Семасиология және оның зерттеу объектісі Тақырыбы



Дата09.10.2022
өлшемі15,06 Mb.
#152323
Байланысты:
Лексикология практика №5 2


Семасиология және оның зерттеу объектісі
Тақырыбы:
Орындағандар: Амангелді Аружан, Еркешқызы Марфуға, Дуйсебаева Аяжан, Жамалова Алия, Мұрат Қайсар
Тексерген: Молдасанов Ерсайын
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Сөздің атауыштық негізгі мағынасы.
1
Фразеологиялық байлаулы мағына мен синтаксистік шартты мағына.
2
Метафора және оның мағыналары.
4
Ауыспалы мағына оның түрлері мен жасалуы.
3
Метонимия. Синекдоха. Эпитет
5
ЖОСПАР:
Сөздің атауыштық негізгі мағынасы.
Мысалы, тау, тас, өзен, көл, боран, жел деген заттық ұғымдар жеке-жеке аталып, бірден атауыштық мағыналарға ие болып тұр.
Атауыш мағына әр заттың өз алдына дербес мағынасы болып табылады, сол арқылы біз заттарды бір-бірінен айыра білеміз.
Мысалы, қысыр деген сөз төлдемейтін, бойдақ деген езінің тура мағынасында қысыр бие, қысыр сиыр, қысыр мап деп бірқыдыру сөзбен емін-еркін айтыла береді. Ал қысыр сөз деген тұрақты тіркестің құрамындағы қысыр деген сөз бос, мәнсіз деген мағынаны білдіріп, атауыш (еркін) мағынада емес, Фразеологиялық байлаулы мағынада қолданылып тұр. Оның байлаулы мағынасы тек сөз деген сөзбен тіркескенде ғана айқындалады.
3
Сөздің белгілі ғана сөздермен тіркесу арқылы, яғни фразеологизм тіркестерде берілетін лексикалық мағынасы. Сөз өзінің атауыштық мағынасында заттар мен құбылыстарға тікелей бағытталып, қыруар сөздермен тіркесіп айтылуға өте-мөте бейім келсе, Фразеологиялық байлаулы мағынада кез келген сезбен емес, санамалы арнаулы сөздермен ғана тіркесіп қолданылады.
"Фразеологиялық байлаулы мағына мен синтаксистік шартты мағына"
Ауыспалы мағына оның түрлері мен жасалуы.
Ауыспалы мағына — сөздің қолданылуы барысында пайда болатын туынды мағынасы.
Этимологиялық тұрғыда ол негізгі (тура) мағынадан өрбиді. Ауыспалы мағынаның жасалуына бір зат пен екінші бір заттың, бір құбылыс пен тағы басқа құбылыстың форма, сыртқы түр, түс ұқсастығы, қызмет сәйкестілігі негіз болады.
“ТҮЗУ АҒАШ ҮЙГЕ ТІРЕУ, ТҮЗУ ЖІГІТ ЕЛГЕ ТІРЕУ”
КҮННІҢ КӨЗІ
АУЫР КҮНДЕР
ТЕРЕҢ БІЛІМ
МЫСАЛЫ:
Метафора (грек metaphora – ауыстыру) – троптың (құбылтудың) бір түрі.
Метафора әрдайым ауыспалы мағынада жұмсалады.
Күннің көзі малшы болып, Найзағайы қамшы болып,
Шартылдады, күркіреді,
Бес түлік мал дүркіреді
метафора бір ұғымның орнына екінші ұғым- ды қолдануды қаласа, теңеуде бір зат пен екінші заттың ұқсас жайлары алынады:
5
Метафора және оның түрлері
Метонимия
Метонимия (гр. ‘metonymіa’ – ауыстыру, қайтадан атау) – троптың (құбылтудың) бір түрі. Өзара байланысты балама ұғымдарды қолдану, құбылыс орнына оның ерекше қасиетін көрсету.
Синекдоха
Синекдоха – метонимияға жақын, өйткені синекдоха екі ұғымның іргелестігі арқылы жасалады. Мұның метонимиядан айырмашылығы мынада: метонимияда сандық айырмашылық болмайды, ал синекдохада сандық айырмашылық болады. Егер сан жағынан айырма болмаса, синекдоха болмайды.
Эпитет
Адамның не заттың, не табиғат құбылыстарының өзгеше белгілерін көрсету, олардың бейнесін оқушылардың көз алдына елестету, ой-қиялына әсер ету үшін қолданылатын көркем сөздердің бір түрін э п и т е т дейді.


МЕТОНИМИЯ. СИНЕКДОХА. ЭПИТЕТ
6
Назарларыңызға рақмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет