Секциясы: Физика Жетекшісі: Акабаева Мухое Коргановна физика және информатика пәнінің мұғалімі Жарқайың, 2016 жыл



бет11/11
Дата25.01.2017
өлшемі5,58 Mb.
#7632
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

15 – сурет

Сауалнаманың мәтіні

1.Ұялы телефонды сатып алар кезде оның SAR – ына мән бересізбе?

а) ия

б) мән бермеймін



с) жоқ


  1. Сіз телефон нөмерін терген сәтіңізде қарсы жақ көтермейінше телефонды құлаққа алып бармауға тырысасыз ба?

а) ия

б) мән бермеймін

с) жоқ


  1. Сақтану үшін құлаққап (наушник) жалғап, сол арқылы сөйлесесіз бе?

а) ия

б) мән бермеймін

с) жоқ


  1. Үйде болғанда ұялы телефонды емес үй телефонын пайдаланасыз ба?

а) ия

б) мән бермеймін

с) жоқ


  1. Ұялы телефонмен қысқа сөйлесуге әдеттенесіз бе?

а) ия

б) мән бермеймін

с) жоқ


  1. Лифт ішінде, пойызда телефонмен сөйлеспеуге әрекет жасайсызба?

а) ия

б) мән бермеймін

с) жоқ


  1. Осы айтылған кеңестерге амал еуге тырысасыз ба?

а) ия

б) мән бермеймін

с) жоқ


  1. Көлікпен жүргенде ұялы телефонды пайдаланбауға тырысасыз ба?

а) ия

б) мән бермеймін

с) жоқ


  1. Желі "ұстамайтын" жерлерден қайта-қайта телефон шалмауға тырысасыз ба?

а) ия

б) мән бермеймін

с) жоқ


  1. Ғалымдардың телефонды мүлде қауіпті деп, оған тыйым салғанын күтпей-ақ, қазірден бастап қорғанасыз ба?

а) ия

б) мән бермеймін



с) жоқ

6 – сурет оқушылардың сауалнамаға жауап беру сәті.



Сауалнаманың нәтижесі

Мектеп оқушылары телефонның зияны және оның зиянын кеміту жөнінде баяндама оқылғаннан кейін оқушылардан сауалнама алғандағы диаграммалық көрсеткіші. 3 - кесте



1

а жауабы

40

2

в жауабы

23

3

с жауабы

22

5-диаграмма



Мектеп оқушыларынан алынған баяндаманың нәтижесі. 4 –кесте

1

а жауабы

63

2

в жауабы

19

3

с жауабы

49


6-диаграмма

Осы диаграммада көріп отырғанымыздай жүргізілген баяндаманың, өткізген эксперименттердің адам баласын электромагниттік сәулелерден қорғаныуының бір нәтижесі.



    1. Берілетін кеңестер

1. Ұялы телефонды қажеттілікке қарай пайдалану керек.


2. Үйде болсаңыз, ұялы телефонды пайдаланбай, үй телефонымен
сөйлескеніңіз дұрыс.
3. SAR бойынша ұялы телефон үлгісін таңдаған дұрыс.
4. Жасөспірімдер мен балаларға ұялы телефон пайдалану мәдениетін үйреткен жөн.
5. 12 жасқа дейін ұялы телефонды пайдалануға тыйым салу қажет.
6. Ұялы телефонмен қысқа сөйлесуге үйрену керек.
7. Ұялы телефонмен сөйлескенде құлақты алмастырып, 8 түрінде ұстаған дұрыс.
8. Сөйлесуді SMS қызметіне алмастыруға тырысқан жөн.
9. Динамик арқылы дауыстық байланысқа ұмтылған дұрыс.
10. Сөйлесу уақытын 3 минуттан арттырмауға тырысқан жөн.
11. Екі сөйлесу арасындағы үзіліс уақыты 15 минуттан кем болмауы тиіс.
12. Найзағай ойнауы, күн күркіреуі кезінде ұялы телефонды пайдаланбау керек.
13. Автомобильде, желіні антеннна ұстамайтын орындарда қолданбаған дұрыс.

Қорытынды

Біз осы ғылыми жобада көрсетілген мақсаттар мен міндеттерімізді толықтай орындай алдық десек қате болмас. Ұялы телефон арқылы берілетін электромагниттік сәулелердің ағзаға әсерін тәжірибелер арқылы көрсетіп, алға қойған мақсат,міндеттерімізді орындай алдық. Қазірде адамдар техникасыз өмір сүре алмайды, онсыз өмірлерін де елестете алмайды. Жай ғана кішкентай болған ұялы телефонның әсері адамның бүкіл дене мүшелеріне,есте сақтау қабілетіне,ми оргондарына,артериялық қысымына әсер етіп,соңында мида ісіктің пайда болыуына себепші болады. Электромагниттік өріс толқыны­ның үзіліссіз аз мөлшерінің өзі ағ­за­ның ор­та­лық жүйке жүйесіне, қорғаныш статусына, көзге кері әсер етеді, кө­ру, есте сақтау қабілетін төмендетумен қатар, жыныстық органдардың және эм­брионның дамып жетілуі мен қызметіне де теріс ықпалын тигізеді. Ана құр­сағындағы эмбрионның электромагниттік өріс толқындарына сезімталдығы ана­ ағзасына қарағанда анағұрлым жоғары екендігі, сондықтан жүкті әйелдердің элек­тромагниттік өріс аумағында ұзақ болуы нәрестені туа біткен кеселдерге­ ұрын­дыратыны ғылыми тұрғыда дәлелденген.

Әрине, бүгінде аталған заттарсыз, қондырғы, құралдарсыз жұмыс істеу, іс­ті бітіру мүмкін емес. Дегенмен, оларды сақтық шараларын қолдана отырып пай­даланған абзал. Оған дәлел ретінде бірнеше тәжрибелер өткіздік. Қарапайым жұмыртқаны екі ұялы телефон арасына қойып байланыс жасағанда нәтижесінде жұмыртқаның дәмі бұзылып,піскенге дейін жетті. Екі ұялы телефонның арасы жақын,біздікі алыс,бірақ жылдар өте келе жұмыртқаның күйіне түсіуіміз мүмкін. Бір ойланып қарайықшы ұялы телефон кішкене бола тура осыншама зиян тигізсе,ал комьпютерші. Біз қорыта айтқанда телефонды мүлде пайдаланба деп айтпаймыз. Тек қана осы жобада баяндалған қорғану шараларына амал ететін болсақ, электромагниттік сәулелердің зиянын 70% дейін азайтуымыз мүмкін. Бұл жоба тек осы жерде ғана оқылып қоймай басқада қоғамдық жерлерде: бала – бақшада,мектептерде,колеждерде,ЖОО – дарында баяндама ретінде жүргіліп, естігендер естімегендерге жеткізсе біз мақсатымызға толықтай жете аламыз. Сонда ғана біз ұялы телефонның адам ағзасына зиянын 50 пайыздай төмендете аламыз. Ұрпақтарымыздың болашақтарын ойлау біздің міндетіміз. Солай екен кішкентай ғана ұялы телефоннан әсер ететін электромагниттік сәулелерден өзімізді ұрпаұтарымызды қоғай білейік.
Пайдаланған әдебиеттер


  1. Физика және астрономия: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық.Б.М.Дүйсембаева,Г.З.Байжасарова,А.А.Медетбеков

  2. Физика: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-Ф49 математика бағытындағы 11сыныбына арналған оқулық /С. Түяқбаев, Ш. Насохова, Б. Кронгарт, т.б. — Алматы: "Мектеп" баспасы. — 384 бет.

  3. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006.

  4. Жижин Г.Н., Москалева М.А. и др. Распространение поверхности электромагнитных волн по металлическим поверхностям.- М.: Наука, 1985.

  5. Майер В.А. Мобильная связь и ее воздействие.- СПб.: Знание, 1999.

  6. Беляев Ю.В. Неврологический эффект и мобильные коммуникации.: М.: Мысль, 1998.

  7. Готовский Ю.В., Перов Ю.Ф. Электромагнитная безопасность в офисе дома. – М.: «ИМЕДИС», 1998 – 176 с., ил.

Қосымша дерек көзі

  1. www.smartphone.ua/test_4546.htm

  2. www.vredno-vsyo.ru/technika_v_dome/

  3. www.ruklinok.info/news/2011-01-27-1

  4. www.uznai-pravdu.ru

  5. www.aif.ru/health/news/30887

Нахимов негізгі мектебінің 9 сынып оқушысы Мухамбетрахим Арайлымға «Ұялы телефондағы электромагниттік сәулелердің адам ағзасына зияны» ғылыми жұмысына

пікір

Қазірде ұялы телефонды пайдаланбайтын кісіні көрмейміз. Арайлымның ғылыми жұмысы ұялы телефондағы электромагнитті сәулелердің қаншалықты зиян екендігі көрсетілген. Ұялы телефонмен сөйлескен кездегі адамның қан қысымының өзгерісі өте жақсы қарастырылған. Теориямен практикалық бөлімі үйлесім тапқан,кең көлемді ғылыми жоба



Жұмыс заманауи мәселеге арналған. Екі тараудан құралған. Бірінші тарауында қаралатын мәселелердің теориялық негіздері қарастырылған. Екінші тарауда эксперименттік түрде көз жеткізген. Тәжірибенің көрсетулері теорияның қорытындыларын үлкен дәлдікпен дәлелдеген. Жұмыстың жасалуы қарапайым және түсінікті тілмен баяндаған. Жұмыс авторы зерттеулерді орындауда өзіндік іс-әрекеттерді тиімді жүргізген.

Жұмыс толықтай орындалған, талқыланған, мысалдар, анимациялар келтірілген, қорытынды жасалынған. Теориялық мәселелерді дәлелдеу барысында эксперименттік зерттеу жүргізілген.


Ғылыми жетекші:



Физика және информатика пәнінің мұғалімі Акабаева М.К



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет