Студенттік жоба тақырыбы (СӨЖ):“Әлеуметтанудың негізгі ұғымдары:әлеуметтік топ,ұйым,институт,процесс және басқалары”
Секция: Әлеуметтік-саяси білім модулі
Мамандық: 5B011900-Шетел тілі:Екі шет тілі
Курс:1
Қабылдаған: Габдасаттарова М.Г
Орындаған:Асқар Алтынгүл Саламатқызы
Әлеуметтанудың негізгі ұғымдары:әлеуметтік топ,ұйым,институт,процесс және басқалары
Әлеуметтану ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. Жоғарыда көрсетілгендей, оның негізін салушы француз оқымысытысы Огюст Конт (1798-1857 ж.ж.) болды. Оның әлеуметтану тұжырымдамасының негізінде қоғам дамуының сатыларға жіктелуі туралы идея жатыр.
Жалпы, О.Конттың тұжырымдамасы бойынша, әрбір қоғамды ақыл-сана, жалпы идея басқарады деген идеалистік ой жатыр. Сондықтан О.Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интеллектуальды ақыл-ойының, санасының бір ізділікпен дәйекті дамуының үш кезеңі, яғни теологиялық метафизикалық және позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді.
Бірінші, яғни теологиялық сатыда адам қандай да бір құбылыс, процесс, зат болмасын, оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты, оларға табиғат пен өмірге байланысты жоқ ғажайып, абстарктілі ұғымдарды қолданды.
Екінші, яғни метафизикалық сатыда адам табиғаттан, өмірден тыс абстрактілі ұғымдардан бас тартты, ендігі жерде құбылыстарды, процесс, олардың мәні мен себебін философиялық абстракциялы ұғымдардың негізінде түсіндіруге тырысты. Бұл кезеңнің басты қызметі – ол қандай да бір затты, құбылысты, процесті алмайық, оларды сын тұрғысынан өткізіп қарауды қажет етеді. Сөйтіп екінші кезең адамның интеллектуалды дамуының ғылыми түрін, яғни позитивизмді дайындады.
Ал, үшінші, яғни позитивистік кезеңде адам құбылыс, процесттердің, заттардың абстрактылы мәндері мен мазмұндарынан, себептерінен бас тартады. Ол тек қана құбылыстарды бақылап, олардың арасындағы тұрақты байланыс пен қатынастарды белгілеп отырды.
О.Конттың пікірінше, ғылым позитивтік сипатта болуы керек, ол үшін нақтылы фактілерді оқып, үйрену қажет. Нақтылы фактілер –бұл әлеуметтік құбылыстар мен процесттер.
Ғылымдардың дамуы, бір кезеңнен екінші кезеңге өтуі ретпен болады, бірақ бір уақытта болмайды. Бұл арада басшылыққа алатын бір қағида – ғылымға қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай даму тән. Объект қарапайым болған сайын одан алынатын позитивтік (яғни, оң, жағымды – А.И.) білім жеңілірек, тезірек болды. Осыған орай позитивтік әдіс алғаш рет математика, физика, астрономия, химия, биология ғылымдарына қолданған. Ал, әлеуметтану жағымды, оң білімнің ең жоғарғы шыңы, өйткені ол құбылыстарды, процестерді зерттегенді “позитивтік” әдістерге сүйенеді. Позитивтік әдіс теориялық әлеуметтік талдауларда бақылау, салыстыру, эксперимент, т.б. арқылы эмпирикалық (яғни, тәжірибелік) факторларға сүйенеді.
Әлеуметтанудың шығуына екінші бір үлкен себеп болған оқиға, ол О.Конттың өзі ашқан еңбектің бөлінуі және оны кооперациялау туралы заң болды. Бұл фактілердің адамзат қоғамының тарихында үлкен маңызы болды, өйткені бір жағынан осылардың негізінде қоғамда әлеуметтік және маманданған топтар пайда болды, қоғамда адамдардыің әл-ауқаты, материалдық тұрмыс жағдайы біршама жақсара бастады. Екінші жағынан, бүл факторлар қоғамға кері әсер етті, өйткені бұлар байлықтардың бір қолға, немесе кішігірім топтардың қолына жиналуынан әкелді, сөйтіп қанаушылыққа жол берді. әлеуметтік сезім бір мамандықтағы адамдарды топтастырады. Осыған орай адамдардың түрлі корпоративтік эгоистік мораль пайда болады. Ал, осылар бақылаудан шығып кетсе, онда қоғамның негізі болатын адамдардың арасындағы ынтымақтастық және келісім бұзылатын болды. О.Конттың пікірінше, осы адамдардың арасындағы ынтымақтастықты, келісімді тек әлеуметтану ғылымы реттеп отырады.
О.Конттың әлеуметтану тұжырымдамалары әлеуметтік статика және әлеуметтік динамикадеген бөлімдерден тұрады. Әлеуметтік статика қоғамдық өмір сүру жүйенің шарты мен даму заңдылықтарын зерттейді. Бұл салада О.Конт әлеуметтік институттардың негізгі түрлерін, яғни, отбасын, мемлекетті, дінді алып қарайды. Олардың қоғамдағы атқаратын қызметін (функциясын) және адамдардың арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы рөлін көрсетеді.О. Конт қоғамның ілгері дамуы туралы теорияны әлеуметтік динамикада одан әрі жетілдіреді. О.Конттың пікірінше, қоғамның ілгері дамуы негізінде, рухани бастама, адамзаттың ақыл-ойының дамуы жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |