Бақылауға арналған сұрақтар:
1. Негізі жылулық газдарды атаңыз?
2. Киота хаттамасының негізгі мақсаты қандай?
5 апта
9 кредит сағат
№9 дәріс
Тақырып: Су айналымының бұзылуы және экологиялық нәтижелері
Дәрістің мазмұны: Жер бетіндегі тіршілікті сақтаудағы дүниежүзілік су айналымының ролі. Су ресурстарының сандық азаю және сапасының кемуі мәселесі
Дәрістің мақсаты:су айналымының ғаламшардағы ролін анықтап, оның ластануының түрлерін қарастыру
Негізгі сөздер: су ресурсы, тұщы су
Ауаның ластануына "негізгі үлесті" қара және түсті металлургия, химия және мұнай химиясы, құрылыс индустриясы, энергетика, целлюлозды-қағаз өнеркәсібі, автотранспорт кәсіпорындары қосуда. Бұл өңдіріс орындары ластанудың жоғарғы деңгейін экологиялық қауіпті заттардың: бенз(а)пиреннің, формальдегидтің, аммиактың, күкіртсутектің және т.б. атмосфераға көп шығарумен жасап тұр. 1996 ж Қазақстан бойынша тек қана автотранспорттың ауаға қорғасынды, көміртек тотығын және формальдегидті шығаруы 786.2 мың т. жетті.
Әсіресе ірі қалалардағы өнеркәсіп орындарының ауаны ластауы аса өткір проблема болып тұр. Ресейдің 63 миллион адам тұратын (халықтың 42 %-ы) 200-ден астам қалаларында орташа жылдық шоғырланулар шектеулі рұқсат' етілген көлемнен (ШРК) асып кетеді. Қазақстанның негізгі өндірісті қалаларының ауа бассейіндеріне жыл сайын 3 млн.т. ластаушы заттар шығарылады. 2000 жылғы өлшемдер бойынша ауадағы улы заттар көлемінің ең жоғары мөлшерлері мына қалаларда - Өскеменде, Балхашта, Шымкентте, Павлодарда, Жезқазғанда және Теміртауда байқалды. 2002 жылы Қазақстан өкіметі "атмосфералық ауаны қорғау " заңын қабылдады.
Достарыңызбен бөлісу: |