Семестрлік жұмыс Пәні: Жер кадастры Тақырыбы



бет2/6
Дата26.04.2023
өлшемі420,54 Kb.
#175463
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Семестірлік жұмыс Сартай Асылзат кд 21-13

II. Негізгі бөлім


2.1 Жер кадастрлық істің құқықтық бөлімі.
Мемлекеттік органның, ұйымның, лауазымды тұлғаның немесе азаматтың бір мәселені шешуді өкілетті органнан не тұлғадан ресми түрде өтініш сұрауы немесе ол жөнінде ұсынысы. Өтініш жасау – процеске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың маңызды кепілі болып табылады. Өтінішті жер пайдаланушы жеке тұлға аудан әкімінің атына жазады. Жер учаскесін жеке меншікке алудың бірінші қадамы әкімдікке жеке басты куәландыратын құжаттың түпнұсқасы және көшірмесімен бару болып табылады. Жер учаскесін қайда алғыңыз келетіне байланысты тиісті әкімдікке жүгіну қажет.
Егер сіз Қазақстан Республикасының азаматы және жер учаскесін алуға қызығушылық танытсаңыз, онда сізге жер учаскесін әкімдікке ұсыну туралы өтініш беру керек. Өтініште:
• жер учаскесін пайдалану мақсаты.Жеке тұрғын үй құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты ( соның ішінде үй жайы маңында және жер үлестері), бақша шаруашылығы, саяжай құрылысы немесе шаруа қожалықтарын жүргізу, басқа да мақсаттар) жүргізу үшін;
• оның болжамды мөлшерлері;
• орналасу орны (cұралатын жер учаскесінің болжамды орналасқан орны);
• жер учаскесінің пайдаланудың сұралатын құқығы (жер учаскесіндегі жеке меншік құқығы) .
• басқа жер учаскесінің болуы (болмауы) (жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, жеке тұрғын үй құрылысы, бақша шаруашылығы және саяжай құрылысы үшін).
Жеке тұрғын үй құрылысына және саяжай құрылысына немесе бақша шаруашылығына жерді алу үшін өтінішке мынадай құжаттарды қоса беру қажет:
• жеке басты куәландыратын құжат түпнұсқа және көшірме.
• азаматта жер учаскесінің болуы немесе болмауы туралы анықтама, жоғарыда аталған мақсаттар үшін ұсынылған құқықтар (жер қатынастары бойынша уәкілетті орган жеті күн ішінде береді);



«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қызылорда облысы бойынша филиалы –тіркеу және Жер кадастры бойынша Жаңақорған ауданы бөлімі




Отдел Иргизского района по регистрации и земельному кадастру – филиала некомерческого акционерного общества «Государственная корпорация «Правительство для Граждан» по Кызылординской области


Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Н.Түршеков №6 мекен-жайдан өзіндік қосалқы шаруашылығын (үй маңындағы телімді қоса алғанда) жүргізу үшін Сартай Асылзат Қанатқызына жеке меншікке берілген жер учаскесінің мемлекеттік жер кадастрын жүргізумен технологиялық байланысты сәйкестендіру құжатын дайындау



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет