Бақылауға арналған сұрақтар:
Табиғат ресурстарының экономикалық жіктелуі
Табиғат ресурсатының азаюы және оның сақтаудағы шаралар?
20 кредит сағат
№20 дәріс
Тақырып: Табиғат ресурстарының таусылуы және қатты, қауіпті қалдықтар мәселесі
Дәрістің мазмұны: Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу мәселесі. Өнеркәсіп қалдықтарын қайта өңдеу мәселесі.
Дәрістің мақсаты:
Негізгі сөздер:
Өндірістік қалдықтарды қатты және сұйық қалдыктарға бөледі. Қатты қалдықтарға металдардың, ағаштардың, пластмассалардың, өндіріс өнімдерінің қалдықтары жатады. Сұйық қалдықтарға ағынды суларды тазартқаннан кейін қалатын тұнбалар, газдарды ылғалдық әдіспен тазартқан кезде қалатын минералды және органикалық шаңдар қалдықтары жатады.
Қауіпті қалдықтарға ауылшаруашылығында кең түрде қолданылатын улыхимикаттар, құрамында канцерогенді және улы заттар бар өнеркәсіп қалдықтары жатады.
Статистикалық деректер бойынша Ресей мемлекетінің территориясында 80 млрд.т. жуық қалдықтар жинақталған, олардың мөлшері жыл сайын өсіп келеді. Тек қана Свердлов облысында қалдықтар көлемі 35 млрд.т. құрайды екен. Бұл аймақта жыл сайын 160 млн. т., оның ішінде 11 млн.т. улы қалдықтар түзіледі. Сондықтан да қалдықтардың мұншама көптігі қоршаған ортаның өте ластануына әкеліп, адам денсаулығына зиянын тигізуде
Достарыңызбен бөлісу: |