Шегенің ізі.
Баяғыда мінезі жаман бір жас жігіт болса керек. Ешкім оны түзей алмапты, қателігін айтқан сайын ызалана түсіпті. Бір күні әкесі оған іші шегеге толы бір жәшік беріп: «Маңайындағы достарыңмен әр жанжалдасып қалған сайын тақтайға бір – бір шегеден қағып отыр», - деп табыстапты.
Алғашқы күні – ақ баласы тақтайға көп шеге қағып, табыстапты. Келесі күндері де аз болмапты. Осы қарқынымен, әлгі тақтайды толтыруға аса көп уақыт жұмсамапты. Тақтайдың толғанын көргенде әкесі оған: «Енді сол достарыңмен жеке – жеке татулас. Әр татуласқан сайын бір шегеден суырып отыр», - дейді.
Біраз күндер өтіпті. Бір күні қараса, қағылған бар шеге суырылып біткен екен. Сонда оны сырттай бақылап жүрген әкесі баласын тақтайдың алдына ертіп әкеліп: «Балам, жарайсың, жарадың, - депті, - алайда мына тақтайға жақсылап тұрып қарашы? Шегелерді суырғанда қалып қойған орындарын, қарайған көп тесікті көріп тұрсың. Тақта әуелгісіндей таза қалпында, әдемі болып қалмады. Достарыңмен төбелескен сайын арада жаман сөздер айтылады. Әр реніш сөз көңілде мына шегенің орны тәрізді бір – бір дақ қалдырып отырады, сондықтан ешкімнің көңліне кірбің ұялатпағайсың, балам», - деген екен ұлын сабырға шақырып, өмірлік ұмытылмас сабақ ұқтырады.
Менің айтпағым, былтыр менің сыныбыма жаңадан оқушы келді. Менде осы әдісті өз сыныбымда қолданып көрдім. Ол Астана қаласында оқыған. Оқуы жаман емес, бірақ тәртібі өте ауыр. Тез ашуланады, дауыстап отырады, орнында отырып жауап береді ...
Оқушылармен тіл табысуы өте ауыр. Әке – шешесі жұмыс бабымен Астанада қалған, оның сабағына, тәрбиесіне ата-әжесі және тәтесі жауапты. Жаңағы айтылған әңгімеге сүйеніп, Санжардың атасына тапсырма бердім. Атасы үйіне барғасын немересіне бір жәшік шеге салынған жәшікті және бір тақтай беріп: «Маңайындағы достарыңмен әр жан-жалдасып қалған сайын тақтайға бір – бір шегеден қағып отыр», - деп табыстады. Сол кеште ақ, немересі тақтайға көп шеге қағып тастапты.
Тақтайдың толғанын көргенде атасы оған: «Енді сол достарыңмен жеке – жеке татулас. Әр татуласқан сайын бір шегеден суырып отыр», - дейді.
Біраз күндер өтті. Қағылған бар шеге суырылып біткен екен. Сонда оны сырттай бақылап жүрген атасы немересін тақтайдың алдына ертіп әкеліп: «Немерем, жарайсың, жарадың, - депті, - алайда мына тақтайға жақсылап тұрып қарашы?
Шегелерді суырғанда қалып қойған орындарын, қарайған көп тесікті көріп тұрсың. Тақта әуелгісіндей таза қалпында, әдемі болып қалмады. Достарыңмен төбелескен сайын арада жаман сөздер айтылады. Әр реніш сөз көңілде мына шегенің орны тәрізді бір – бір дақ қалдырып отырады, сондықтан ешкімнің көңліне кірбің ұялатпағайсың, балам», - деген екен немересіне сабырға шақырып отырады.
Иә, реніш артынан риясыз кешірілсе жақсы, әйтпесе, көп жағдайда жан сыздатар , еске түскен сайын көңілді қаралап, жанды жаралайтын із тастап кететіні, ащы да болса ақиқат. «Алдыңа келсе , атаңның айыбын кеш » деген бабаларымыз әрқашан кешірімді негіз етіп ұстаған. «Бір ашуыңды маған бер», «Тентегімді жөнге салуды өзіме қалдыр», «Бір білместік өтті» , егер бала болса «ісінің шалалығы» деп, жас болса «жастық шақта кімнің басынан не өтпейді» деп , үлкен кісі болса «жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ бола ма» деген секілді сөздермен әйтеуір екі жақты өзара бітістіруге, араларын татуластыруға, артын тым ушықтырмауға тырысқан. Сол оқушым сәуір айында болған қалалық «Абай оқулары» атты мәнерлеп оқу сайысында 3 орынға ие болды, әрине бұл аз да болса, жетістік деймін.
Кел, ойнайық!
Сөзжұмбақ “Отбасы”
1.Мектепке келген бала. оқушы
2.Әкеңнің әкесі. ата
3.Ағайынды қыздардың балалары. бөле
4.Сені дүниеге әкелген адам. ана
5.Жаңа туған бала. сәби
2-топ
Сурет салу
1-топ.
Отбасы туралы мақалдар
6.Анаңның туыстары. Нағашы
Топтық жұмыс.
4-топ
Логикалық тапсырма
3-топ
Өлең шығару
Логикалық тапсырма
Отбасында 3 ұл бала бар. 3 ұл баланың бір – бірден қарындастары бар. Отбасында неше бала бар?
«Туыс» деп кімдерді айтады?
«Мен» және «біз» дегенді қалай түсінесің?
Кім бесікте жатты,бесік жырын білесің бе?
Мақалды жалғастыр: Ата—баланың қорғаны.
Ата-асқар тау, ана- бауырындағы бұлақ, бала- жағасындағы құрақ.
Әке көрген оқ жонар. Үлкенге құрмет – кішіге міндет. Ата балаға сыншы.
Ата-бәйтерек, Бала - жапырақ. Атадан бала туса игі, Ата жолын қуса игі.
Сұрақ-жауап.
Отбасындағы әкенің рөлі қандай?
Отбасындағы ананың рөлі қандай?
Отбасындағы баланың рөлі қандай?
Сонымен қатар биылғы оқу жылында ата-аналарды сыныптағы және мектепішілік іс – шараларға белсене қатыстыра білдім. Мысалы: «Шаңырақ сайысы» әр отбасы өзін-өзі танытырды, өз өнерлерін ортаға салды, әкелер қамшы өрді, аналар ою ойды, қазақтың салт – дәстүріне байланысты тапсырмалар мен сұрақтарға жауап берді.
«Әкем,шешем және мен спорттық жанұя» отбасының спорт жағынан өнерлерін тамашаладық. Отбасының бір –біріне деген жан ашу, қуанышқа бөлену сияқты жақсы қасиеттерді байқадық. Спорт адамға әрдайым күш жігер береді. Дені саудың, жаны сау деп бекер айтылмаған,«Ертегілер елінде» бұнда оқушылардың артистік, шебер сөйлеу, ортада өзін еркін ұстаулары мен кітапты қаншалықты жақсы көретіндерін байқатты.
Қорытынды:
Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі. Бала – ата- ана өмірінің жалғасы.
«Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған.
Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін баламыздың жан дүниесіне үңілейік!
Достарыңызбен бөлісу: |