Семинар №1. Тақырыбы: «Қазақстан тарихы»


Семинар №5. Тақырыбы: Ұлы дала Қазақ хандығы кезеңінде (



бет5/15
Дата09.09.2023
өлшемі58,37 Kb.
#180558
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Практикалық сабақтар
Дәрістер, Инструкция к экзамену каз1
Семинар №5.
Тақырыбы: Ұлы дала Қазақ хандығы кезеңінде (XV-XVIІІ ғғ.).
Мақсаты:
1. Қазақ халқының қалыптасуы, «Қазақ» этнонимі, Қазақ жүздері туралы білім мен түсінік қалыптастыру;
2. XV – XVI ғғ. Қазақ хандығының тарихын қарастырып, тағылым алу;
3. XVII – XVIII ғ. бас кезіндегі Қазақ хандығының тарихын талдау;
4. XIV – XVIII ғ. бас кезіндегі Қазақстан мәдениетін бағалау.
Әдістемелік ұсыныстар:
1. Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі. Қазақ жүздері. Қазақ халқы қалыптасуының тарихи алғышарттары. Қазақстан аумағындағы этникалық үдерістер. Монғолдар үстемдігі кезеңінен кейінгі халықтың қалыптасуы. Этникалық аумағының және бірыңғай тілдің қалыптасуы. Шаруашылықтың, материалдық және рухани мәдениеттің ортақтығы. Мемлекеттің құрылу факторы және оның этникалық үдеріске ықпалы. «Өзбек» және «қазақ» ұғымдарының арақатынасы. «Қазақ» терминінің әлеуметтік, этникалық мәні мен мазмұны. Қазақ жүздерінің қалыптасуына этносаяси және шаруашылық факторлардың әсері. Ұлы, Орта және Кіші жүздердің пайда болуы.
2. XV-XVI ғғ. Қазақ хандығы. Қазақ хандығы дәуірінің кезеңделуі. Қазақ хандығының құрылуы, оның барысы және негізгі оқиғалары. Керей мен Жәнібек хандардың рөлі. Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызы.
Қазақ хандығының күшеюі. Бұрындық хан тұсындағы Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар мен өңірлер үшін күресі және оның барысы, қорытындысы.
Қазақ хандығының XVI ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. Ру-тайпалық құрамы. Шаруашылығы: мал шаруашылығы, егіншілік, қалалары, саудасы. Сырдария жағалауындағы жерлердің саяси және экономикалық маңызы. Мұхаммед Шайбанидің Қазақ хандығына қарсы жорықтары. Шайбани ханның қаза табуы.
Моғолстанның саяси әлсіреуі, күйреуі. Қазақ хандығының Орталық Азиядағы ең күшті мемлекеттердің біріне айналуы. Жетісудың Қазақ хандығы аумағына қосылуы. Қасым хан тұсында хандық аумағының ұлғаюы. Шайбанидтердің Қазақ хандығына қарсы жорығы. XVI ғасырдың орта тұсына қарай Қазақ хандығының уақытша әлсіреу кезеңі.XVI ғасырдың екінші жартысындағы Қазақ хандығы. Тақ үшін күрестер және олардың салдары. Мамаш, Тахир хандар. Қазақ хандығының Моғолстанмен өзара қарым-қатынастары. Ахмет, Тоғым және Бұйдаш хандар. Қазақ-ноғай қатынастары.
Қазақ хандығының қайта өрлеуі. Хақназар ханның билігі. Қазақ-ноғай қатынастары. Қазақ хандығы және Мәуереннахрдағы Шайбанидтер. Қазақ хандарының Бұхара мен Сібір хандығының одағына қарсы күресі. Хақназар ханның қаза табуы. Шығай хан. Тәуекел хан, оның саясаты. Мәуереннахр аумағына жорықтардың нәтижелері. Қазақ халқының этникалық аумағы қалыптасуының аяқталуы.
3. XVII – XVIII ғ. бас кезіндегі Қазақ хандығы. XVI ғ. Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. Есім ханның Сырдария бойындағы қалалар үшін күресі. Қазақ және Бұхар хандықтары арасындағы қарым-қатынастар. Жоңғар хандығының пайда болуы, алғашқы қазақ-жоңғар қатынастары. XVII ғ. екінші жартысындағы қазақ-жонғар қатынастарының сипаттамасы. Қазақ қоғамында батырлар мен билер ықпалының өсуі. Жәнібек хан. Орбұлақ шайқасы. Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығы.
«Белгісіз жылдар» кезеңі.1652-1680 жж. Сайрам соғысы.
Тәуке ханның билікке келуі, оның саясаты. Қазақ-жоңғар қатынасында шиеленістің күшеюі. Тәуке ханның «Жеті жарғысы». Билер институты. Қазақ мемлекетінің сыртқы саясаты мен дипломатиясы: Мавераннахрмен (шейбанидтер, аштарханидтер), Иранмен байланыс, Осман империясымен байланыс орнату әрекеттері, қазақ-орыс байланыстары.
4. Қазақстан мәдениеті (XIV – XVIII ғ. басы). Қазақтардың дәстүрлі көшпелілер мәдениеті. Көшпелі шаруашылық түрлері, олардың ерекшеліктері. Еңбек құралдары. Қарулар. Қолөнер және үй кәсіпшілігі. Сауда және сауда жолдары.
Қазақ халқының рухани мәдениеті. Орталық Азия сунниттік-ханафи мектебі шеңберінде қазақ-мұсылман діни дәстүрін қалыптастыруды аяқтау. Қазақтар арасындағы Құран мен Сүннеттің беделі. Ежелгі тәңірлік жәдігерлері, Наурызды сақтау және оның көшпелі өмір салтына бейімделуі. Қазақ хандығының рухани өмірі мен идеологиясындағы Ахмет Ясауи кесенесі мен қасиетті Түркістан қаласының рөлі.
Поэзия мен шешендікке табыну, қазақтардың ауызша-вербальды мұрасы.
Қазақстанның қалалық мәдениеті. Қала мен даланың өзара байланысы. Қазақстанның түрлі аймақтарындағы қалалардың құрылымы.
Тарихты ауызша айту, оның ерекшеліктері мен маңызы. Жазбаша тарихнама, Мұхаммед Хайдар Дулатидың, Қадырғали Қасымұлы Жалайыридің аса көрнекті еңбектерінің маңызы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет