Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты


Абай ғылым, білім, өнер жайын сөз еткенде, ең алдымен



бет39/81
Дата22.12.2021
өлшемі2,36 Mb.
#705
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   81
Абай ғылым, білім, өнер жайын сөз еткенде, ең алдымен сауданың тегін білетін өзбек, татар жұртын, өнер ғылымның жолын қуған орыс жұртын үлгі етеді. «хикмет те, өнер де, мал да, ғылым да – бәрі орыста тұр. Залалынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, өнерін білген кісі онымен бірдейлік дағуасына енеді... Орыстың ғылымы, өнері- дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі»-дейді. («Жиырма бесінші» сөзі)

Абайдың көптеген өлеңдеріндегі сияқты қара сөздерінде нақыл, мақал-мәтелге айналып кеткен айшықты сөз тіркестері жиі кездеседі.

Мәселен, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Бақпен асқан патшадан, мимен асқан қара артық», «Қайғысыздан сақ бол, қайғылыға жақ бол», «Қайратсыз ашу- тұл, тұрлаусыз ғашық- тұл, шәкіртсіз ғалым- тұл». Абай еңбектің адам баласының игілігі үшін аса қажетті іс-әрекет екенін айта келіп, оны жоғары адамгершілік қасиетпен байланыстыра қарастырады. Мәселен, ол: «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. Адамгершіліктің қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың», «Әкесінің баласы- адамның дұшпаны, адамның баласы- бауырың»- деп бүкіл адам баласын сүю, халыққа, көпке пайдасын тигізу сияқты ұлы гуманистік қасиеттерді дәріптейді. Абайдың қара сөздеріндегі еңбек, ғылым, адамгершілік, әділдік, т.б. туралы озат ой- пікірлер оның ағартушылық, демократиялық көзқарасын айқындай түседі.



«Қара сөздер » Абайдың соңғы туындылары қатарына жатады. Себебі 1900-1904 жылдары арасында жүрек ауруының асқынуы салдарынан ұлы ойшыл өндіріп көп еңбек жаза алмаған. Сөйтіп, ол 1904 жылы 23 маусымда 59 жасында дүниеден қайтты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет