Фразеологиялық байлаулы мағына – фразеологиялық тіркес құрамындағы сөздердің тіркесіп келуі арқылы берілетін лексикалық мағынасы. Байлаулы мағынадағы сөздер шындық болмыстағы заттармен тікелей емес, жанама түрде байланысады. Мысалы: қасқа сөзі малдың маңдайында болатын, ұзынша келген ақ түсті жолақ деген мағынада айтылса, тұрақты тіркестің құрамында қасқа бас - маңдай шашы жоқ адам; қасқа тіс – малдың алдыңғы төрт тісі деген мағынаны білдіреді. Сол сияқты қасқа жол, қасқа бұлақ деген тұрақты тіркес құрамында ауыспалы мағынаға ие болады.