Дермене, түймедағы, бақбақ, итошаған, қырмызыгүл дәрілік шөп ретінде пайдаланылады.
Жералмұрт (топинамбур) – малазықтық дақыл.
Қашқаргүл, бақытгүл, нарғызгүл (хризантема) – сәндік өсімдіктер.
Күрделігүлділердің арамшөп түрінде өсетіндері де бар. Оларға ойраншөп, қалуен, гүлкекіре, түйетікендер жатады.
Бұлардың гүлдерінде тостағанша болмайды. Тостағаншасы кейде үлпекті айдарша тәрізді өзгеріп кетеді.
Бұлардың гүлдерінде тостағанша болмайды. Тостағаншасы кейде үлпекті айдарша тәрізді өзгеріп кетеді.
Нағыз күрделігүлді өсімдіктердің себетгүлі – гүлшоғыры болады. Күлтесі 5 күлте жапырақшалардан құралады. Олардың төменгі бөлігі түтікше тәрізденіп бірігіп кеткен, жоғары бөлігінен бес тісше көрініп тұрады. Себетгүлдегі тілше гүлдерден 5 ұсақ тісшелері бар тақташалардың жазылып тұрғанын көреміз. Ал жалған тілшелігүлде 3 тісшелі жазылған тақташа болады. Күлтенің түтікшесіне бітісіп өскен 5 аталығы бар. Тозаңдығы да түтікшеге қосылады. Жатыны төмен орналасады. Аталық түтік арқылы аналық аузы қостелімді аналық мойны өтеді. Демек, күрделігүлділерде бір ғана аналық болады.
Жемісі – айдарлы немесе айдарсыз тұқымшалар.
Күрделі гүлділердің формуласы: Т0К(5)А(5) Ж(2) (бақбақ гүлі).
Мақсыр (сафлор)
Олардың құрамында 25–37% май болады. Мақсыр майы күнбағыс майынан кем түспейді. Оның майы тағамға және техникалық мақсатқа (бояу, эмаль, сабын алуға) пайдаланылады.
Мақсырдың тұқымшалары ауыл шаруашылық құстарына жем ретінде беріледі.
Ал тұқым ұны ауыл шаруашылық малдарға күнжара түріндегі малазық болып саналады. Мақсырдың балаусалы сабақ жапырақтары сүрлемге салынып, малға беріледі.
Күлте жапырақшалары да бағалы. Олардан қызыл және сары бояу өндіріледі. Аспаздыққа да пайдаланылады. Мата бояйтын бояу алынады.
Мақсыр
Өгейшөп
Қазақстанда 1 ғана түрі кездесетін күрделігүлділер тұқымдас, көпжылдық шөптекті өсімдік.
Бір қызығы – өгейшөп жапырағын гүлдену соңынан жаяды.
Оның биіктігі 10–25 см, сабағы – қабыршақты.
Гүлсидамды сабақта бір ғана гүл болады. Қабыршақты сабақ өгейшөптің жерасты бөлігі – тамырсабақтан өсіп шығады. Торлы жүйкелі, бүйрек тәрізді ірі жапырақтары көзге бірден шалынады.
Өгейшөп жапырағы тақтасының үстіңгі беті түксіз жылтыр – «салқындық» білдіреді. Жапырақтың астыңғы бетінде жұмсақ түктер өсіп, «жылылық» шырай білдіреді. Осы екі түрлі ерекшелігіне байланысты өсімдік «өгейшөп» аталған. Өсімдік себетгүлінің құрылысы да ерекше.