Секциясы : Тілтану Ғылыми жоба тақырыбы



бет4/5
Дата08.10.2023
өлшемі45,89 Kb.
#184169
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ғылыми жоба Бауыржанқызы С

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
2.1. Күнделікті өмірде тұрмыстық зат атаулырының мағынасын білу

Дүние жүзінде ғылым мен техниканың қарқынды дамуының салдарынан адамның тұрмысы да тұрмыстық жабдықтары да күн сайын бір жаңа затпен толығып отырады. Жаңа заттың қолданысқа енуі тілде жаңа сөздің тууына себеп болды. Затқа атау беруде халықтың өмір шындығы, тұрмыс болмысы тіл фактілеріне айналып, халық санасында тұрмыстық білім қалыптасады.


Кез келген заттың атауы оны тек атап қана қоймай, сонымен бірге оның табиғатынан хабар береді. Яғни, атау беруде өмір шындығы мен тұрмыс болмысы тіл фактілеріне айналып, халықтың тұрмыс-тіршілігі тәжірибесі, салт-дәстүрі, наным-сенімі зат түрінде тілде таңбаланып, бейнеленеді. Тұрмыстық білім – адамның күнделікті өміріне қажетті заттар жайлы ақпарат беру құралы. Тұрмыстық лексикаға қатысты атаулар сөйлеу актісінде сөйлесім бірлігі ретінде қолданылып, өзара бөлшектенетін жағдаяттық атауышқа ие болады. Тұрмыстық лексикаға қатысты атаулар номинативтер, таңбалар немесе символдар ретінде әртүрлі прагмакоммунативтік қызмет атқара алады. Тұрмыстық лексиканың функционалдық қолданысы сөйлеу актісінің жүзеге асырылу орны мен жағдайы, қатысымның мақсаты мен коммуниканттардың маңызды құралы болып табылатын тіл тек қана қатысымдық қызметпен шектелмейді. Ол – халық даналығының қайнар көзі.
Тілде, оның сөздік құрамында, грамматикасында оны қолданушы халықтың ғасырдан ғасырға, атадан балаға мирас болып келе жатқан мол мұрасы сақталады, бір ұрпақ талабына сай рухани ой-санамыздың өсіп, жетіліп отыруының кепілі, басқа салаларға қарағанда лексика саласының ішкі және сыртқы өзгерістерге ұшырап отыруы – заңды құбылыс. Сондықтан ғалымдар тіл білімінің лексика саласының зерттелуіне көп көңіл бөлуде. Себебі тіл білімінің бұл саласы қоғаммен тығыз байланысты. Оның бойында түрлі тарихи оқиғалардың ізі, соған сәйкес халықтың материалдық және мәдени өмірінің көріністері бейнеленеді.
Тұрмыстық зат атаулары әр уақытта да қоғамның дамуымен байланысты жаңа сөздермен, атаулармен, құбылыстармен, процестермен, ұғымдармен толығып отырады. Сондай-ақ,түрлі жергілікті ерекшеліктер, олардың жеке қолданыстық өзгешеліктері, сөздердің әртүрлі әлеуметтік топтары, кәсіби сөздер және т. б. мәселелері қарастырылады.
.2, 416 бӘ. Хасенов еңбегінде тұрмыстық лексика жайлы: «Тұрмыстық лексика – күнделікті жиі қолданылатын аса қажетті, сондай-ақ халықтың тұрмыс жайы, салт-сана, әдет-ғұрпына, өмір тіршілігіне қатысты сөздер. Бұлар, негізінен, күнделікті ауызекі сөйлеу тіліне тән жалпылама лексикамен астасып жатады. Тұрмыстық лексика – халық өмірінің айнасы есепті», деп анықтама бере келіп, оларды былайша топтастырады: үй-баспанаға байланысты сөздер; құрал-сайман атаулары; ыдыс-аяқ аттары; киім-кешек аттары
«Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігінде» (авторы Ғ. Қалиев) қарастырып отырған мәселеміз – «тұрмыстық сөздер» деп беріліп, былайша түсіндіріледі: «күнделікті тұрмыста қолданылатын сөздер. Мысалы: төсек, ас, нан, тұз, шам, терезе, сағат .3, 440 бт.б»
Күнделікті өмірде тұрмыстық заттардың бір бөлігі азық-түлік, сусындар және тұрмыстық заттар. Және олар әдетте көпшілігі ағылшын тілінде беріледі. Қазіргі Қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілділік және көпмәдениеттілік жағдайда. Сондықтан осы қоғамға сай әр бесіктегі баладан еңкейген кәрі қарттарғада бұл үлкен міндет. Ағылшын тілін – заман талабы болғандықтан әрі ол экономика тілі болғандықтан көп заттың әсіресе тағам өнімдері, тәттілер, сусындар және химиялық жуғыш заттардың көбісі ағылшын тілінде атау алып жатады. Қазіргі таңда күнделікті тұрмыстық заттардың атауларын біле отыра, ағылшын тілін меңгеру өте қолайлы болып отыр. Мысалы, егерде мұғалім белгілі сөйлем құрылымдарымен тапсырма берсе, күнделікті тұрмыстық заттардың атауларын қолдануға болады. Мысалы: I like Kinder surprise. She likes snikers. My mother’s favourite chocolate is Alpen Gold. I’d like some lemonade. Яғни қарапайым тұрмыстық заттар арқылы еш қиналмастан мысалдар келтіруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет