Бақылауға арналған сұрақтар:
Жылу эффектісінің қалыптасуы қалай түсіндіріледі?
Жылу эффектісі процесінің экологиялық нәтижелері қандай?
8 кредит сағат
№8 дәріс
Тақырып: Ауа және оның ғаламдық деңгейдегі өзгерістері
Дәрістің мазмұны: Жылу эффектісі мәселесі. Сульфатты аэрозольдардың атмосферадағы концентрациясы. Жанартау белсенділігінің жылу эффектісіне әсері
Дәрістің мақсаты: жылу эффектісі құбылысының ғаламдық әсері, негізгі өзгерістер түрлерін қарастыру
Негізгі сөздер: жылу эффектісі, сульфатты аэрозоль
Ортаның ластануы деп әдетте оған тән емес әр түрлі заттарды енгізу арқылы немесе сол ортадағы табиғи заттардың шектен тыс шоғырлануының (химиялық, биологиялық, физикалық) нәтижесінде пайда болатын жағымсыз жайларды түсінеді. Ластағыштар құрамы тек қана улы ғана емес, зиянсыз заттардан да түруы мүмкін. Мысалы, егістік жерді шамадан тыс суарған кезде, табиғи су да зиянды болып шығуы мүмкін.
Ластануды көбінесе экожүйені тепе-тендіктен шығаратын агент ретінде қарастыруға болады. Көп жағдайда ластануды өз орнына қойылмаған кез келген табиғи ресурс немесе оның элементі ретінде қарастырады. Ластану түрлі белгілері бойынша жіктеледі (2-кесте).
Кез келген ластағыш затты ең болмағанда үш параметрі бойынша бағалауға болады: ортаға түсу көлемі, агрессиялылығы (улылығы) және төзімділік дәрежесі. Мысалы, көмірқышқыл газының жағымсыз әсері оның ортаға көп мөлшерде түсуімен және ауада ұзақ уақыт сақталуымен себептеледі, бұның нәтижесінде оның ауадағы мөлшері көбейіп, көшетхана (парникті) эффектісіне әкеледі. Фреондар (суытқыштар) төзімділік және агрессиялылық дәрежесі бойынша атмосфераның қандай қабаттарында екендігіне байланысты түрлі категорияларға жатқызылады: жер бетінде олардың әсері селқос және ұзақ уақыт сақталады, ал олар озон қабатында - агрессиялы және айтарлықтай бұзылыстарға ұшырайды.
Әсер ету сипаты бойынша атмосфераның, Дүние жүзілік мұхит суларының, топырақтардың химиялық ластануы кеңінен таралган. Антропогенді химиялық заттар қоршаған ортаға түрлі жолдар арқылы түседі. Адам өз тұрмысында шамамен 70 мыңдай заттарды пайдаланады, оған жыл сайын 500-1000 жаңа атаулар қосылып отырады. Газды заттар атмосфераға шағарылады. Сұйық заттар жер үстілік және жер астылық су объектілеріне төгіледі, қатты заттар — арнайы аландарға қатпарланады немесе жер қатқабатына көміледі, ауыл шаруашылығында тыңайтқыштар мен улыхимикаттар (пестицидтер) пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |