Бақылауды ұйымдастырудың жекелеген әдістемелік мәселелері жайында М.Р.Львов, Н.Н.Светловский, А.П.Пышкало, Т.Л. Коган және т.б. теориялық талдау жасаған.
Бағалаудың да қызметі үш топқа бөлінеді:
хабарлаушылық (ниформирующие),
басқарушылық (управляющие),
тәрбиелеушілік (воспитывающие).
Білім, білік, дағдыны бақылаудың түрлері
Педагогика ғылымы саласында білім, білік, дағдыны бақылаудың көптеген түрлері кең тараған.
Ю.К. Бабанский, Н.А. Сорокин бақылауды күнделікті, оқтын–оқтын, қорытынды деген.
Г.И. Щукина – күнделікті, тақырыптыќ, оқтын–оқтын, қорытынды және емтихан.
Е.А. Дмитриев – күнделікті, тақырыптық және қорытынды, нәтижесі деген.
орта білім берудің жеке деңгейлерінің аяқталуынан кейін оқушылардың академиялық білімдерін (МАБ) мемлекетаралық бақылау,
орта білім мектептерінің түлектеріне арналған “Бірыңғай Ұлттық Тестілеу”(БҰТ)
ҰБТ (Ұлттық Бірыңғай Тестілеу) мен бағдарлы оқыту енгізілуіне байланысты бұл Қазақстанда да қолданысқа кіргізілмекші. Ол туралы 12 жылдық оқытуға арналған жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының негізгі ережесінде көрсетілген.
Онда оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың мұндай түрлері енгізіледі : сыртқы баға, ішкі баға және портфолио.
Портфолионың құрамына :
-реферат; -пікірлер; -зерттеу жұмыстары, жобалар мен жұмыс жүргізу туралы мағлұматтар; -әр түрлі тақырыптарға жазылған баяндамалар; -шығармашылық жұмыстар; -практикалық, лаболаториялық жұмыстары туралы еcебі; -қоғамда болып жатқан құбылыстарға берген бағалары т.б. кіреді.