалау, білім олқылықтарын анықтап дер кезінде көмектесіп отыру қажет.
Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздармен үй шаруасында жүріпте сөйлесе алады.
Ш.Амонашвили «Воспитание детей нужно начинать с воспитания родителей» деген. Өйткені, қазіргі кезде әсіресе жас ата-аналар балаға дұрыс тәрбие бере алмайды да мұғалімге кінә тағады. Өйткені, отбасы - бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы екенін түсіне білмейді. Және түсінгісіде келмейді.Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы-ата-анасы екенін және отбасындағы ата-анаға өздері өмірге әкелген баласы үшін қаншалықты жауапкершілік жүктелетіндігі елімізде заң жүзінде қарастырылған туралы алғашқы кезден бастап ақ ата-анаға түсіндіріп жеткізуіміз қажет. Ал баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек.
Өйткені, баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына ұстазға, ата-анаға, құрбы-құрдастарына, олардың күнделікті іс-әрекетіне, жүріс-тұрысына, сырт көрінісіне, сөйлеген сөзіне, әдептілік т.б. қасиеттеріне байланысты.
Ақыл-кеңес қар сияқты: неғұрлым жұмсағырақ түскен сайын, соғұрлым ұзағырақ жатады және тереңірек енеді, деген екен. К. С. Тейлор.
«Баланың алдында ата-ана қандай болу керек?» деген сұрақ туындайды.
Ата-ана ...
- Тәрбиелі, мәдениетті;
- жан-жақты, күнделікті өмір жаңалықтарынан хабардар ;
- Бала алдында жат қылықтар көрсетпеу , яғни дөрекі сөйлемеу , ұрыспау себебі , күнделікті мұндай кикілжіңнен бала жасық болып өседі .
- Ішімдік ішпеу , артық сөйлемеу яғни, біреуді жамандамау, өсек айтпау тиіс.
Ата-анамен жүргізілетін жұмыс түрлері:
1.Ата – аналармен тығыз байланыста болу.
2.Ата – аналар комитетінің отырысы.
3.Оқушының жанұясына (үйіне) барып тұру.
4.Ата –аналар жиналысын жаңаша үлгіде өткізу(ұйымдастыру).
5.Ашық сабақтар күнін өткізу.
Достарыңызбен бөлісу: |