Өмірімізге дендеп енген ұялы байланыстың зияны тіпті ересен. Ғалымдар мынадай эксперимент жасаған. Екі қалтафонның дәл ортасына шикі жұмыртқаны қойып қоңырау шалады. Үздіксіз шалынған қоңыраудан тараған электромагниттік өріс ақыры шикі жұмыртқаны пісіріп жіберген. Әрине, қалтафоннан шығатын электромагниттік өріс адам ағзасына бірден дәл бұлай зиянын тигізбеуі мүмкін. «Бірақ біраз жылдың ішінде жиналып, кумулятивті әсер етеді» дейді мамандар. Олар, әсіресе «үш жастан алты жасқа дейінгі балаларға телефон беруге болмайды» деп дабыл қағуда. Өйткені электромагнитті өріс өсіп келе жатқан миға кері әсер етіп, кейін баланың есте сақтау қабілетін нашарлататын көрінеді. Өкінішке қарай, бүгінде электромагнитті өріссіз орта жоқ. Ол интернет, мектептердегі лингофондық кабинеттер, интерактивті тақталардан да шығады.
5 - сурет
Техника дамыды, алайда оның залалы да еселеніп барады. Ұялы байланыстың адам ұрығына да кері әсері қазір дәлелденген жағдай. Бұл туралы биология ғылымының докторы Салтанат Байқошқарова былай деген екен
Осыдан он шақты жыл бұрын біз зерттеу жүргізе бастағанда, ерлердің ұрығының белсенділігі жоғары болатын. Бар болғаны 10 жыл ішінде ол белсенділік бірден 30 пайызға төмендеді. Мұның себебі өте көп.
Экологияның бұзылуы, ғылыми-техникалық революцияның «жемісі», арақ пен темекі, тіпті адамзаттың барлық жеткен жетістіктерінің зиянды жағы әсер етіп жатыр деуге болады. Бірде шетелде өткен конференцияда «ұялы телефон ер адамның ұрығына арақ пен темекіге қарағанда, екі есе көбірек және үш есе жылдамырақ зиян келтіреді» деген тұжырымдар жасалды. Қазір шет мемлекеттердің кейбірінде 16 жасқа дейінгі балаларға ұялы телефонды ұстауға тыйым салынған. Және «әр адам ұялы телефонды өзінен кем дегенде 1 метр қашықтықта ұстауы керек» деген тәртіп енгізуде. Олар ұялы телефонды алыстан басқару тетіктері немесе құлаққап арқылы пайдалануға көшіп жатыр. Ал біздегілер телефонын басына жастап ұйықтап, таңертең соның шырылымен оянады. Бұл баста ісік тудыруға «көмектесетінін» ғалымдар әлдеқашан дәлелдеген. Енді ұялы телефонның ер адамдардың репродукциялық (бала туғызу) қызметіне айрықша зиян екені айтылуда. Біздің ер адамдарымыздың көбі телефонын беліне жақын жерге, белбеуіне қыстырып жүретіні жасырын емес. Мен «ерлердің белсізденуіне ұялы телефон айрықша әсерін тигізіп жатыр» деп қадап айтқым келеді», – дейді ғалым.
Әрине, бүгінде аталған заттарсыз, қондырғы, құралдарсыз жұмыс істеу, істі бітіру мүмкін емес. Дегенмен, оларды сақтық шараларын қолдана отырып пайдаланған абзал.
6 - сурет
Ф – 31 тобының баяндама оқылғаннан кейінгі сәті
Достарыңызбен бөлісу: |