Семей қаласы Шәкәрім атындағы
мемлекеттік университетінің
І курс КЯ-903с тобының
студент-машыққкері
Нұрбек Данаға
Мінездеме
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Қазақ филологиясы» факультетінің студенті Нұрбек Дана Нұрбекқызы 2020 жылдың 03.02-23.02 аралығында «Т.Аманов атындағы №16 ЖОББМ» КММ педагогикалық іс-тәжірибеден өтті.
Іс-тәжірибе барысында Нұрбек Дана 9 «А» сыныбына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен жаңартылған білім мазмұны негізінде сабақ өткізді. Машықкер іс-тәжірибе барысында кәсіби құзыретті, педагогикалық-психологиялық біліммен толыққанды даяр екендігін көрсетті. Әр сабаққа мұқият дайындықпен, оқушылардың коммуникативті құзыреттіліктерін арттыруға арналған тапсырмалар даярлап, оқушылардың сауаттылығын арттыру үшін жұмыстар жүргізді. Сабақ барысында әр оқушының сөйлеу тілімен жұмыс жасап, сөйлеу мәнеріне ерекше мән берді. Сабақта сын тұрғысынан ойлау, дамыта оқыту, деңгейлеп оқыту технологиясы, ойын технологияларының элементтерін оқыту барысында үйлестіре қолдана білді. Машыққкер жаңа мазмұнға сай оқушылардың сыни көзқарастарын, еркін пікір алаңын құру үшін «Рөлдік ойын», «Қос шеңбер», «Сандар сөйлейді», «Болжау», «Тілдер үйірмесі» стратегияларын пайдаланды.
Нұрбек Данаға оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруға 9 «А» сыныбы бекітілді. Өзіне бекітілген сыныптың жұмысымен танысып, тәрбиелік шараларды өткізді. Іс-тәжірибе барысында Нұрбек Дана мектеп оқушыларымен, мектеп әкімшілігімен, пән мұғалімдерімен кәсіби қарым-қатынас ортасын құра білді. Болашақ кәсіби дайындалған жас маман. Өз ісіне тиянақты, мінезі ашық, қоғаммен тез тіл табысып, өз пікірін ортаға салып, қорғай алады.
Нұрбек Дана Нұрбекқызының педагогикалық іс-тәжірибесі 98%«өте жақсы» деп бағаланды.
Мектеп директоры: Құрманғалиева Б.Қ.
Директордың оқу ісі жөніндегі
орынбасары Т.А.Алиева
Пән мұғалімі: Есенова Ж.Е.
Достарыңызбен бөлісу: |