Секциясы : Тілтану Ғылыми жоба тақырыбы


Заттардағы атауларға талдау жасау



бет5/5
Дата08.10.2023
өлшемі45,89 Kb.
#184169
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ғылыми жоба Бауыржанқызы С

2. 2. Заттардағы атауларға талдау жасау
Міндеттерімнің бірінде көрсеткенімдей күнделікті өмірде қолданылатын заттар атауларының мағынасын зерттеу. Ол заттардың мағынасына қарай алдымен бүгінгі тоқталатын яғни азық – түлік, сусындар және химиялық жуғыш заттар деп мазмұнына қарай бөліп қарастырсам. Зерттеу жұмысымның барысында өте көп көлемде сатылған, халық таңдауы болған шоколадтар, сусындар және химиялық жуғыш заттар тізімін атап көрсетсем.



Заттардың атауы

Аудармасы

Зат атауының сай безендірілуі және сәйкес келуі

Қатесіз жазылуы

Шоколадтар атаулары және өзгеде тәттілер


Kinder chocolate



Kinder
Неміс тілінен бала
Балалар шоколады

+

+


Alpen Gold



Альпі алтындары

-

+


Sniсkers



Негізгі түбіріsnicker
Мысқылдау, күлу

-

-


Twix



Ойдан құрастырылған
Twin-eгіз,biscuit-печенье

+

-


Mars



Марс жер серігі

-

+


Kit Kat



Christopher Catling клубының қысқартылып алынуы

-

+


Bounty



Жомарттық,

+

+


Picnic



Үзіліс

-

+


Dove



Көгершін

-

+


Nuts



Жаңғақтар

+

+


Kazakhstan

Қазақстан

+

+

Химиялық жуғыш заттар


Fairy

Ертегідей, пері, сиқыршы

-

+


Comet

Комета

-

+


Finish

Аяқтау, мәре




+


Mr.Proper

Мистер Пропер

+

+


Brief

Қысқа, дөрекі, кедей, тапсырма

-

+


Tide

Ағынмен ағу, ағыс.

-

+


Ariel

Мейірімді гений, Уранның жер серігі

-

+


Absolut сабыны



Мінсіз, таза



-

-e әріпі жазылмаған
Absolut-Absolute


Clin шыны тазартқыш



Тазалау



+

Clean [kli:n]сөзінің транскрипциясы
жазылған

Сусындар


Holiday

Мереке, демалыс

-

+


Coca Cola

Кока жапырақтары (3 бөлігі) және кола жаңғақтары(1 бөлігі) Пембертон Фрэнк Робинсонның каллиграфиялық әріптермен жазған сөзі "Coca-Cola"

-

+


Sprite

Пері, эльф

-

+

Кестеден көріп отырғаныздай ағылшын тілінен аударғанда кейбір заттарың қолданалуы аясына сәйкес келмейді. Барлық заттардың ішінде 75% мағынасының безендірілуіне сәйкеспесе, грамматикалық қателер химиялық жуғыш заттар: Absolut сабыны -e әріпі жазылмаған.Absolut-Absolute, Clin шыны тазартқыш, Clean [kli:n] сөзінің транскрипциясы дұрыс жазылмағанын көреміз. Қалған 25% өзінің мағнасына сәйкес безендірілген.Алайда біз үшін ең маңыздысы осы күнделікті қолданылатын заттардың ағылшын тіліндегі атаулары арқылы өз сөздік қорымызды толықтыру.


Келесі кезекте осы күнделікті қолданылатын заттардың ағылшын тіліндегі атаулары әдетте қалай құрастырылады деген сұраққа жауап беру мақсатында Әр заттардың атауларына қарай төмендегідей топтарға бөлдім.

  1. Географиялық орынға назар аудару: Alpen Gold, “Kazakhstan”

  2. Адамның аты: “Kit Kat”, Mr.Proper

  3. Адамның тегі: «McDonald's», «Adidas».

  4. Табиғат немесе өсімдік, жануарлар атауы:Comet, Mars

  5. Тарихи оқиғалар немесе тарихи тұлға

  6. Мифология: ‘Sprite”

  7. Біріккен сөздер.

  8. Акроним- сөздердің, сөз тіркестерінің бас әріптерінің алынылуы.

  9. Цитата

  10. Аллитерация түбірдің немесе дауысты әріптердің өзгеруі: KitKat, KiteKat.

Заттарға атау қойылмас бұрын қойылатын атаудың мән – мағынасы, таңбалануы және безендірілуіне өте назар аударылуы тиіс.

3.ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ.
Біздің ауыл тұрғындарының заттардың атауларын ағылшын тілінде түсінуін
анықтау.

Зерттеудің негізгі нысаны күнделікті өмірде тұрмыстық заттардағы:


азық – түліктің, сусындардың және химиялық жуғыш заттардың ағылшын тіліндегі атаулары.
Зерттеу барысында келесідей жұмыстар жүргізілді:

  1. Ауылдың ең үлкен дүкенінің сатушысынан алынған сұхбат:

Сұрақтары:

  1. Сізге ағылшын тілі ұнайма? Сіз ағылшын тілінде сөйлей аласыз ба?

  2. Сіз ағылшын тілінде аталатын заттарды күнделікті өмірде қаншалықты жиі қолданасыз? Мысал келтіріңіз. Аудармасын айтыңыз.

  3. Сізге келген тұтынушылар қаншалықты жиі сол заттарды сатып алады?

  4. Ал егер шетелдік тұтынушы келсе не ұсынар едіңіз?

  5. Ағылшын тіліндегі атаулы тұрмыстық заттардың қандай үлесі бар деп ойлайсыз?

  1. Ауыл тұрғындарынан қаншалықты жиі ағылшын тіліндегі атаулы тұмыстық заттардың қолданылу жиілігі және оны түсінуі жайлы сұхбат.

Сұрақтары:

  1. Көрмеде көрсетіліп тұрған заттардың қайсысын сіз жиі қолданасыз?

  2. Сол заттардың ағылшын тіліндегі аудармасын білесіз бе?


4.НӘТИЖЕ

Сұхбат алу кезінде 25-50 жас аралығындағы ауыл тұрғындары және «Жаннұр» дүкенінің сатушысы қатысты. Сұхбат кезінде Holiday, Coca-cola, Sprite сусындары, Alpen Gold, Picnic, Kazakhstan, Kinder Chocolate шоколадтары, ал химиялық жуғыш заттардан Tide, Fairy, Comet, Ariel, Domestos, Cif, Vanish, Wash&Go, Head&Shoulders сусабындары, Gold, Air wick, Glade ауа тазартқыштары, және Absolute, Safeguard, Clean&white сабындары көрмеге қойылып, ең жиі сатылып алынатын заттар анықталды. Олар Kazakhstan, Picnic және Kinder chocolate шоколадтары, Holiday сусыны, Tide, Fairy, Comet химиялық жуғыш заттары, Wash&Go, Head&Shoulders сусабындары және Clean&white сабыны 90% ауыл тұрғындарының тұтынатын заттары екені дәлелденді. Ал 25-50 жас аралығындағы 55% ауыл тұрғындары күнделікті тұтынытын заттырының ағылшын тіліндегі атауының мағынасын білетін болса, ауыл тұрғындарының 20% заттың суретіне қарап мағынасын түсінсе, қалған 25% ауыл тұрғындары мүлде түсінбейтін көрсетті. Бұл сұхбат нәтижесі көрсеткендей, мен өзімнің зерттеу жұмысымның мақсатына жеттім.


Зерттеудің жаңалығында аталып өткендей, үй жағдайында жасалған тәттіге ағылшын тілінде «Funny sweets» атауы берілді.


  1. ҚОРЫТЫНДЫ

Қорытындылай келе айтарым әр елдің өз туған тілінің, құндылығы бар. Өз тіліміздің мәртебесін де әрқашан жоғары ұстауымыз керек.Бірақ заманның ағымынан қалмай, экономика,саясат,мәдениет салаларын әрі қарай дамыту үшін біз халықаралық тілді де меңгеруіміз керек. Біздің еліміз ертеден басқа елдермен саяси, сауда, ғылыми және мәдени байланыста болғандықтан тіліміз басқа тілдермен байытылып отырған.


Ана тілін қадірлей отырып, өзге тілді білуге ұмтылу-бізге қойып отырған өмірдің талабы. Ағылшын тілі – бүгінде халықаралық қатынастың, ғылым мен техниканың, бизнес пен журналистиканың барлық салаларында кеңінен қолданылып келе жатқан тілдердің қатарына жатады. Ағылшын тілін игермей айналамыздағы сөздерді оқып – тани алмаймыз.
Қорытынды жасай келе, мынадай бір-біріне қарама-қайшылықты айта керу керек. Зерттеу жұмысы әр адамның тіл мәдениетінің деңгейін де көрсетті. Жұмыстың нәтижесінде ауылымыздың ағылшын тілін күнделікті тұрмыстық заттар арқылы тілге деген қызығушылықтары жоғары әрі тілден хабарларының бар екенін көрсетіп отыр. Дегенмен жасөспірімдер, соның ішінде оқушылар ағылшын сөздерін күнделікті өмірде қолданады, өйткені кейбір ағылшын сөздері біздің ауызекі тілімізге әбден еніп кеткен. Ең маңыздысы –айтылған сөздердің мағынасын біліп, оларды орынды қолдану керек.
Зерттеудің ғылыми болжамы яғни, күнделікті өмірде тұрмыстық зат атаулары арқылы ағылшын тілін түсіну және үйрену мүмкін екені дәлелденді. Әрі мақсатыма жеттім

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Аракин В.Д. Ағылшын тілінің тарихы (Жоғарғы мектеп, 1968. -420 с.)


Борисова Л.М. Ағылшын сөздерінің тарихы - М.(Просвещение, 1994.-95 с.)
Булыко А.Н. Ағылшын тілінің сөздігі.- Мартин, 2007
Иванова И.А. Ағылшын сөздерінің этимологиясы. 2000 г. (Интернет)
Медведев Я. Ағылшын тілінің тарихы 1999 (Интернет)
Смирницкий А.И. Ағылшын ілі лексикасы - М.( 2000. –260 с.)
Интернет желілер:

  1. Словарь лингвистических терминов – [электронный ресурс]- http://metropolys.ru/artic/17/06/t-0308-12646.html

  2. Интересно, имеют ли перевод шоколадные изделия?– [электронный ресурс]- http://otvet.mail.ru/question/40253743

  3. KitKat– [электронный ресурс]- http://ru.wikipedia.org/wiki/KitKat

  4. Переводчик Google -[электронный ресурс]- http://translate.google.ru/

Қызылорда облысы Сырдария ауданы №37 мектеп – лицейінің 6 сынып оқушысы Бауыржанқызы Саяның «Күнделікті өмірдегі тұрмыстық заттардың ағылшын тіліндегі атаулары » тақырыбына жазылған еңбегіне



Жетекші пікірі
Бауыржанқызы Саяның еңбегі үлкен ізденісті көрсетеді.
Бұл ғылыми-ізденіс жұмысында оқушы ағылшын тілі қаншалықта жастардың тілінде орын алуда екенін анықтаған. Бұл ғылыми жұмыс үш кезеңнен тұрады. Ғылыми жұмыстарға қойылатын талаптар, мәтін көлемі және жазба жұмыстардың мақсаты ашылып отырылды. Қазіргі заман талабына сай күнделікті өмірде тұрмыстық заттардағы: азық – түліктің, сусындардың және химиялық жуғыш заттардың ағылшын тіліндегі атауларының мағынасын қарапайым халықтың қай деңгейде білетінін зерттеп көрсетті.
Ағылшын тілінің заман талабына сай қажеттілігі туралы мәселе қозғалды. Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге сүйене отырып зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижелеріне байланысты қорытынды шығарылды. Зерттеу жұмысының өзектілігі айқындалып,тақырып ашылып,мақсаттары орындалды. Ғылыми еңбек көпшілікке түсінікті жазылған. Мектеп-лицей оқушысы Бауыржанқызы Саяның ғылыми зерттеу жұмысын оқып, талдай отырып болашағынан үміт күтетін жұмыс деп бағалаймын.

Жетекшісі: Әлайдар Айжан Кенесарықызы


ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Қызылорда облысы Сырдария ауданы №37 мектеп – лицейінің 6 сынып оқушысы Бауыржанқызы Саяның «Күнделікті өмірдегі тұрмыстық заттардың ағылшын тіліндегі атаулары » тақырыбына жазылған еңбегіне



Жетекші пікірі
Бауыржанқызы Саяның еңбегі үлкен ізденісті көрсетеді.
Бұл ғылыми-ізденіс жұмысында оқушы ағылшын тілі қаншалықта жастардың тілінде орын алуда екенін анықтаған. Бұл ғылыми жұмыс үш кезеңнен тұрады. Ғылыми жұмыстарға қойылатын талаптар, мәтін көлемі және жазба жұмыстардың мақсаты ашылып отырылды. Қазіргі заман талабына сай күнделікті өмірде тұрмыстық заттардағы: азық – түліктің, сусындардың және химиялық жуғыш заттардың ағылшын тіліндегі атауларының мағынасын қарапайым халықтың қай деңгейде білетінін зерттеп көрсетті.
Ағылшын тілінің заман талабына сай қажеттілігі туралы мәселе қозғалды. Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге сүйене отырып зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижелеріне байланысты қорытынды шығарылды. Зерттеу жұмысының өзектілігі айқындалып,тақырып ашылып,мақсаттары орындалды. Ғылыми еңбек көпшілікке түсінікті жазылған. Мектеп-лицей оқушысы Бауыржанқызы Саяның ғылыми зерттеу жұмысын оқып, талдай отырып болашағынан үміт күтетін жұмыс деп бағалаймын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет