Семей 2014 Мазмұны



бет54/66
Дата17.12.2021
өлшемі1,28 Mb.
#102002
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   66
Байланысты:
Атомная физика оч класснаяяяяяяяяя (1)

классификацияланады.

Тарихта алғаш рет Резерфорд азот ядросын α-бөлшектермен атқылау арқылы ядролық реакцияны жүзеге асырады:



12.2.нейтрондардың әсерінен болатын ядролық реакциялар

Жылдамдығына (энергиясына) байланысты нейтрондарды баяу және шапшан деп бөледі:





Баяу нейтрондар:
Ультрасуық (≤10-7 эВ)

Өте суық (10-7÷10-4 эВ)

Суық (10-4÷10-3 эВ)

Жылы (10-3÷ 0.5эВ)

Резонанстық (0.5÷104 эВ)


Шапшаң нейтрондар
шапшаң (104÷108 эВ)

жоғары энергия (108÷1010 эВ)

релятивистік (≥1010эВ)



Баяулататын зарядтарда (графит, ауыр су D2O, HDO, бериллий қоспалары) шапшаң нейтрондар ядрода шашырайды және олардың энергиясы баяулатқыш зат атомдарының жылулық қозалыс энергиясына айналады.

Баяу нейтрондарядролық реакцияны қоздыру үшін тиімді, себебі олар атомдық ядроның жанында ұзақ бола алады, сондықтан ядроның нейтронды қармап алу ықтималдылығы өте үлкен.

Баяу нейтрондар үшін ядрода серпімді шашырау ((n,n)түріндегі реакция) және радиациялық қармау ((n,γ)түріндегі реакция) тән. (n,γ) түріндегі реакция кезінде бастапқы заттың жаңа изотопы түзіледі.




мысалы, кадмий изотпының түзілуі
Жылулық нейтрондардың әсерінен жеңіл ядрода протон және α-бөлшекті шығара отырып нейтронды қармап алу реакциясы байқалады ((n, р) және (n, α)түріндегі реакциялар):

Негізінен (n, p)және (n, α)түріндегі реакциялар шапшаң нейтрондардың әсерінен жүреді, өйткені бұл жағдайда протондар мен α-бөлшектердің ұшып шығуына кедергі жасайтын потенциалды тосқауылдан өтуге энергия жеткілікті.

Шапшаң нейтрондар үшін (n, n`)серпімсіз шашырау байқалады:


* + `
мұндағы ядродан ұшып шыққан ` нейтронның энергиясы ядроға келе жатқан нейтронның энергисынан аз болады, ал нейтроны ұшып шыққан ядро * қозған күйде қалады, сондықтан оның қалыпқы күйге көшуі γ-кванты шығарумен ілесе жүреді.

Электрондар энергиясы 10 МэВ-қа жеткен кезде (n, )түріндегі реакция мүмкін болады. Мысалы:


реакция нәтижесінде β-- активті изотоп түзіледі, ол мына схема бойынша ыдырайды:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет