13.2. Бөлінудің тізбекті реакциясы
Бөліну реакциясында пайда болған лездікнейтрондардың әрқайсысы бөлінетін заттың көршілес ядросымен әсерлесіп, онда бөліну реакциясын тудырады.
Осы кезде өліну актісінің саны тасқын тәрізді өседі де бөлінудің тізбекті реакцияны тудыратын бөлшектер осы реакцияның өнімі ретінде түзілетін ядролық реакциялар басталды.
Көбейетін нейтрондардың болуы тізбекті реакциясының пайда болу шарты болып табылады.
Көбейетін нейтрондардың коэффициентіk реакциясының қандай да бір звеносында пайда болған нейтрондар санынң алдындағы звенодағы осындай нейтрондардың санына қатынасын айдаты.
Тізбекті реакциянын дамуының қажетті шартыk>1. Мұндай реакция өсетін реакция деп аталады.k=1 кезінде өзін демейтін реакция жүреді.k<1 кезінде өшетін реакция жүреді.
Екінші нейтрондардың қандай-да бір бөлігі тізбекті реакцияны демеуге қатыспайды бөлінбейтін қоспаға қармалады, ядроға қармалай реакция зонасынан шығып кетеді, серпімсіз шашырау процеінде энергиясын жоғалтады және т.б.
Сондықтан, көбею коэффиенцеті бөлінетін заттың табиғатына тәуелді, ал берілген изотоп үшін оның санына, тізбекті реакция өтетін кеңістіктің- активті зонаның өлшемі мен пішініне тәуелді болады.
Тізбекті реакцияны жүзеге асыруға мумкін болатын активті зонаның минимал өлшемдері критикалық өлшемдер деп аталады.
Критикалық өлшемдер жүйесінде орнкаласқан бөлінетін заттың минимал массасы критикалық масса деп аталады.
Тізбекті реакциялар басқарылатын және басқарылмайтын деп бөлінеді. Атомдық бомбоның жарылуы басқарылмайтын реакцияны мысалы бола алады. Баскарылатын тізбекті реакциялар ядролық реакторларда жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |