Қосымша әдебиеттер:
Широков Ю.М., Юдин К.П. Ядерная физика. Наука
Бокова Г.И., Тлеубергенова Г.А. Практикум по ядерной физике. – Алматы, 1974
Тлеубергенова Г.А., Оразалиев В.Н., Брузгин И.М., Қалиева К.Қ. Практику по курсу общей физике. Алматы, 1972
Рымкевич П.А. курс физики. – М.Высшая школа. 1975
Бағалау критерийі
№
|
Жұмыс түрі
|
Баға (max балл)
|
Саны
|
Қосындысы
|
1
|
Рубеждік бақылау
|
30
|
2
|
60
|
2
|
Қорытынды бақылау
|
40
|
1
|
40
|
|
Барлығы
|
|
|
100
|
Рубеждік бақылау
|
|
СӨЖ
|
а)Жеке тақырыптарды өз бетімен оқу
|
10%
|
б)Есептеу-графикалық есептерді тапсыру
|
10%
|
в) Лабораториялық жұмыстар бойынша есеп беруді дайындау
|
10%
|
СӨЖ қорытындысы
|
30%
|
Студенттердің аудиториялық жұмыс
|
а) Теориялық материалдарды оқып үйрену
|
10%
|
б) Есептерді шығару
|
10%
|
в) Лабораториялық жұмыстарды орындау
|
10%
|
САЖ қорытындысы
|
30%
|
Рубежлік бақылауды тапсыру
|
а) Коллоквиум
|
30%
|
б) Бақылау жұмысы
|
30%
|
РБТ қорытындысы
|
40%
|
РБ бойынша барлығы
|
100%
|
Қорытынды бақылау И% = (РБТ + РБ2)/2 х 0,6 + Е х 0,4
7. Оқытушы талабы. Студенттің сабаққа қатысуы міндетті түрде. Егер студент үш сабаққа қатыспаса ол емтихан тапсыруға жіберілмейді және автоматты түрде сол пәннен кредит есептелінбейді. Сабаққа кешігу немесе сабақ аяқталмастан кетіп қалу сабаққа келмеген деп есептелінеді және оны қайта орнына келтіруге болмайды. Сонымен қатар студент практикалық және зертханалық сабақтар кезіндегі белсенділік танытуға, үй жұмысы мен СӨЖ-н және т.б. орындауға міндетті.
Сабаққа кешігуге және сабақтан кетуге. Сабақ кекзінде ұялы телефонды пайдалануға. Өтірік айтуға, біреудің атын жамылуға, тапсырмаларды уақытында орындамауға тиым салынады. Осы ережелерді орындамау оқытушы талабының бұзылғаны болып табылады.
СӨЖ тапсырмалары 1-2 және 8-9 апталарда беріледі. СӨЖ тапсырмаларын қабылдау 7 және 15апталарға дейін. Берілген уақыттан кеш тапсырған студенттің тапсырмалары қабылданбайды.
ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ
1-дәріс. Атомның ядролық моделі. Резерфорд тәжірибелері. Резерфорд формуласы. Ядро зарядын анықтау. Атомның планетерлық моделінің классикалық физика көріністерімен үйлесуі.
1 .1. Атомның ядролық моделі
20 ғ. бас кезінде атомның шын бар екендігі ешқандай күмәнсіз жалпылай мойындалды. Атомдар реттік шамасы 10-10 м болатын электрлік жүйе құрайтындығы тағайындалды. Енді күн тәртібіне атом құрылымы қандай деген мәселе қойылды. Атом құрылысы туралы бірқатар пікірлер айтылды; атомның модельдері ұсынылды.
Томсон модель. Осы модельге сәйкес атомның оң заряды сфера тәрізді атомды біркелкі толтырып тұруға тиіс, ал оның ішінде нүктелік теріс зарядтар электрондар атом бүтіндей бейтарап болатындай мөлшерлде сфераның әр жерінде орналасқан болады.
1.2. Резерфорд тәжірибелері
Томсон моделіндегі қайшылықтарды атом қойнауын әйтеуір бір амалмен тікелей барлап қарау арқылы шешуге болатын еді. Міне осындай тәжірибені ағылшын физигі Э.Резерфорд (1871-1937) және оның шәкіртері Г.Гейгер, Э.Марсден жүргізді (1909-1910 ж.ж.). Тәжірибелер Томсон моделін келісімсіздігін көрсетті. Осы тәжірибелер нәтижелеріне сүйеніп Э.Резерфорд атомның жаңа ядролық моделін ұсынды (1911). Атомның бұл моделінің шығуы α-бөлшектері көмегімен жүргізілген мынандай тәжірибелерге негізделген болатын.
α-бөлшектердің басым көпшілігі фольгадан негізінен бос кеңістіктен өткендей түзу сызықты жолынан ауытқымай өтетіндігі байқалған. Мәселен, қалыңдығы 4·10-7м алтын фольгадан өткенде α-бөлшектердің көпшілігі түзу сызықты жолдан 1° – 2° -тан аспайтын θ бұрыштарғы ауытқыған. Бастапқы қозғалыс бағытынан аутқыган α-бөлшектерге келсек, өте үлкен бұрыштарға кейде 180°-қа дейінгі бұрышқа аздаған ғана α-бөлшектер шашырайды. 8000 α-бөлшектің біреуі 180°-қа бұрылып, кері серпілегн. Резерфордтың пікірі бойынша бұл оң зарядталған α-бөлшектер кеңістіктің өте кішкентай аймағында шоғырланған ауыр оң зарядтың тебуіне душар болған жағдайда ғана мүмкін болады (1.3 сурет).
Резерфорд былай ұйғарды: атом өте кішкентай бірақ ауыр оң зарядталған ядродан (мұнда атом массасының 99,9 % шоғырланған) және оны қайсыбір қашықтықта қоршаған электрондардан тұрады. Электрондар ядроны айналып қозғалуы тиіс болды (күнді айналатын планеталар сияқты). Өйткені егер олар тыныштықта болса онда электрлік кулондық тарту әсерінен ядроға құлаған болар еді. Резерфордтың бағалауы бойынша ядро мөлшерінің реттік шамасы 10-15 – 10-11 м болуы тиіс. Атом құрылысының осындай моделі планетарлық немесе ядролық модель деп аталады.
Массасы m α-бөлшек нысаналық қашықтығы нөлге тең жағдайда ядроға тура ұшып келеді деп айталық. Энергияның сақталу заңы бойынша ядромен ең көп жақындағанда α-бөлшектің кинетикалық энергиясы бұлардың электростатикалық әсерлесуінің потенциалдық энергиясына ауысады да α-бөлшек қас-қағым сәтте тоқтайды.
(1.1)
Мұндағы - ядродан алыстағы α-бөлшектің бастапқы жылдамдығы. Ra-C радиактивті атомдар шығаратын α-бөлшектер үшін = 1,9·107м/с. Алтын (z = 79) үшін (1.1)формула арқылы d-ны анықтауға болады.
(1.1)
Достарыңызбен бөлісу: |