Зерттеу жұмысы



Pdf көрінісі
Дата14.12.2022
өлшемі188,2 Kb.
#162826
Байланысты:
Түркістан автономиясы туралы



 
 
 
Зерттеу жұмысы
Тақырыбы: 
Не себептен Түркістан автономиясы жойылды? 
Орындаған:
Кистаубаева Асель,1471-топ 
Тексерген:
Болтаева Сая
Алматы,2022 


Не себептен Түркістан автономиясы жойылды? 
Түркістан автономиясының құрылуы қазақ тарихында елеулі орын алатын, 
тарихи маңызы мен салмағы ауқымды, елеулі оқиға болып табылады. 
Түркістан автономиясын қазақ ұлтының тәуелсіздігіне, егемендігіне қол 
жеткізгендігінің бірден-бір айғағы, сондай-ақ отаршыл жүйеге қарсы тұрып, 
азаттық үшін күрес қимылдарын жүргізудің символдық нышаны деп есептесек 
қателеспейміз. Автономияның саяси маңызы, Орта Азия жеріндегі тарихи 
маңызы өте жоғары болды. Себебі автономияның құрылуы келешекте басқа да 
азаттық күрес үшін құрылған ұйымдар мен партиялардың, автономиялардың 
құрылуына өзіндік септігін тигізе білді. Алайда балаларымыздың елеулі 
еңбегімен келген автономияның өмірі сол замандағы қатал да қатаң кеңестік 
жүйенің әсерінен тарих сахнасынан ұзақ орын ала алмай небәрі 64 күн ғана 
өмір сүрді. Сондықтан да автономия өмірінің осыншама қысқа болуына 
біршама нақты себептер мен дәйектер бар.
Түркістан автономиясының құрылуы 1917 жылғы «Қазан» төңкерісінен 
кейінгі кеңестік үкіметінің орнауымен тығыз байланысты. Бұрынғы Ресей 
иеліктерін өзіне жаппай бағындырып жатқан кеңестік үкімет ендігі көзін Орта 
Азия елдеріне тікке болатын. Ол, өлкеде «Түркістан халық комиссарлар 
кеңесінің» құрылғанын хабарлап, жергілікті халықтың өзін-өзі басқара 
алмайтындығын, бостандығына жете алмайтындығын осы әрекеті арқылы 
анық дәлелдеген болатын. Себебі аталған кеңес құрамындағы 14 мүше 
азаматтың ішінде ешбір қазақ не мұсылман азаматы болмады. Бұл сол 
уақыттағы халықтың және қазақ зиялыларының ызасын туғызып, және 
Мұстафа Шоқай, Мұхамеджан Тынышпаев және басқа да ұлт қайраткерлері 
тарапынан жаңа Түркістан автономиясының құрылуына алып келді. 
Автономияның құрылуы «Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесінің» 26-шы 
қараша күні шақырған съезінде толық талқыланып, бір ауыздан мақұлданды. 
Автономияның төрағасы Мұстафа Шоқай ал ішкі істер министрі ретінде М. 
Тынышбаев сайланған болатын. «Жасасын Түркістан мұхта­рияты!» - деп 
ұрандатқан халық зиялылары халықты өздерін қолдауға шақырып, 
автономияның іргесін берік қалауға тырысты. Осы ретте Түркістан 
автономиясының төрағасы Мұстафа Шоқайдың мына бір сөзін арқау ете 
аламыз «Бiз, Түркiстан тауелсiздiгiн жақтаушылар, еліміздің еркi үшiн және 
жұртымыз 
Түркiстанның 
бодандықтан 
кұтылуы 
үшiн 
күресеміз. 
Түркiстандықтарда бұдан басқа жол болмаған. Қазір де жоқ және бұдан соң да 
болмайды. Бiздiң мұратымыз Түркiстанда түрi жағынан да, мазмұны жағынан 
да ұлттық болатын мемлекеттік құрылымға қол жеткізу болмақ. Сонда ғана 
халқымыз өз жерiнiң нағыз қожасы бола алады» [1].
Түркістан Автономиясы құрылғанынан кейін бірнеше маңызды мақсаттарды 
алға қойды. Оның ең негізгі мақсаты мемлекетті әділетті құру болатын. Осы 
тұста Мұстафа Шоқайдың қазірге дейін маңызын жоғалтпаған идеялогиялық 


көзқарасын арқау етіп алсақ болады: «Біздің Түркістан үшін ең 
қорқыныштысы – халықтың бірлігінің болмауы. Мен өзіміздің әлсіз екенімізді 
жақсы білемін. Мен халқымның тыныштығын және бірлігін қалаймын. 
Сондықтан да Швейцария мемлекетінің үлгісімен федерациялық мемлекет 
құрғым келеді»[2]. Егер жақсылап назар аударатын болсақ онда Түркістан 
автономиясының бірнеше түбі бір түрік халықтарының территориясында 
орналасқанын және сол халықтар мен ұлттардың бір бөлігін қамтитынын көре 
аламыз. Оған дәлел автономияның ресми тілдерінің қазақ тілінен бөлек, 
қарақалпақ, өзбек, қырғыз және тәжік тілдерінен тұруы. Осы мысалдар да 
Түркістан автономиясының Орта Азия мен оның халықтарының болашақтағы 
өмірі үшін қаншалықты маңызды екенін көре аламыз. Сонымен қатар 
автономия халыққа білім беру жүйесін дамытуды, оларға жазу-сызуды 
үйретуді және т.б халық арасындағы әлеуметтік мәселелерді шешуді көздеді. 
Алайда жоғарыда айқанымыздай тек екі ай ғана өмір сүрген автономия өзінің 
қалаған армандарына жете алмай өмір сүруін отаршыл жүйенің әртүрлі 
салдарынан ғұмырын ерте тоқтатқан болатын.
Түркістан автономиясының тез күйреп жойылуына әсер еткен ең үлкен себеп 
ол екі биліктің де бір аймақта қатар жүргізілуі еді. Сол уақыттары билікті өз 
қолына алған кеңестік қызыл әскер Түркістан автономиясы аумағына өз 
билігін нығайту үшін «Түркістан халық комиссарлар кеңесін» құрған болатын. 
Соның әсерінен автономия аумағында бірі кеңестік жүйеге бағытталған, 
жергілікті халықтың құқықтары мен бостандықтарын шектейтін жүйе 
қалыптасты, ал екінші отарлық жүйеге қарсы, халықты орыс не мұсылман деп 
бөлмей бәрінің құқығын тең силайтын жүйе енді-енді қалыптасып келе жатқан 
еді. Сол себептен қалыптасқан жағдайға байланысты екі үкіметтің ойлаған 
мақсаттары екі жерден шығып, бір-бірлерімен мүлде келісе алмады. Сондай 
келісе алмаушылықтың бірі хылықтың руханиятына байланысты туындаған 
болатын. Автономия үшін ең маңыздысы тәуелсіздік болса, соған жететін ең 
басты құндылық ол ұлттық рух. Өз ойыма Мұстафа Шоқайдың «Ұлттық 
рухсыз ұлт тәуелсіздігі болуы мүмкін бе? Тарих ондайды көрген жоқ та, 
білмейді де. Ұлт азаттығы - ұлттық рухтың нәтижесі. Ал ұлттық рухтың өзі 
ұлт азаттығы мен тәуелсiздiгi аясында өсіп-дамиды, жемiс бередi»[3] деген 
цитатасын дәлел ретінде алғым келеді. Сонымен қатар ұлттың рухани 
қазынасының ең ірі жәдігерінің бірі ол тіл, діл және дін дер едім. Алайда бұл 
айтылғандардың барлығы дерлік кеңестік идеялогияның басты элементі 
болған коммунизм ұстанымдарына сай емес еді. Бұл да өз кезегінде кеңес 
тарапынан қатаң қарсылыққа ұшыраған болатын. Кеңестік отаршыл жүйенің 
сол кезеңдегі ең ірі мақсаттарының бірі ол қарамағындағы халықтардың 
коммунизм жүйесі негізінде өмір сүруі болатын. Ал ол жүйенің талаптары 
ұлттық құндылықтарды, мәлениет пен дәстүрді, дінді, тілді жою болатын. Сол 
арқылы халықтардың яғни адамзаттың құқықтары мен дәрежелерін тең ұстау 
болатын. Ал бұл болса өз кезегінде халықты оңай басқарып, өзіңнің 
диктаторлық саясатыңды өтімді жүргізуге ыңғайлы еді. Бірақ бұл жүйенің түп 
мақсатының не екенін, кеңестіктердің не көксегенін ертерек түсінген алаш 


зиялылары өз ұлтының ұлттылығын сақтап қалу мақсатында бұл жүйеге қарсы 
қолдан келгенін жасап бақты. Белгілі алаш зиялысы, Түркістан 
автономиясының өкілі М.Тынышпаевтің «Үкiметтiң нені көздегенi белгiлi: 
бiрiншiден, жабайы да тағылық репрессия жүргізу және тiл, салт-сана, дiн һәм 
руханият атаулыны орыстандырмақ, екiншiден, түрлі әкімшілік шаралармен, 
әкiмдермен, ережелермен қазақты құқықсыз, заңнан тыс етпек, үшіншіден, 
оларды қаны сiңген, сүйегі көмілген, өз жерінен айырып, шөл- шөлейт жерге 
куып, өлім құшағына тапсырмақ. Міне, қазақ бұрынғы дербестiгi мен 
еркiндiгiнiң орнына, орыс бодандығына қантөгіссіз кіргендігінің ақысына 
жалғанды»[4] деген дәйекті сөздерінен-ақ біздің ата-бабамыздың отаршыл 
саясаттың көксегенін ерте түсініп һәм сол үшін күрескенін байқай аламыз.
Міне Түркістан автономиясының көздеген мақсаты жоғарыда айтылып 
кеткендей халықтың жағдайы еді. Дегенмен қатаң саясат аясын ба? Оны да 
өзінің ағысымен айдап кете барды. Кеңес үкіметі автономияның әрі қарай өмір 
сүруіне қарсы болды. Оларға заңсыз үкімет деген жала жауып, олардың 
басшыларын дереу қамауға алсын деген қаулы шығарып, автономияға шабуыл 
жасап 1918 жылдың 13-ші ақпанында Түркістан үкіметінің бас қаласы болған 
Қоқан қаласын жермен жексен қылып, еш жазықсыз халықты қынадай қырған 
болатын. Бұл тарапта автономияның әл-қуаты әлсіз еді. Сөзіме арқау ретінде 
М. Шоқайдың «Қоқан үкіметінің не офицері, не әскері болған жоқ. Пошталар, 
телеграфтар, теміржолдардың бәрі де жау қолында болатын. Осындай 
жағдайда дүниеге келіп, осындай қысқа ғұмыр кешкен Түркістан үкіметі 
Түркістан халқының ұлттық талаптарын қанағаттандыру жолында көзге 
көрінерлік ешқандай бір жұмыс тындыра алмағаны табиғи еді»[5] деген 
сөздерін анық дәлел етсек болады.
Ойымды қорытындылай келсем, Түркістан автономиясының жойылуының 
басты себебі оның мақсаты мен көксегенінің бір халықтың жағдайын жасау, 
олардың құқықтары мен бостандықтарына қол жеткізу және сол замандағы 
кеңестік биліктің Түркістан үкіметінің қалауларына қарсы келуі, енді ғана тәй-
тәй басқан автономияны аяқтан шалуы оның барлық армандарын келмеске 
кетіруі еді. Яғни екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды дегендей екі 
жүйенің, екі үкіметтің текетіресі Түркістан автономиясының тарих 
сахнасынан біржолата кетуіне себепші болды. Түркістан автономиясы аз 
ғұмыр кешті, аз ғұмыр кешсе де өзінен кейінгі ұрпаққа талай өнеге мен үлгі 
қалдырып кеткендей.
Қолданылған әдебиеттер:
1)
Алаш айтқан асыл сөз. (бірінші басылым)/Алматы, «Ел
-
шежіре» қоғамдық 
қоры. 2016. —
172
б. 
2)
https://turkystan.kz/article/64541-t-rkistan-avtonomiyasy/amp/
  


3)
Алаш айтқан асыл сөз. (бірінші басылым)/Алматы, «Ел
-
шежіре» қоғамдық 
қоры. 2016. —
171 
б. 
4)
Алаш айтқан асыл сөз. (бірінші басылым)/Алматы, «Ел
-
шежіре» қоғамдық 
қоры. 2016. —
95 
б. 
5)
https://turkystan.kz/article/64541-t-rkistan-avtonomiyasy/amp/
  


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет