Азаматша Сартай Асылзаттың жер учаскесiнiң нақты көлемiн бекiту туралы Азаматша Сартай Асылзаттың өзiндiк қосалқы шаруашылығын (үй маңындағы телiмдi қоса алғанда) жүргiзу үшiн жеке меншiк құқығына бөлiнiп берілген жер учаскесiнiң нақты көлемiн бекiту туралы құжаттарды қарай келе, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексiнiң 50 бабының 2 тармағының 1) тармақшасының және Қазақстан Республикасынық «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 1 тармағының 6) тармақшасының негiзiнде ауылдық округiнiң әкiмi ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Азаматша Сартай Асылзаттың өзiндiк қосалқы шаруашылығын (үй маңындағы телiмдi коса алғанда) жүргiзу үшiн, Қызылорда қаласы Жаңақорған ауданы Н.Түршеков көшесiнiң бойынан жеке меншік құқығына бөлiнiп берiлген, № 27 жер учаскесiнiң нақты көлемi 0,1 га болып бекiтiлсiн.
2. Жер учаскесi бөлiнедi және сервитут жоқ деп белгiленсiн.
3. Азаматша Сартай Асылзаттың «Азаматтарға арналған үкімет»Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының Қызылорда бөлiмшесiмен келiсiм-шарт негiзiнде жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын қайта дайындау, оны жылжымайтын мүлiктердi есепке алу орталығына тiркеу ұсынылсын.
Аудан әкiмi Руслан.Р