Секциясы : Тілтану Ғылыми жоба тақырыбы



бет3/5
Дата08.10.2023
өлшемі45,89 Kb.
#184169
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ғылыми жоба Бауыржанқызы С

Зерттеудің жаңалығы: күнделікті өмірде тұрмыстық заттардың: азық – түліктің, сусындардың және химиялық жуғыш заттардың мағынасы мен қателіктері көрсетілді. Тұрмыстық заттардың : азық – түліктің, сусындардың және химиялық жуғыш заттар атауларының ағылшынша-қазақша сөздігі құрастырылды.

КІРІСПЕ

Ел Президентті Қазақстан халқына « Қазақстан -2050» стратегиясында: «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында әрбір қазақстандықтың өміріндегі үштілділіктің маңыздылығы туралы айтты.Бүгінгі таңда көп тілді оқыту –жас ұрпақтың білім кеңістігіне еркін самғауына жол ашатын, әлемдік білім құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Үш тілде оқыту –заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті ,мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Елбасы « Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі- ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деген болатын. Мемлекет басшысы ағылшын тілінің әрбір қазақстандық үшін жаңа және шексіз мүмкіндіктерді ашатынына сенімді екендігін айта отырып, жас ұрпақ өкілдерін ағылшын тілін үйренуге шақырды.


Ағылшын тілі – жаһан тілі. Бұл тіл қоғамның күнделікті өміріне бірте – бірте еніп келеді. Ағылшын тілін бері айналамда осы тілде жазылып тұрған сөздерге және олардың қолданылуы мен мағынасына көп мән беретін болдым. Кез – келген жерде ағылшын тілінде жазылып тұрған сөздерді кездестіруге болады: үйде, теледидарда, көшедегі жарнамалар, мектепте, газеттер мен журналдарда. Барлық киім, аяқ киім, техника, электронды техника, жиһаз, автокөлік шығарушы зауыттар берілген тауардың нұсқаулықтары ағылшын тілінде беріледі. Осының барлығы менің «Күнделікті өмірде тұрмыстық заттардың ағылшын тіліндегі атаулары» атты зерттеу жұмысын бастауға итермеледі. Осы тақырыпты таңдау себебім, қарапайым халықтың күнделікті тұрмыста қолданылатын азық-түлік, сусындар және химиялық жуғыш заттардың ағылшынша атаулары арқылы ағылшын тілін қандай деңгейде білетінінің қызықтыруы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет