Сәлеметсіз бе, апай! Студент: Төлегенова Сымбат Қазақ тілі мен əдебиеті пəндері бойынша критериалды бағалау жəне дағдылары



бет2/2
Дата08.02.2022
өлшемі264,95 Kb.
#118146
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Критериалды бағалау

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ

Оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерінің сәйкестігі

Ортақ тақырып

Бөлімше

Оқу мақсаттары



1. Өзім туралы
2. Менің отбасым және достарым

1.1 Мен және менің отбасым

5.1.1.3 түрлі дереккөздерді зерттеу арқылы жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтау

5.1.1.1 отбасылық мұрағат негізінде отбасы мүшелерінің ауызша портретін жасау

5.1.1.2 мысалдар келтіре отырып, өз отбасындағы әдеп нормаларын түсіндіру

5.1.1.4 бақылау мен сұрақ-жауап арқылы тұтыну заттарына деген отбасы қажеттіліктерінің құрылымын, олардың қайдан келетінін анықтау

1.5 Құқық және міндет

2.1.5.1 өз өмірінен мысалдар келтіру негізінде құқықты, міндетті және жауапкершілікті ажырату




Ойлау деңгейлері

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну


Қолдану


Талдау

түрлі дереккөздерді зерттеу арқылы жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтайды


отбасылық мұрағат негізінде отбасы мүшелерінің портретін ауызша жасайды


мысалдар келтіре отырып, өз отбасындағы әдеп нормаларын түсіндіреді





Өзін-өзі бағалау және өзара бағалауды қолдану ерекшеліктері

Білім беру мен білім алудағы жаңа әдіс – тәсілдер оқушының ойлау қабілетін жетілдіріп, өз дәлелдерімен еркін жеткізуге мүмкіндік береді. Оқушыны субъект ретінде қарастырып, оның өзін – өзі тануына, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамытуға жол ашу, «мен» менталитетін қалыптастыру, білім мен тәрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау – бүгінгі таңдағы мұғалімнің басты міндеттерінің бірі.

Жаңа бағдарлама бойынша өтілген сабақ түрлері тек оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймайды, сонымен қатар, оларды ізденуге, өз бетімен жұмыстануға үйретеді. Дәстүрлі емес сабақтарда жаңа технологиялар элементтерін пайдалану барысында саналы түрде тез ойлау,нақты тұжырымдама жасауға үйрену сияқты қабілеттері дамиды, оқушылар арасындағы қарым-қатынас нығая түседі.
Оқушыларға нақты білім беруді мақсат еткен мұғалім алдында отырған әр оқушыны жеке зерттей білулері керек. Яғни, әр оқушының идеясы мен біліктілігін дамытуға оң ықпал ететін әдіс-тәсілдерді қолдануға міндетті. Сонымен қатар оқушылардың білім алуына, оқуына барлық мүмкіндіктерді тудырып, пәнге деген қызығушылығын арттыратын әр түрлі құралдармен толық қамти білулері керек. Оқушыларға осындай мүмкіндіктер жасалғанда ғана олар өз беттерімен оқуға, ізденуге талпынады. Мұғалім өз тарапынан тек мүмкіндіктер жасап қана қоймай, олардың тақырыпты меңгерудегі түсінігін, әр түрлі ізденістерін бағалауды да өзінің бірден-бір міндетіне алуы керек. Оқушы білімін бағалау кезінде мұғалім оқушыларына жақын отырып, шыншыл, әділ, батыл, мейірімді болуы керек. Осындай құндылықтарды өз бойына сіңірген мұғалім оқушылардың бойына да осы қасиетін бере алады.

Бағалау – оқу үдерісінің маңызды бөлігі. Мұғалім өз іс – тәжірибесіне оқушыларының өз білімдерін және өзге достарының білімдерін бағалауды оқыту үрдісіне енгізу керек. Оқушының оқу жетістігін әділ бағалау – білім беру саласындағы басты өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Бұл тақырып бір қарағанда бұрыннан белгілі, бәріне түсінікті нәрсе болып көрінгенімен, көптеген мұғалімдер көп жағдайда өздері байқамай оқушыны формальды бағалай салады.

«Сыныптағы бағалау тек қана механикалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою арқылы бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін – өзі бағалау, қабілеттілік және күш- жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады» деп 2001 жылы Александер[1, б.104] атап көрсетпекші, оқушы еңбегін бағалауда оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет.

Оқу барысында өзін өзі бағалаудың маңызы зор Оқушыларының бойында өзін өзі бағалаудағдыларын дамытуға талпынған көптеген мұғалімдердің аңғарғаны: бұл реттегі ең бірінші және ең күрделі мәселе оқушыларды өз жұмысы туралы мақсат қою тұрғысынан ойлануға мәжбүрлеу. Олар бұны қалай істеу керек екенін түсінгенненақ, өз жұмыстарына шолу жасай бастайды, сол арқылы оны өздері орындап, өздері бақылай алады. Басқаша айтар болсақ, оқушыларметатанымдық деңгейде жұмыс істеу қабілетін дамытады. Құрбықұрдастарын бағалау өзін өзі бағалаудың маңызды бөлігі болып табылады.

Құрбы-құрдастарын бағалаудың пайдалы екендігінде сөз жоқ, себебі оқушылар өз жұмысына қатысты айтылған құрбыларының пікіріне құлақ асады. Ал оны мұғалім айтқан болса, олар оқушыға сондай әсер етпеуі мүмкін.

Бағалау критерийлері арқылы өзін–өзі және өзара бағалауды тиімді жүргізу зерттеу әрекетімнің мақсаты болса, зерттеу міндеттері оқушыны төмендегідей нәтижелерге жеткізеді деп болжадым: − Оқушылар өзін-өзі бағалау арқылы өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін болжай алады; − Оқушылар өзара және өзін-өзі бағалау арқылы өзіндік белсенді оқуға ынталары артады; − Өзін-өзі және өзара бағалау оқушылардың өзара ынтымақтаса жұмыс жасауына ықпал етеді; − Пәнге деген қызығушылықтары жоғарылайды; − Өздеріне, сыныптастарына деген сенімділіктері артады; − Өз әрекетіне жауапкершілікпен қарауға қалыптасады; − Алған дағдылары мен білімдерін бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалауларда қолдана алады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет