Семинар -15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 45 сағат СӨЖ 45 сағат



бет47/99
Дата04.10.2020
өлшемі0,9 Mb.
#63899
түріСеминар
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   99
Бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Құрлық суларын ластаушылардың топтары қандай?

  2. Өндірістік орындардан құрлық суларына түсетін ластаушылар топтары?



10 кредит сағат

10 дәріс



Тақырып: Су айналымының бұзылуы және экологиялық нәтижелері

Дәрістің мазмұны: Қазіргі таңдағы су пайдалану мәселесі .Тұщы су мәселесі. Суқоймалардың өнеркәсіптік және ағынды сулармен ластану мәселесі

Дәрістің мақсаты: су айналымының бұзылуының негізгі нәтижелері

Негізгі сөздер: су көздері

Адамның тіршілік етуін қамтамасыз ететін сулы ортаның ластануының мәнін бағалау өте қиын. Шамамен 1 млрд. адам таза ауыз сумен қамтамасыз етілмеген; 1,7 млрд. адамның санитария құралдары жоқ, ал судың жетіспеуі мен антисанитариядан жылына 2-3 млн. бала өледі.

Ресейгидромет мониторингінің мәліметтері бойынша су объектілерінің басым бөлігіндегі (1363 су объектілерін қамтқиды) судың сапасы нормативті талаптарға сай келмейді. Негізгі өзендер: Волга, Дон, Кубань, Обь, Енисей, Лена, Печора "ластанған", олардың ірі салалары: Ока, Кама, Томь, Ертіс, Тобол, Миасс, Исеть, Тура "аса ластанған" деп бағаланған. Қазақстанның аса ластанған өзендеріне Жайық, Сырдарья және Ертіс жатады.

Осындай жағдайлар Әлемдік мұхит суларына да тән болып тұр. Әлемдік мұхит суларының ластануында ең үлкен үлес мұнайлы ластануда болып тұр. Теңіз суларының мұнаймен ластануында ең үлкен үлесті жағалаулық өндіріс өнеркәсіптері, содан кейін теңіз асты жұмыстарын жасап отыр. Өнеркәсіптік қалдықтар мен ағынды сулар мұнайлы ластанудың 60.8% құрап тұр, мұнай терминалдары мен мұнай өндеу заводтарының ластаулары 1.2% құраса, теңіздегі мұнай-газ қондырғылары, платформалар мен скважиналар ластаулары - 2.1%-ті, су транспортындағы танкерлер ластаулары — 11.3%-ті, су транспортындағы басқа ластаулар — 14.4%-ті құрап отыр.

Теңіз суына түскен мұнай өнімдері су экожүйесінің тамақтық тізбегіне кіреді (балықтар арқылы) және олар бұл жүйеге жағымсыз әсерлер жасайды: балдырлардың фотосинтезін нашарлатады, теңіз жәндіктерінің хеморецепторлық реакцияларын, олардың репродуктивтік және тамақтық функцияларын бұзады.

Қоршаған ортаны өте зиянды ластаушы қатарына радиоактивті ластау жатады. Бұл ластанудың негізгі көздеріне ядролық қаруды жару, атом электростанциялары мен атом өндірістеріндегі авариялар, радиоактивті қалдықтар жатады. Ядролық жарылыс пен авария кезіндегі сәулелену көздері болып радиоактивті элементтердің бөліну өнімдері, бағытталған нейтрондық белсенділік, трансурандық элементтер және тритий болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет