Семинар -15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 45 сағат СӨЖ 45 сағат



бет54/99
Дата04.10.2020
өлшемі0,9 Mb.
#63899
түріСеминар
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   99
Бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Тропикалық ормандардың жойылу себептері қандай?

  2. Ормандардың жойылуының негізгі себептері қандай?



9 апта

17 кредит сағат

17 дәріс



Тақырып: Биологиялық алуантүрлілік мәселесі

Дәрістің мазмұны: Орман ресурстарының қысқаруы және оның табиғатқа әсері.

Дәрістің мақсаты: биоалуатүрліліктің азаюының табиғатқа әсерін бағалау

Негізгі сөздер:

Табиғи ресурстардың таусылуы негізгі ғаламдық экологиялық проблемалардың біріне жатады. Табиғи ресурстар - бұл адамдар қолданатын барлық табиғи материалдық және энергетикалық ресурстар. Көп жағдайда біз бұлардың тек қана адамдардың ғана емес, жалпы тірі табиғаттың да ресурстары екенін ұмытып кетеміз.

Табиғи ресурстардың бірнеше классификациясы бар.

Табиғи классификация ресурстардың табиғи орта компоненттары бойынша бөлінуіне негізделген: жерлік, минералдық, сулық, климаттық, өсімдіктік, жануарлық әлем және т.б.

Шаруашылықтық классификация өндірістік тұрғыға байланысты: жанармай-энергетикалық комплекс ресурсы, металлургиялық, химиялық өнеркәсіптік, ауылшаруашылықтық және т.б.

Экологиялық-экономиялык, көзқарас тұрғысынан таусылу белгісі бойынша классификация маңызды. Сонымен табиғи ресурстарды таусылатын және таусылмайтын ресурстар деп бөлуге болады.

Таусылатын ресурстарға жақын арада немесе болашақта таусылуы мүмкін ресурстар жатады. Бүған ең бірінші жер қойнауы ресурстары мен тірі табиғат ресурстарын жатқызамыз. Негізінде ресурстардың таусылуын бірнеше мағынада түсінуге болады. Жалпы ресурсты өндіру мен қолдану экономикалық тұрғыдан түсімсіз болған кезде, оны таусылатын ресурстар қатарына жатқызады. Көп жағдайда ресурстардың таусылуы технологияның даму деңгейіне, өндіріс мәдениетіне және т.б. байланысты келеді. Мысалы, мұнай қойнауынан барлық мұнайдың 30%-ке жуығы алынса, ол жағдайда бұл ресурс таусылды деп есептеуге болады, бірақ та алдыңғы қатардағы технологияларды қолдана отырып бұл орыннан 60-70% дейін мұнай өндіруге болады екен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет