Семинар №1. Тақырыбы: «Қазақстан тарихы»



бет14/15
Дата09.09.2023
өлшемі58,37 Kb.
#180558
түріСеминар
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Практикалық сабақтар

Семинар №13.
Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстанның рухани-мәдени дамуы.
Мақсаты:
1. Қазақстандағы діни сенім еркіндігі туралы білім қалыптастыру;
2. Мәдениетті қолдау және «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы туралы түсінік қалыптастыру;
3. Ұлы дала халқының жаңа тарихи сана мен дүниетанымын қалыптастыру процесін қарастырып, тағылым алу;
4. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының тарихи бастаулары мен құндылықтарына талдау жасау;
5. «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларының маңызы мен рөлін бағалау.
Әдістемелік ұсыныстар:
1. Қазақстандағы діни сенім еркіндігі. Қазіргі Қазақстан территориясына ислам дінінің енуі. Ислам – Қарахандар империясының мемлекеттік діні. Ислам дінін Алтын Орданың мемлекеттік дін ретінде қабылдауы. ХІV-XVI ғғ. ислам дінінің одан әрі таралуы және нығаюы. Отарлық кезеңдегі ислам мәдениетінің жағдайы. Кеңестік Қазақстандағы Ислам. Ислам мәдениетінің тәуелсіз Қазақстандағы дамуы. Қазақстандағы католиктік, протестанттық діндер. Қазақстандағы будда діні. Қазақстандағы иудаизм.
ҚР діни сенім бостандығы – демократиялық қоғамның қызметіне қажетті шарт. Қазіргі Қазақстан территориясындағы діндердің бейбітшілікте қатар өмір сүруі. ҚР «Діни сенім мен діни бірлестіктірдің бостандығы туралы» Заңы – діни сенім бостандығы қағидаттарын заңды тұрғыда бекітілуі. Демократиялық және зайырлы мемлекет құру. Астанада әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съездерінің өткізілуі.
Діни экстремизмге қарсы күрес. Қазақстан жастарын патриоттық тәрбиелеу – мемлекеттік жастар саясатының маңызды бөлігі. ҚР тұрғындарын жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу мемлекеттік бағдарламасы.
2. Мәдениетті қолдау және «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламаларының іске асырылуы. Қазақ мәдениеті мен Қазақстанда тұрып жатқан этностардың мәдениет пен дәстүрінің одан әрі даму жолындағы қиыншылықтары. Мәдениетті қолдау мемлекеттік бағдарламасы. Халықаралық фестивальдер мен байқаулар, басқа да мәдени-бұқаралық іс-шаралар. Көне наурыз мейрамының және суырып салма айтыс өнерінің қайта жаңғыруы. Әлеуметтік-мәдени саладағы реформалар. 1998-2000 жж. мәдениетті қолдау мемлекеттік бағдарламасы. 2000 жылдың «Мәдениетті қолдау жылы» деп жариялануы. Әдебиет пен өнердің дамуы.
Қазақстанның музыкалық мұра жобасы «Асыл мұраның» презентациясы.
Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының қабылдануы, оның дамуы, жетістіктері мен нәтижелері. Мәдени-тарихи ескерткіштердің қайта жаңғыруы, Қазақстанда және басқа да елдерде археологиялық зерттеудің жүргізілуі. Қазақстандық ескерткіштердің ЮНЕСКО-ның әлемдік мәдени мұра тізіміне енуі. Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның кино өнері. Халықаралық кинофестивальдердің өткізілуі. Жаһандық өзгерістердің мәдени салаға әсері және ұлттық мәдениет сақтау және дамыту міндеттері.
3. Ұлы дала халқының жаңа тарихи сана мен дүниетанымын қалыптастыру. Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың 1999 ж. «Тарих толқынында» атты еңбегінде ұлттық тарихты зерделеуі. Өткеннің іргелі сабақтарына, тарих тағлымына көңіл аудару, қазақ халқынының жүріп өткен тарихи жолына ой жүгірту. Рухани мұра дамуының проблемаларын қарастыру. ҚР тәуелсіздік кезеңіндегі оқиғаларды салиқалы сараптау.
««Халық тарих толқынында» арнайы тарихи зерттеулер бағдарламасы. Бағдарламаның негізгі мақсаты – тарихи білімнің зор әлеуетін қазақстандықтардың жаңа буынын отансүйгіштікке тәрбиелеуге және ұлттық жаңа тарихи сана мен дүниетанымын қалыптастыруға пайдалану.
Ұлттық тарихтың қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы баға жетпес рөлі. Ұлттық тарихтың қағидаттары – қоғамды біріктіру, көрші елдермен достық пен татулықта өмір сүру.
Қазақстандық патриотизмнің қайнарлары – ірі тарихи оқиғалар, тарихи тұлғалардың қызметі мен мұрасы.
Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «Тәуелсіздік толғауы» атты 2014 ж. 15 желтоқсанындағы сөйлеген сөзінің маңызы. Жаңа Қазақстан – ол ұлы істердің ұйтқысы болған Ұлы Дала мұрагері.
Қазақ хандығының 550 жылдығының мемлекеттік дәрежеде мерекеленуінің жаңа қоғамдық сананы қалыптастырудағы маңызы.
Қазақстан Республикасы қазіргі Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласының тарихи маңызы.
4. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы. «Мәңгілік ел» идеясының жариялануы. «Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері. «Мәңгілік ел» идеясының мақсаты. «Мәңгілік ел» идеясының 7 басты құндылықтары: Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астанасы; Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім; Зайырлы қоғам және жоғары руханият; Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім; Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы; Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы; Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыда қатысуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет